«Мәдениетте кәсіпкерлік және продюсерлеу» пәні бойынша практикалық сабағын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау


Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалар



бет12/32
Дата27.03.2023
өлшемі3.46 Mb.
#471158
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32
Мәдениетте кәсіпкерлік және продюсерлеу практ саб ор ар ә н(2)

Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалар

  1. Білім беру саласындағы кәсіпкерлік туралы конспект жазу

  2. «Спорт мәдениеттегі кәсіпкерліктің бір бағыты ретінде» тақырыбы бойынша ауызша жауап беруге дайын болу

  3. Қойылымдық мәдени іс-шараларды ұйымдастырудың ерекшеліктері жайлы әңгімелеу

  4. Мәдениеттегі кәсіпкерліктің бір бағыты ретіндегі көркемдік орталықтардың (арт-центр) ерекшеліктерін сипаттау



Практикалық тапсырмалар орындау кезінде студенттер төменде көрсетілгендерді меңгерулері керек
Кәсіпкерлік, бизнес ұғымдарының мәнін анықтап алу, бизнес пен кәсіпкерліктің теориясымен танысу.


3-Тақырып. Мәдениет саласындағы кәсіпкерлік.


Мақсаты: Өнер түрлері бойынша кәсіпкерлікпен айналысу жолдарын анықтау.
Міндеті: Кәсіпкерлік сөзінің мағынасын ашып алу. Мәдениет пен кәсіпкерліктің байланысын анықтау, кәсіпкерлікпен айналысудағы мәдениет саласының маңызына, өнер түрлерінен өнім жасауға болатынына көз жеткізу, өнер нарығы туралы түсінік қалыптастыру.
Сабақты жүргізу тәртібі: Дискуссия


Қысқаша теориялық мағлұматтама
Бүгінгі күні әлеуметтік-мәдени ортада коммерциялық бағыт оң қабылданатындықтан белгілі бір мәдени құндылықтар сұранысқа ие болса қаражатқа сатылады. Сондықтан бизнесте әлеуметтік-мәдени кеңістікті белсенді пайдалану байқалады.
Қазіргі заманғы кәсіпкерліктің бағыты ретінде білім беру ортасын, туризм индустриясын, спорт, ойын-сауық индустриясын және әлеуметтік-мәдени саланың басқа да салалары мен кәсіпорындарын көрсете отырып, мәдениет саласындағы кәсіпкерліктің ерекшеліктеріне назар аудару керек. «Шоу-бизнесті» ойын-сауық іс-шаралары саласындағы кәсіпкерлік ретінде" атап өтіп, осы саладағы қызметтің негізгі бағыттарын (киноиндустрия, актерлердің, әншілердің эстрадалық топтық және жеке өнер көрсетулерін коммерциялық ұйымдастыру, музыкалық және бейне клиптер жасау, конкурстар, фестивальдар ұйымдастыру және т.б.) қарастыру қажет.
Мәдениеттегі кәсіпкерлікекі саланың, мәдениет пен бизнестің интеграциясы нәтижесінде пайда болған қызметтің ерекше саласы.
Мәдениеттегі кәсіпкерлік амбивалентті болып келеді. Материалдық және рухани құндылықтарды құру деген екі алпауыт саланың арасында пайда болуы бұл қызметтің ерекшелігін құрап шығарды. Өндірістік емес әлеуметтік-мәдени салаға материалдық емес немесе рухани өндіріс жатады. Олар: "қызмет көрсету саласы", "сервис индустриясы", театрлар, кітапханалар, концерттік ұйымдар және т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет