Бақылау сұрақтары:
Жоба мен процестің айырмашылығы бар ма?
Продюсерлеуде инвесторлар қандай рөл атқарады?
Қандай телекомпанияларды білесіз?
Продюсер жоба үшін қаржы көздерін қалай табады?
Пираттық көшірушілікпен қалай күресуге болады?
Студенттің өзіндік жұмысына тапсырма:
«Өндірушінің қызметін қаржыландыру көздері» тақырыбында конспект жазу.
«Өндірушінің іс-әрекеті үшін бастапқы капитал» туралы ой-талқы жасау.
«Өндірістік жобадағы инвесторлардың маңызы» жөнінде конспект жазу.
Жобаның ұзақ мерзімді және бір реттік инвестициялары туралы ақпарат жинау
«Өндірістік компанияны, телекомпанияны, ассоциацияны ұйымдастыру» туралы конспект жазу.
Практикалық тапсырмалар орындау кезінде студенттер төменде көрсетілгендерді меңгерулері керек
Продюсерлік қызметті қаржыландыру көздерін таба білуді, әлеуметтік және жеке бастамаларды өзара байланыстыруды, құқықтық қатынастарды реттеу объектісі ретіндегі авторлық және сабақтас құқықтарды қолдана білуді.
14-Тақырып. Продюсер-қоюшының театр, кино, эстрада саласындағы қызмет ерекшелігі
Мақсаты: Продюсер-қоюшы қызметі, эстрадалық қойылымның көркемдік әдістері мен экспрессивті құралдары, кино және театр индустриясындағы продюсер-қоюшының көркемдік жобамен жұмысымен танысу.
Міндеті: Эстрадалық-концерттік қызмет, театр, кино саласындағы продюсерлік және оның ұйымдастырылуы туралы ақпарат алу.
Сабақты жүргізу тәртібі: дискуссия
Қысқаша теориялық мағлұматтама
Кинопродюсер (ағылш. producer, produce – өндіру) кинематографияда фильм түсіру тобына ұйымдастырушылық әрі қаржылық жағынан бақылау жасайтын тұлға. Кино өндірісін коммерциялық мақсатқа жұмылдыруды көздеген продюсерлік жүйе 1910 жылы АҚШ-тың Голливуд қаласында пайда болды. 40-жылдардың соңына қарай АҚШ-та «тәуелсіз» поэтика бірлестігі ұйымдасып, оның құрамына режиссерлер мен драматургтер енді. 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап продюсерлік қызметті кино “жұлдыздары” (Р. Редфорд, П.Ньюмен, Ж. Габен, Фернандель, А. Делон) мен режиссерлер де (К. Шаброль, К. Лелуш, Ф.Ф. Коппола) атқара бастады. 70-жылдары “тәуелсіз” продюсерлер кино туындысын жасайтындар мен қаржылық ұйымдардың (киномонополиялар мен банктер, т.б.) арасын өзара жалғастырып отыратын делдалдық қызметті жүргізді. Қазақстанда продюсерлер институты 90-жылдардың аяғына қарай қалыптаса бастады.
Кинопродюсердің негізгі міндеті шығармашылық киножобаны ойдан бастап, идеяны қалыптастыру, оны жаппай коммерциялық іске асыруға дейін сүйемелдеу.
Эстрада саласының күрделі орындаушылықтардың жиынтығынан тұратын көпжанрлы сала екендігі алдыңғы тақырыптарда айтылған еді. Эстрадалық концерттік қызмет продюсері эстрадалық-концерттік қызметке жұмылдырылатын өнерпаздар ұжымына ұйымдастырушылық, қаржылық жағынан бақылау жасайтын маман.
Театр продюсері театр қойылымдарын ұйымдастырумен айналысады. Ол болашақ спектакль үшін сюжетті ойлап табады немесе дайын пьесаны таңдайды, қойылымның жалпы тұжырымдамасын ойлап табады, кастинг өткізеді. Шығармашылық міндеттерден басқа продюсер түрлі әкімшілік-шаруашылық мәселелерді шешеді. Актерлардан басқа, ол процестің басқа қатысушыларын: театр директорын, режиссерді жалдайды. Театр продюсері билеттердің бағасын, көрсету саны мен уақытын белгілейді, жарнама мәселелерімен айналысады.
Достарыңызбен бөлісу: |