«Мәдениетте кәсіпкерлік және продюсерлеу» пәні бойынша практикалық сабағын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау



бет20/32
Дата27.03.2023
өлшемі3.46 Mb.
#471158
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32
Мәдениетте кәсіпкерлік және продюсерлеу практ саб ор ар ә н(2)

Бақылау сұрақтары:

  1. Продюсерлікте команданы кім жинайды?

  2. Кәсіпкер мен продюсердің қандай ұқсастықтар бар?

  3. Тұрмыстық тұтыну товары мен мәдени өнімнің қандай айрмашылықтары бар?

  4. Креативті индустрия термині нені білдіреді?

  5. Кино индустриясындағы продюсердің жұмыс сипаты қандай?



Студенттің өзіндік жұмысына тапсырма:

  1. Продюсер және оның командасы тақырыбы аясында топтық жобаны анықтау

  2. Театр өнеріндегі продюсерліктің ерекшеліктерін сипаттау

  3. «Музыка индустриясындағы продюсерліктің сипаттары» туралы конспект жазу

  4. Кино индустриясындағы продюсердің рөлін сипаттау.

  5. «Интерактивті шоу-бағдарламаны продюсерлеу» тақырыбына конспект жазу



Практикалық тапсырмалар орындау кезінде студенттер төменде көрсетілгендерді меңгерулері керек
Продюсерліктің практикалық мазмұнын түсіну, креативті идеядан мәдени тұтынушылық продукт жасаудың жолдарын анықтау, іс-жүзінде қолдануға дағдылану үшін топтық жоба жасауға дайындалу


2-Модуль. ПРОДЮСЕРЛЕУ – КӘСІБИ ҚЫЗМЕТ


8-Тақырып. Продюсер: болмысы және социомәдени феноменнің ерекшелігі
Мақсаты: Мәдени өнім жасауда үлкен жауапкершілікпен сипатталатын күрделі, әмбебеп мамандықтың болмысымен танысу, социомәдени феноменнің ерекшелігі екендігіне көзжеткізу.
Міндеті: Продюсерліктің пайда болу тарихы, мәдени көркем-шығармашылық өнім түсінігі, өнім дайындаудағы продюсерлік жұмыс және оның қызықты, қиын тұстары, ойын-сауық индустриясы және тұтынушылық нарығы, эстрадалы-концерттік бағдарламалардың қолданылатын орындары және проблемалы тұстары жайлы ақпараттар жинау, оң көзқарас қалыптастыру.
Сабақты жүргізу тәртібі: дөңгелек үстел
Қысқаша теориялық мағлұматтама
Шоу-бизнес саласындағы ең негізгі тұлға продюсер (бас продюсер) екендігі алдыңғы тақырыпта айтылған еді. Расында, ол көп деңгейлі шығармашылық, басқарушылық және экономикалық оқиғалардың, процестер мен құбылыстардың ұйымдастырушысына жатады. Бұл жан-жақты маман шығармашылық және техникалық қызметкерлерді жалдауға және жұмыстан босатуға басшылық жасайды,жобаның орындалуын бақылауды, көркем өнім жасаудың барлық сатыларында оны түзетуді қамтамасыз етеді. Сапалы өнім жасауға қатысудан басқа продюсер дербес менеджер (артистің мансабын, ал кейде оның жеке өмірін басқару), бизнес-менеджер (жобаның қаржылық қамтамасыз етілуін бақылау), баспасөз атташесі, демеуші, ал кейде заңгер (мәміле жасау және т.б.) міндеттерін атқарады. Бірақ продюсердің қызығушылығының негізгі нысаны зияткерлік меншік болып табылады. Продюсер қаржы әлеуетінен басқа шығармашылық адам болуы керек, сондай-ақ қазіргі заманғы шоу-бизнестің ең кішкентай бөлшегінде танылуы керек. Көптеген шоу-жобалардың глобалдылығына байланысты оларды бірнеше бағытқа бөледі, олардың әрқайсысы өзінің продюсері: атқарушы продюсер, көмекші продюсер, желілік продюсер, әкімшілік продюсер, креативті продюсер жүргізеді. Сондай-ақ қызмет саласына байланысты, мысалы, кинопродюсер, музыкалық продюсер және т. б. бөлінуі мүмкін. Кинопродюсердің негізгі міндеті шығармашылық киножобаны ойдан бастап, идеяны қалыптастыру, оны жаппай коммерциялық іске асыруға дейін сүйемелдеу.


Тапсырмалар:

  1. Продюсерліктің тарихынан хабардар болу

  2. Продюсерлік жұмысқа сипаттама беру

  3. Ойын-сауық индустриясының маңызына тоқталу

  4. Еліміздегі мәдени тұтынушылық нарығына қысқаша аналитика жасау

  5. Эстрадалы-концерттік бағдарламалардың қолданылатын орындары және проблемалы тұстарын анықтау





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет