«Мәдениетте кәсіпкерлік және продюсерлеу» пәні бойынша практикалық сабағын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау



бет22/32
Дата27.03.2023
өлшемі3.46 Mb.
#471158
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32
Мәдениетте кәсіпкерлік және продюсерлеу практ саб ор ар ә н(2)

Бақылау сұрақтары:

  1. Музыкалық продюсердің міндеттері қандай?

  2. Кино индустриясындағы продюсер қандай міндеттер атқарады?

  3. Атқарушы продюсер немен айналысады?

  4. Кинопродюсер мен телепродюсердің айырмашылықтары бар ма?

  5. Продюсерлік пен авторлық құқықтың қандай байланысы бар?

  6. Тұтынушылық нарық продюсерлікке қалай әсер етеді?

  7. Эстрадалы-концерттік бағдарламалар қалай ұйымдастырылады?



Студенттің өзіндік жұмысына тапсырма:

  1. Өндірістің негізгі түрлеріне, типтері мен әдістеріне талдау жасау.

  2. Жобаны басқарудағы продюсердің рөлін, оның негізгі міндеттерін сипаттау.

  3. Продюсерге қойылатын талаптар мен қажетті білім, біліктілік, дағдылар жайлы конспект жазу



Практикалық тапсырмалар орындау кезінде студенттер төменде көрсетілгендерді меңгерулері керек
Продюсердің кәсіпкерлік және ұйымдастырушылық қабілеттері, кәсіби қызметіндегі қаржылық, экономикалық және құқықтық білімнің, дағдылардың рөлін меңгеру.


10-Тақырып. Эстрадалық концерттік бағдарламаларды продюсерлеу
Мақсаты: Продюсердің эстрадалық-концерттік бағдарлама дайындаудағы функциялары жайлы ақпарат алу, бұлыңғыр түсінікті айқындау.
Міндеті: Концерт, эстрадалық концерттік бағдарламала туралы түсінік қалыптастыру, эстрадалық концерттік бағдарламалардың қалай дайын болатындығын түсіну.
Сабақты жүргізу тәртібі: дискуссия
Қысқаша теориялық мағлұматтама
Концерт (нем. konzertитал. concerto, сөзбе-сөз келісулат. concerto – бәсекеге түсемін) – 1) алдын ала арнайы жасалған бағдарлама бойынша музыкалық, әдеби, хореографиялық және сахналық шығармаларды көпшілік алдында орындау; 2) жеке музыкалық аспап ( кейде 2 – 3 жетекші музыкалық аспап) пен оркестр үшін сонаталық циклді формада жазылған музыкалық шығарма.
Эстрада, эстрада өнері (франц. estrade, исп. estrado – тақтайша үстел) – көп жанрлы сахналық өнердің бір түрі. Эстрада өнері әр алуан артистердің (әншілер мен бишілер, көркем сөз оқушылар мен акробаттар, конферансье мен музыканттар, т.б.) ойын-сауығынан құралады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет