Мәдениеттану тарихы ғылыми пән ретінде


Мәдениетаралық және этникааралық коммуникацияның жаңа құндылықтары



бет52/52
Дата01.04.2024
өлшемі212.9 Kb.
#497238
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Культ Билеты-ответы

68. Мәдениетаралық және этникааралық коммуникацияның жаңа құндылықтары.
“Мәдениетаралық коммуникация” термині тар мағынасында әдебиетте 1970 – жылдары пайда болды. Сол кезге қарай мәдениетаралық қатынас жағдайларында коммуникативтік сәтсіздіктер мен олардың салдарын зерттейтін ғылыми бағыт та жасақталды. Соңынан мәдениетаралық коммуникация ұғымы аударма теориясы, шет тілдерді оқыту, салыстырмалы културология, контрастивті прагматика және басқа салаларға тарады.
Қазір мәдениетаралық коммуникация саласындағы ғылыми зерттеулер тілдік қызметте мәдени шартты айырмашылықтарына және солардың салдарларына душарласқан адамдардың мінез – құлқына бағыт бұрған. Коммунниканттардың ахуалдық тілді іс - әрекеттерді айту және түсіндіру кезіндегі мәдени айырмалары сипаттау зертеу нәтижелері болды. Әуел бастан бұл зерттеулер үлкен қолданбалы мәнге ие болып, кросс - мәдени әсерлікті дамыту жөніндегі практикалық сабақтар (тренингтер) үшін сандаған жасалымдарда пайдаланылды.
Мәдентетаралық коммуникация қоғамдық феномен ретінде 20 – ғасырдан бастап „экзотикалық“ аталатын мәдениеттер мен тілдерге қатысты ғылыми орта мен қоғамдық санада қалыптасқан мүддемен идиологиялық жағынан бекіген соғыстан кейінгі әлемнің практикалық сұраныстарынан туған. Практикалық сұраныстар көптеген елдер мен аймақтардың қарқынды экономикалық дамуының, технологиядағы революциялық өзгерістердің, осыған байланысты экономикалық қызметін жаһандануының салдарынан шыққан. Нәтижесінде әлем елеулі „тарыла бастады“ әр түрлі мәдениет өкілдерінің арасындағы ұзақ байланыстың тығыздығы мен қарқындылығы мейлінше өсіп, одан әрі ұлғаюда. Экономиканың өзімен қоса білім, туризм, ғылым, кәсіби және әлеуметтік мәдениет арқылы коммуникацияның аса маңызды аймақтарына айналды.
Бұл практикалық сұраныстар қоғамдық санадағы өзгерістермен, бірінші кезекте гуманитарлық және қоғамдық ғылымдарда евроцентристік жолдан постмодернистік бас тартумен қолдау тапты. Әлем мәдениетінің саналуандылығының шексіз құндылығын мойындау, отарлаушылық мәдени саясаттан бас тарту, дәстүрлі мәдениеттер мен тілдердің басым көпшілігінің омырылуға бейімділігі мен жойылып кету қаупін сезіну тиісті пәндердің жер шары халықтарының бір – біріне қызығушылығының адамзат тарихындағы жаңа феноменіне сүйене отырып, буырқана дамуына әкелді.
Мәдениетаралық коммуникация зерттеулерінде психологиялық, социологиялық және лингвистикалық бағыттарды бөліп қарауға болады. Бұлай бөлу зерттеу объектісіне, сондай-ақ қолданылған әдістемеліктерге қатысты. [25, б.10-12].
Мәдениетаралық коммуникация саласында жұмыс істейтін социологтар осы ғылым үшін дәстүрлі әлдеқандай жолмен іріктеліп алынған респондеттер топтарында сауалнама жүргізу әдісін қолданады. Сауалнамалары адамдардың мінез құлқында қалыптасқан құнды ұстанымдар мен дағдыларды анықтауға бағытталған. Негізінен жұмыс орнындағы, іскерлік қатынастағы және бизнестегі мінез-құлық қарастырылады. Бұл социологиялық зерттеулердің іс жүзінде, бірінші кезекте қазіргі транснационалдық корпорацияларда қолданылады. Социологтардың белгілі бір мәдениет топтарына тән және олардың қадір тұтатын мінездері туралы мәліметтердің жиынтығының негізінде тиісті практикалық ұсыныстар жасалынып, арнайы мәдениетаралық тренингтер түрінде өткеріледі. Сауалнама жүргізудің келесі объективті аймақтары: ақпарат алмасу, әріптестермен қарым-қатынас, шешімдер қабылдау, шиеленісті жағдайлардағы мінез-құлық, басшыға көзқарас, жұмыс пен жеке өмірдің байланысы, инновацияға көзқарас. Зерттелген мәдени шартты мінез-құлық стереотиптерінің көп бөлігінің Хофстеде енгізген мәдениет параметрлеріне көтерілуінің мүмкін екендігі белгілі. Сондықтан мұндай жұмыстар көбінесе сол параметрлердің кейбір нақты ортада қалай болатынын тексеру сипатында жүргізіледі: сол уақыт кезеңіне, зерттелуші топтың, көбіне бірге жұмыс істейтін екі немесе одан көп мәдени топтың жасына қатысты өзгерістер зерттеледі. Ауқымды социологиялық проблемалар мигранттардың әлеуметтік бейімделуімен, шағын ұлттардың дәстүрлі мәдениетін сақтауымен немесе жоғалтуымен және тағы сол сияқтылармен байланысты.
Мәдениетаралық коммуникация саласында психологтарды, бірінші кезекте, мәдениет айырмашылықтарының интерпретация мен категоризация үрдістеріне ықпалы, тиісті мінез-құлық стереотиптерінің табиғаты қызықтырады. 1970-жылдардан бастап үрей, белгісіздік, категориялардың ықтималды көлемі, топаралық категоризациялау ерекшеліктерінің және тағы басқаларының маңызды ұғымдары әлеуметтік психология әдісімен зерттелді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет