178
күй аңыздар
өзеннің ортасына жеткенде дарияның асау ағысы Боғданы аты-
мен бірге ағызып әкетеді. Бір жарға
соғылған аты суға кетеді
де, өзі өлдім-талдым дегенде домбырасын арқалап, жиекке
шығады. Боғда демін алып, киімін кептіріп отырып: «япыр-
май, мынау табиғаттың күші керемет құдірет екен-ау. Бұл
менің атымды ағызып алып кетті, өзім өлім аузынан қалдым.
өмірдің өзі де осы қатты ағыс сияқты емес пе?»—деп, Жем
өзенінің тасқынын, оның дүлей күшін, күймен бейнелепті. Сол
Жем суы былай ағады екен.
183. «Бозтөбе»
өткен ғасырда Қазақстанның батысында бір жылы
ашаршылық болып, мал көп қырылыпты. Ашыққан халық кү-
нелтіс іздеп, жан-жаққа кете барады.
Сол жылы Нарынның ба-
тыс жағындағы Боғда тауының етегіне қоныстанған ел де ара-
лап жүрген домбырашы Боғда, осы бір уақиғаның куәсі болып,
сол
төбенің басында отырып, «Әдірә қалған Бозтөбе» деп күй
шығарыпты. Сөйтіп, Боғданың бұл күйі кейіннен «Бозтөбе»
аталып, халық арасына кеңінен таралыпты.
Достарыңызбен бөлісу: