Мәдениеттану— мәдениет туралы ғылым әрі философиялық ілім. Мәдениеттау жеке пән ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптасты. Мәдениеттау пәні жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалық ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен сабақтастығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат қоғамының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды.
«Мәдениет дегеніміз не?» деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің этимологиясына, яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығу тегіне тоқталуды жөн кәрдік. Қазақ тіліне бұл термин арабтың мадавият қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні мәдениет пен табиғатты «культура» мен «натураны» қарсы қоюшылық. Көне заманда «культура» деген ұғым «жерді өңдеу» деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цицеронның еңбектерінде (б.э.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру» деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген:
*мәдениет белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы;
*мәдениет адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, критмикен мәдениеті, қазақ мәдениеті және тағы басқалары;
*мәдениет адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және тағы басқалары);
*агро мәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет және тағы басқалары).
Материалдық мәдениет өзіне шаруашылық және экономикалық мәдениетті қосады. Кез-келген мәдениет көп қырлы және көп жүзді, оның мазмұны әр түрлі түрлермен көмкерілген. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарда бұл әр алуандылық адамзат қарекетінің түрлерінің негізінде жиірек құрылымданады, кейде оларды мәдениеттің шығармашылық өрістері деп атайды.
Адамдар тұрақты түрде өз биологиялық қажеттіліктерінен тыс өздері үшін өз қарекеттерінде жаңа мақсаттар жасайды, бірақ биологиялық жан иесі болып қала береді. Сол себептен, оның өмір қарекеттерінің мақсаттары бір жағынан биологиялық, екінші жағынан биологиялықтан тыс сипатқа ие болады. Ғылымда бұл мақсаттардың екі түрін материалдық және рухани деп бөлу қабылданған. Осы мақсаттарға сәйкес адамдар мәдениеттің материалдық және рухани құндылықтар түрлерін жасайды, нәтижесінде мәдениеттің материалдық және рухани өрістері пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |