15. Рухани мәдениет. Рухани мәдениеттің түрлері.
Рухани мәдениет - адамның, өзіне және басқа адамдарға, дүниеге қатысын реттейтін дәстүрлер мен құндылықтардың жиынтығы.
Рухани мәдениет - бұл адамның және қоғамның рухани өмірінің әр түрлі аспектілерін қамтитын адам қызметінің саласы, сонымен бірге белгілі бір мәдени-тарихи бірлікке немесе жалпы адамзатқа тән білім мен фтүрлері және оларды әдеби, сәулеттік және басқа да адам қызметінің ескерткіштерінде бейнелеу кіреді.
Мәдениеттің материалдық және рухани өрістері. Жалпы тұрғыда рухани мәдениет әрқашанда материалдықпен тығыз байланысты болады, Өйткені фжағдайда ғана бар бола алады. Бұны әсіресе рухани мәдениеттің құрамдас бөлігі болып саналатын өнер туындылырынан байқауға болады. Өйткені кез-келген кітап, сурет, музыкалық композиция, және одан да басқа өнер туындылары материалдық негізге — қағазға, кенепке, бояуларға,музыкалық аспаптарға және т. б. мұқтаж болады.
Тіптен кей жағдайда құбылыстар мен заттардың мәдениеттің ма-териалдық немесе рухани жақтарының қайсысына жататындығының өзі айқын болмай түсінуге өте күрделі болып келеді. Мысалы, кітап, даусыз рухани мәдениеттің заты, бірақ оны отынның орнына ошақта жағу үшін де қолдануға болады. Олай болса, мәдениеттің заттары өздеріне белгіленгендерді алмастыра алады. Демек, материалдық және рухани мәдениеттерді ажырата алу үшін белгілі бір шама, өлшемдер енгізілуі тиісті. Бұл жағдайда заттың мәндік және белгіленуін қолдануға болады — егер зат немесе құбылыс адамның алғашқы (биологиялық) қажеттіліктерін қанағаттандырса онда оны материалдық мәдениетке жатқызуға болады, егер ол екінші қажеттіліктерді қанағаттандырса және адамның қабілеттілігін дамытумен байланысты болса, онда ол рухани мәдениетке жатады
Әдетте материалдық мәдениетке адамның материалдық-өндірістік қарекетін жатқызады және оның нәтижелерін — еңбек құрал-саймандарын, мекен-жайын, күнделікті тұрмыс заттарын, киімді, транспорттық құралдарын, практикалық қызмет тәсілдерін, өндіріс және тұтыну құралдарын және т. б. Рухани мәдениет рухани өндірістің өрістерін (идеялар өндірісі, білімдер, рухани кұндылықтар) және олардың ғылымда, философияда, дінде, өнерде, адамгершілікте және т. б. іске асырылған нәтижелерін қамтиды.
Материалдық мәдениеттің өмір сүруінің негізі адамның материалдық-жасампаздық қарекетінің нәтижесі болып келеді. Кез-келген зат екі жақты сипатта, өйткені бір уақытта екі әлемге — табиғи және мәдени әлемдерге жатады. Негізінде заттар табиғи материалдардан шығарылады, ал мәдениеттің бөлігі болып олар адамдардың өңдеуінен кейін саналады. Нақ дәл осылай біздің алғашқы аталарымыз әлдеқашан тасты — кескішке, таяқты — найзаға, өлтірген аңның терісін киімге айналдыра алды
Сонымен қатар, материалдық және рухани мәдениеттің арасында өтпелі түрлер бар. Бұл белгілер туралы, өздерінің көрністерінен тіптен басқаша бола тұрып, нақты мазмұны рухани мәдениетке жатпайды. Сондай белгілердің бір түріне ақша белгісі жатады, сонымен қатар адамдар қолданылатын қызметтерді белгілеуге арналған әр түрлі талондар, жетондар, квитанциялар және басқалар. Мысалы, ақшалар — тауарларды айырбастау кезінде жалпыға бірдей балама ролін атқаратын ерекше тауар, біз оларды тағамдарды немесе киімді (заттық мәдениет), сатып алуға жұмсай аламыз, ал оларға театрға билет немесе мұражай сатып алуға (рухани мәдениет) болады. Басқаша айтқанда, қазіргі заман қоғамында ақшалар материалдық және рухани мәдениеттің арасында жүретін әмбебаб делдал болып келеді. Бірақ осының өзінде қауіп-қатерлік жасырылған, өйткені олар бұларды өзіндік ерекшеліктерінен айырып теңестіріп жібереді, әсіресе рухани мәдениетті
Достарыңызбен бөлісу: |