Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п



Pdf көрінісі
бет11/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   130
Философия Оқулық (3)

Локаята (чарвака). (Лока – “аймақ, ел, кеңістік, əлем, жер, өмір”. Ал 
көпшілік түрде – “адамдар, халық, адамзат” деген мағыналар береді). Локаяттар 
веда ілімдерін жоққа шығарады. Осы тұрғыдан веда дінін, оның беделін, 
ғұламаларын, ілімдерін сынға алады. Веданың дінбасылары, локаятиктердің 
пікірінше, халықты алдап, соның арқасында байып жүр. Локаяттардың
пікірінше, дене өлгеннен барлық денелер заттар махабхут деп аталатын 4 
түпнегізден тұрады. Олар: ауа (ваю), от (агни), су (ап) жəне жер (кшита). 
Махабхуттар белсенді жəне əрекетшіл келеді. Махабхуттар өзіне тəн күштің, 
белсенділіктің арақасында өзара байланысқа түсіп, бірігіп, ыңғайлы келгенде, 
бұрын жеке алғанда өздерінде жоқ қасиет – сана пайда болады. Ал денелер 
өлгенде, олар қайтадан өзерін өмірге əкелген махабхуттарға бөлшектенеді, ал 
бөлшектенген махабхуттармен бірге сана да жойылады. 
Локаяттар өмірдің мəні бақытта, ал бақыттың өзі – лəззат деп түсінген. 
Олардың түсінігінше, лəззат пен қасірет байлынысты, бірақ, қасірет 
буддизмдегі сияқты өмірдің мəні емес, оны толығымен жою мүмкін емес, оны 
азайту, жеңілдету өз қолымызда. Табиғатты əлеуметтік құбылыстарды танып-
білуде ақыл-ойдан, сырт күш туралы ілімдерден, беделдіктен пайда жоқ, білімді 
тек сезім мүшелері арқылы ала алмаймыз. Кейінірек келе, локаяттар сушикши 
(нəзік) жəне дхурта (тұрпайы, дөрекі) деп алатын екі салаға бөлінеді. 
 Қытай философиясы. Ежелгі Қытай қола дəуірінен темір дəуіріне 
өтуіне байланысты ауыл шаруашылығы мен қала тұрғындарының еңбектерінің 
бөлінуіне, ақшалай-тауарлық қатынастардың қалыптасуына, ой жəне дене 
еңбектерінің бөлінуіне, əртүрлі сатыдағы əлеуметтік топтардың пайда болуына 
əкеліп соқтырды. 
Ежелгі Қытай мемлекеті – шын мəніндегі шығыстық деспотия болатын. 
Мемлекет басшысы – əрі монах, əрі жрец жəне жалғыз ғана жер иесі болды. 
Әртүрлі рангтағы аристократия мемлекеттік қызметте болды. Олардан кейін 
əлеуметтік сатыда – рубасылары, отбасы (семья) басылары тұрды. Ал құлдар 
болса, олар жануарлар сияқты əлеуметтік сатыдан тыс қалды. 
Заң болған жоқ сондықтан əлеуметтік сатыда жоғары тұрғындардың 
өктемдігінен ешкім тыс қала алмады. Бірақ мемлекет басшысының (ван) 


21 
алдына əртүрлі əлеуметтік сатылардың бəрі тең болды. Халық арасындағы 
қарым-қатынас күрделі, шым-шытырақ ритуалдарға негізделді. 
Мысалы, 
тірілердің 
өлгендерге, 
олардың 
рухына, 
табиғат 
құбылыстарына, жерге жəне аспанға деген қарым-қатынас негізіне қалыптасқан 
діни көзқарас, əдет-ғұрып, дəстүрлермен тығыз байланыстағы ритуалдар
жоғары əлеуметтік сатыда тұрғындар мен төменгі сатыдағылардың 
арақатынасын нақтылап, айқындайды, т.б. 
Қытайлардың сол кездегі дүниетанымдық көзқарастары “Бес кітап” (У 
цзин) аталатын кітаптарда шоғырланған. Бұл кітаптар өздерін білімді санайтын 
əр адамның көзқарастарын қалытастыруда үлкен рөл атқарды. 
Ежелгі Қытайда ғылымның да кейбір салалары пайда бола бастады. 
Мысалы: метематика астрономия, медицина. Осы ғылымдар саласындағы 
жетістіктер негізінде ай мен күнннің тұтылу мезгілін анықтады, астрономиялық 
құбылыстар мен тұтылу мезгілін анықтады, астрономиялық құбылыстар мен 
жердегі құбылыстардың байланысын айқындауға, күнтізбе (календарь), уақыт 
есептеу т.б. тəсілін ойлап, табуға мүмкіндік туды. Бірақ, ғылым əлі де болса 
əлжуаз қалыпта еді. Бұл жағдай философиялық ілімдердің деңгейіне əсер етпей 
қойған жоқ. 
Біздің дəуірімізге дейінгі үшінші ғасырдың аяғында пайда болған ежелгі 
қытай философиясы кейінірек негізгі алты философиялық бағытқа – 
мектептарге бөлінді. Олар: конфуцийшылдық, моизм, заң мектебі (легистер), 
даосизм, тұрпайы философтар (натурфилософия) жəне атаулар мектебі. Біз бұл 
аталған 
философиялық 
мектептердің 
ішіндегі 
ең 
көрнектілері 
– 
конфуцийшылдық, даосизм жəне легистерге ғана қысқаша тоқталамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет