«Мәдениетте кәсіпкерлік және продюсерлеу» пәні бойынша практикалық сабағын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау



бет31/32
Дата27.03.2023
өлшемі3.46 Mb.
#471158
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Мәдениетте кәсіпкерлік және продюсерлеу практ саб ор ар ә н(2)

Желілік продюсер - фильм бюджетін және күнделікті өндірісті қадағалайды.
Әкімшілік продюсер - директорлар кеңесіне баяндайды және штаттан тыс қызметкерлердің әр түрлі кезеңдерін жалдайды.
Креативті продюсер - жобаның шығармашылық бөлігіне: шығармашылық топты іріктеу (қоюшы-режиссер, суретші, сценарист, оператор, композитор және тағы басқа), жауапты көркемдік жобаға басшылық жасайтын продюсер.
Веб-продюсер немесе веб-сайт продюсері жағдай жасайды және веб-қолданбалар немесе веб-сайт құру идеясын іске асырады.
Ақпараттық продюсер (БАҚ) — ақпараттық контентті толтыру үшін жауап беретін адам.


Тапсырмалар:

  1. Мерекені әлеуметтік-эстетикалық құбылыс ретінде сипаттау

  2. Жалпы халыққа педагогикалық әсер ету бағдарламасы және көтеріңкі көңіл-күй қалыптастыру түрі ретінде мерекенің маңызына тоқталу

  3. Мерекедегі эстрадалық-концерттік бағдарламаның деректі және публицистикалық сипатын суреттеу



Бақылау сұрақтары:

  1. Аудиторияның белсенділік деңгейі қалай байқалады?

  2. Продюсер-атқарушының функциялары қандай?

  3. Концерттің түрлерін атаңыз?

  4. Кино саласында атқарушы продюсердің жұмыс сипаты қандай?

  5. Қазіргі концерттік бағдарламалар бойынша тұтынушы бұқараның талғамын сипаттаңыз?

  6. Өнерпаздың (репетициясы, фототүсірілім, дыбыс жазу студиясындағы жұмысы, би студиясындағы жаттығулары, гастрольдік сапарлары, клип-мейкерлермен, имидж-мейкерлермен жұмысы) жұмыс кестесін түзіп қадағалайтын маман кім?



Студенттің өзіндік жұмысына тапсырма:

  1. «Мереке әлеуметтік-эстетикалық құбылыс ретінде» тақырыбына баяндама дайындау.

  2. «Мерекенің жалпы халыққа педагогикалық әсер ету бағдарламасы және көтеріңкі көңіл-күй қалыптастыру түрі ретіндегі ерекшеліктері жайлы конспект дайындау.

  3. Мерекедегі эстрадалық-концерттік бағдарламаның деректі және публицистикалық сипатына тоқталыңыз





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет