«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет215/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

Кемпірбай Бөгембайұлы /1834-1895/—айтыс ақыны. өз 
өмірінде талай саңлақ ақындармен сөз додасына түсіп, жең ген 
де, жеңілген де тұстары аз болмаған. Сол айтыстарының мән-


358
359
ғылыми қосымшалар
жайына қарағанда, ақынның үнемі әділдік пен шындық 
ты 
айтқанда, аталы уәжге тоқтауды жөн санағанын байқауға бола-
ды. Айтыстарының ішінде ең ұтымды да көркемі атақты ақын 
Шөжемен айтысы деуге болады. Ақынның: «Кеудемнен көк 
ала үйрек қош деп ұшты, шіркін, сол кәрі жолдас өлең білем» 
деуіне қарағанда, бойындағы дарынның өзіне қонған киелі 
қасиет екенін айтып сыр шертеді.
Кенесары Қасымұлы 
/1802-1847/—қазақ жеріндегі 
1837-47 жыл 
дар аралығындағы ұлт-азаттық көтерілісінің 
қолбасшысы, қазақтың соңғы ханы. Абылай ханның немересі 
Кенесарының негізгі мақсаты—Абылай хан тұсындағы Қазақ 
хандығының территориялық тұтастығын қалпына келтіру 
еді. 1841 жылы үш жүздің өкілдерінің мақұлдауымен қазақ 
ханы болып сайланады. Кенесары бастаған әскери қимылдар 
1838 жылы Ақмола бекінісін басып алып, өртеп жіберуден ба-
сталады. Сондай-ақ Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт қамалдарын 
алады. ресей жағында күресуші қазақ сұлтандарын бірнеше 
рет ойсырата жеңеді. ресей империясы Кенесары ханның басы 
үшін қомақты бәйге тігеді. 1847 жылы қырғыздармен болған 
шайқаста қаза табады. 
Кетбұға /шамамен 1150-1225/—жырау, күйші, аңыз 
кейіп кері. орта жүз құрамындағы найман тайпасының баға-
на лы тармағынан шыққан. 14 ғасырда жазылған «Шаджарат 
әл-атрак» («Түрік шежіресі») кітаптағы деректер мен ел ауы-
зын дағы аңыздар бойынша, «Жошы хан аң аулап жүріп қаза 
тапқанда, Шыңғыс ханға қаралы хабарды жеткізуге ешкім бат-
пайды. Сонда Кетбұға бас кетер ауыр міндетті өз мойнына алып
баласы Жошының қаралы хабарын күй тілімен жеткізеді. 
«Ақсақ құлан» күйі осылай туыпты-мыс». Бүгінге Кетбұға ның 
осы күйі және күй шығарар алдындағы айтқан бірнеше жол 
өлеңі ғана жетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет