«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет64/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

121. «Телқоңыр»
(ІІ нұсқа)
Дәулеті шалқыған, елге беделі артқан бір ұлықтың төскей-
ді жайлаған қаптаған қалың жылқысының ішінде мәпелеген 
қоңыр тұлпары болыпты. Қоңыр ат қамыс құлақ, тік бақай, 
бөкен қабақ, сіңірлі, алыс адымды зор денелі аттың сұлуы 
атанады. ұлық қоңыр жүйрікті кермеге байлап сылап-сипап, 
мәпелеп күтуші қойып, түнде күзеттіріп бақтырады. Тұлпар ды 
ауыл арасында емес, ел ішінде бас қосатын ұлы дүрмекке ғана 
мініп, ру-руды қамтыған үлкен тойларда бәйгеге қосады. 
Ел ішінде жылқыға арнап тартылып жүрген күйлердің 
бір де-бірін қоңырдың жүйріктігіне тең көрмеген ұлық: «Қо-
ңыр ат тың жүрісін күйге түсірген домбырашы болса атан түйе 
жетек тетіп, ат мінгізіп, киіт кигіземін»,—деп бүкіл елге жа-
рия ша 
шады. Талай күйді тамылжыта шерткен күйшілер 
хал-қадарінше күй шығарады. Бірақ күйшілердің ойланып-
тол ғанып шығарған күйлері ұлық көңілінен шықпайды. Ел 
ішіне аңызға айналған бұл оқиғаға құлақ құрышы қанған көр-
шілес рудың ұлығы қоңыр жүйрікті ұрлап алмақ болады. Бір 
қу жігіттің қасына асқан шебер домбырашы қосып, қоңыр 
жүйрікті ұрлап әкелуге аттандырады. ұзақ жол жүріп шарша-
ған екеуі ел шетіне келгенмен мақсаттарына жете алмай дал бо-
лады. «онда не бар дейсің тәйірі! Аламыз да қайтамыз»,—деген 
ойлар құр үміттің бұлаңы болады да шығады. ұлық ордасының 


116
117
халық күйлерінің аңыздары
қасындағы кермеге байлаған қоңыр жүйрік күндіз-түні кү-
зетулі. Күндіз күтуші басы-қасынан ұзамайды. Түнде қой кү-
зеткен қыз-келіншектер айнала қоршап алақанда ұстайды. Қу 
жігіт пен домбырашы әлденеше күн торып ала алмайтында-
рына көзі жетеді. Қасындағы төмен қарап мұңайып отырған 
домбырашыға қу жігіт өзінің ойлап тапқан әдісін айтады. 
—Бөтен ел бөтен жерде бүйтіп не марқаба табамыз. Ел жа-
тып, қыз-келіншектер қой күзетіп шыққан кезде сен ауылдың 
ар жағында дөңге шығып домбыраңды шерте бер. Ет-жүректі 
елжіретіп сезімді баурап алатын тәтті күйге құмартқан қыз-
келіншектер сенің қасыңа баруы мүмкін. Жолымыз болып, 
олар сені қоршаса, әдемі күйлермен айналдыр. осы кезде мен 
күзетсіз қалған қоңырды жетектеп алып шығайын. Екеуі осы-
ған келіседі де, ел ұйқыға кеткенде бөлінеді. Қой күзетіп қы сыр 
әңгімемен таңның атуын күткен қыз-келіншектер күтпе 
ген 
жерден төгіле шығып бойды тербеп алған домбыра үніне құлақ 
түреді. Бірінен соң бірі үзіліс таппай шертілген күй даусына 
елегізген қыз-келіншектер жарыса тұрып, домбырашының 
қасына барады. Домбырашы: «Көршілес ауылдың жігітімін, 
жол қарап шығып ем, жолым болмай торыққан соң домбыра-
мен сырласып отырмын»,—дейді де, күйді шерте береді. Қо-
лайлы сәтті пайдаланған қу жігіт еппен келіп кермеде бай-
лаулы тұрған қоңыр жүйрікті жетекке алып межелі жерге 
тартады. «Енді алып үлгерген шығарсың»,—деп топшылаған 
күйші домбырасын қолына ап, қыздармен қош айтысып жолға 
түседі. Манадан тәтті күйден нәр алған қыз-келіншектер орал-
са, кермедегі қоңыр жүйрік жоқ. Маужыраған тыныш түнде 
ұзақ ұйқыда жатқан ұлық та, ауыл адамдары да «қоңыр жүйрік 
жоқ»,—деп айнала жүгіріп шулаған қыздардың дауысы мен 
оянады. «Қайтып айырылдыңдар?»—деген сұрауына қыздар 
болған оқиғаны айтып береді. 
—Домбырашы қандай күй шертті?—дейді ұлық. 
—Домбырашы мынадай күй шертті,—деп күйді ұғып алған 
бір қыз шерте жөнеледі. 
Алып қашқан ат жүрісін, сұлу шабысын суреттеген күй 
тыңдаушыларды баурап алады. Беріле тыңдап егіліп тұрған 
ұлық күй біте бергенде басын көтереді де, зор үнмен: «Қоңыр 
аттың шабысы мен сұлулығын аумаған қалпында қос шекте 
ойнатқан домбырашы бар ма еді бұл елде?! Бар болса баяғыдан 


118
күй аңыздар
қайда жүрген ол. Бұл елдің күйшісі емес. Көршілес руда бәлен 
деген төренің асқан шебер домбырашысы бар деуші еді. Мынау 
соның күйі. Атты ұрлатқан сол төре. Талай рет сұратқанда бер-
меп едім, егескен екен»,—депті де отыра кетіпті. ұлық күйініп 
аз отырады да, сенімді екі жігітін шақырып алып: 
—Атқа қоныңдар да, сол төреге барыңдар. Ат басындай жам-
бы төреге сәлемдемем. Қолекі тапсырып сәлем беріңдер. Қо ңыр 
жүйрікті сұрамаңдар, берсе, алмаңдар,—дейді. 
Төре екі жігітті құрметті қонақ етіп, ұлықтың сәлемдеме-
сін қуана алады. Екі жігіт жүрерде төре бұйымтайларын сұраса 
олар: «ұлығымыз сәлем деді», дегеннен басқа ештеңе айтпады. 
өш-араздығы, алым-берімі жоқ, бірақ қоңыр жүйріктің 
қол ды болғанына қынжылмай сәлем жолдаған ұлыққа риза 
бол ған төре, қоңыр жүйріктің қасына одан аумайтын тағы бір 
қо ңырды қосып береді де: «ұлықтарыңа сәлем де! Айыбымды 
кешкен екен, мен де аяғына жығылдым. Егіздей көрінетін екі 
қоңыр екеуімізде тұрмай, біріне-бірі сән беріп сонда тұрсын!»—
деп қос қоңырды жетектетеді.
Сөйтіп, бір қоңыр ат екеу болып оралады да, ұлықтың ор да-
сының қасындағы кермеге байланады. 
Бір-бірінен аумайтын қос қоңырдың пішініне, сымбатына, 
жүйріктігіне құмартқан күйшілер «Телқоңыр» күйін шығарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет