«Мәдениетте кәсіпкерлік және продюсерлеу» пәні бойынша практикалық сабағын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау



бет18/32
Дата27.03.2023
өлшемі3.46 Mb.
#471158
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32
Мәдениетте кәсіпкерлік және продюсерлеу практ саб ор ар ә н(2)

Бақылау сұрақтары:

  1. Телепродюсерлік туралы пікіріңіз қандай?

  2. Шоу бизнестегі ең маңызды тұлға кім болып саналады?

  3. Телевидение деген не?

  4. Авторлық құқық шоу-бизнесте қажет пе?

  5. Отандық шоу бағдарламалардың әлеуеті қандай?



Студенттің өзіндік жұмысына тапсырма:

  1. Бизнестегі мүмкіндік ретіндегі Франчайзинг ұғымын сипаттаңыз.

  2. «Әртістік менеджмент» тақырыбында конспект жазу.

  3. Қазіргі Отандық фильмнің біріне талдау жасау (жазбаша)



Практикалық тапсырмалар орындау кезінде студенттер төменде көрсетілгендерді меңгерулері керек
Шоу-бизнесті кәсіпкерліктен ажырата білу, шоу-бизнес ұйымдастырудың механизмдерін, жүйесі түсініп, өзіндік жеке жоба жасауға дағдылану.
7-Тақырып. Продюсер және оның командасы
Мақсаты: Мәдениетте кәсіпкерлікті ұйымдастырудағы басты тұлға продюсердің қызметімен танысу. Командалық жұмыстың сипатын түсіну.
Міндеті: Мәдени тұтыну өнімін жасауға атсалысатын команданың жұмыс сипатымен, продюсерліктің, продюсердің түрлерімен, функцияларынмен танысу.
Сабақты жүргізу тәртібі: дискуссия


Қысқаша теориялық мағлұматтама
Продюсер-шоу-бизнестің негізгі тұлғасы. Ол көп деңгейлі шығармашылық, басқарушылық және экономикалық оқиғалардың, процестер мен құбылыстардың ұйымдастырушысы болып табылады. Продюсер "термині (ағылшын produce – өндіру, жасау) кинематография саласынан келді және киноөндіріс саласындағы кәсіпкерге қатысты айтылған еді. Одан әрі бұл ұғым спектакльдер, мюзиклдер, театр қойылымдары, дыбыс жазбалары және т.б. қойылымдарға тарады. Отандық шоу-бизнесте продюсер шығармашылық және өндірістік үдерісті, жобаны қаржыландыруды толығымен жүзеге асырады және кредиттердің басқарушысы болып табылады. Ол шығармашылық және техникалық қызметкерлерді жалдауға және жұмыстан босатуға басшылық жасайды,жобаның орындалуын бақылауды, көркем өнім жасаудың барлық сатыларында оны түзетуді қамтамасыз етеді. Сапалы өнім жасауға қатысудан басқа продюсер дербес менеджер (артистің мансабын, ал кейде оның жеке өмірін басқару), бизнес-менеджер (жобаның қаржылық қамтамасыз етілуін бақылау), баспасөз атташесі, демеуші, ал кейде заңгер (мәміле жасау және т.б.) міндеттерін атқарады.
Продюсер қаржы әлеуетінен басқа шығармашылық адам болуы керек, сондай-ақ қазіргі заманғы шоу-бизнестің ең кішкентай бөлшегінде танылуы керек. Көптеген шоу-жобалардың глобалдылығына байланысты оларды бірнеше бағытқа бөледі, олардың әрқайсысы өзінің продюсері: атқарушы продюсер, көмекші продюсер, желілік продюсер, әкімшілік продюсер, креативті продюсер жүргізеді. Сондай-ақ қызмет саласына байланысты, мысалы, кинопродюсер, музыкалық продюсер және т. б. бөлінуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет