Бақылау сұрақтары:
Продюсерлік қызметтің қаржылық-экономикалық тұстары?
Атқарушы продюсердің жұмыс сипаты қандай?
Продюсерлікте дистрибьютер қажет пе?
Өнімді тарату желісін қандай іс-әрекеттер қалыптастырады?
Өндіруші компания өнімінің бренді ұғымы туралы түсінігіңіз?
Студенттің өзіндік жұмысына тапсырма:
«Продюсерлік қызметтің құрамдас бөліктері» тақырыбына конспект жазу
Қоғамның «әлеуметтік тапсырысы» ретінде ресми шығармашылық топтың жаған жобасын талдау
«Продюсерлік қызметтің шығармашылық тұстары» тақырыбында әңгіме өрбітуге дайындалу
Практикалық тапсырмалар орындау кезінде студенттер төменде көрсетілгендерді меңгерулері керек
Өндірістік қызметті ұйымдастырудың басқарушылық, маркетингтік және жарнамалық тұстарын, продюсерлік жобаның қаржылық-экономикалық бөлігін, заңды тұстарын, продюсерлік қызметтің негізгі кезеңдерін бір-бірінен ажыратып үйрену.
12-Тақырып. Эстрадалық-концерттік бағдарламалар продюсері қызметіндегі промоутерлік бағыт
Мақсаты: Эстрадалық-концерттік бағдарламалар продюсері қызметіндегі промоутерлік бағытты меңгеру.
Міндеті: Промоутерлік, Эстрадалық-концерттік бағдарламалар продюсері қызметіндегі промоутерлік бағыттар туралы түсінік қалыптастыру.
Сабақты жүргізу тәртібі: дискуссия
Қысқаша теориялық мағлұматтама
Алдыңғы тақырыптарда концерт (нем. konzert, итал. concerto, сөзбе-сөз келісу, лат. concerto – бәсекеге түсемін) сөзіне алдын ала арнайы жасалған бағдарлама бойынша музыкалық, әдеби, хореографиялық және сахналық шығармаларды көпшілік алдында орындау деген анықтама берілген еді. Тура осындай түрде Эстрада өнері жайлы қысқаша айтып кетер болсақ, әр алуан артистердің (әншілер мен бишілер, көркем сөз оқушылар мен акробаттар, конферансье мен музыканттар, т.б.) ойын-сауығынан құралатынын көпжанрлы өнер болып шығады. Осындай күрделі шығармашылық қызметті ұйымдастыру үшін барлық процесті басынан-соңына дейін бақылап, басқара алатын маманның қажеттілігі туындайтыны табиғи заңдылық. Ол эстрадалық-концерттік бағдарламалар продюсері деп аталады. Бұл маманға белсенді көмекшілер қажет екендігі айтпаса да түсінікті. Тақырыбымыз көрсетіп тұрғандай продюсердің осы бағыттағы қызметі бойынша промоутерлікпен айналысуы тағы да заңдылық. Себебі промоутер сөзі ағылшынның жылжыту, насихаттау мағынасындағы сөздерінен шыққан.
Концерттік қызметте агент концерттік қызметті жүзеге асыратындықтан тактика болып саналады: шоуды кәсіби ұйымдастыратын промоутерлермен келісім-шарттар жасасады, үлкен ақшаны үнемдеу үшін бағыт әзірлейді, тур имиджін анықтайды, радиода, теледидарда жарнамаларды жоспарлайды, билеттерді сатуды ұйымдастырады (билеттерді алдын ала немесе концерт күні сатуға), билеттердің бағасын анықтайды, промоутерлер төлейтін депозиттер (аванс) алады. Кейде жоғарыда аталған мамандардың қызметін дербес менеджер, агент, промоутер, директор және бизнес-менеджер функциялары жүктелген концерттік менеджер орындайды. Ол турды ұйымдастыру үшін жауапкершілікті өзіне алады: Қонақ үйлерді, билеттерді брондауды қамтамасыз етеді, әр концерт үшін ақша алады және оларды бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: |