Медицина ғылымын 2020 жылға дейін дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 23 тамыздағы №485 бұйрығы



бет1/3
Дата03.07.2016
өлшемі437.49 Kb.
#175257
  1   2   3
Источник: ИС Параграф WWW http://online.zakon.kz
Медицина ғылымын 2020 жылға дейін дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 23 тамыздағы № 485 бұйрығы

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы кодексінің 179 бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:



1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес медицина ғылымын 2020 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама);

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.

2. Медициналық ғылым және білім беру ұйымдары Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаментіне жылына екі рет, есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 25-күніне қарай ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. «Денсаулық сақтау саласында инновациялық қызметті орта мерзімді кезенде дамыту бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 12 қазандағы № 697 бұйрығының күші жойылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 



Министр

С. Қайырбекова

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2013 жылғы 23 тамыздағы

№ 485 бұйрығына

1-қосымша

 


Медицина ғылымын 2020 жылға дейін дамыту

тұжырымдамасы


1. Кіріспе

 

1) Медицина ғылымын 2020 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) Қазақстанның денсаулық сақтау саласында 2020 жылға дейін ғылымды одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын айқындау мақсатында, «Қазақстан - 2050» Қазақстанды дамыту стратегиясына, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясына, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы кодексінің 179 бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасына және Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» және «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» заңдарына сәйкес әзірленді.

 

 

1. Медициналық және фармацевтикалық ғылымды және денсаулық


сақтаудағы инновацияларды дамыту көрінісі

 

Осы Тұжырымдама Қазақстан Республикасында медициналық және фармацевтикалық ғылымды және денсаулық сақтаудағы инновацияларды әрі қарай дамыту көрінісін айқындау, саланың ғылыми және инновациялық дамуының негізгі қағидаттарын және бағыттарын белгілеу қажеттілігіне байланысты әзірленді.



Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 19 ақпандағы № 79 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы медицина ғылымын реформалаудың 2008-2012 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру нәтижесінде медициналық ғылымның құрылымын және кадрлық қамтамасыз етілуін басқаруды, дамытуды жетілдіру мәселелері бойынша нәтижелерге қол жеткізілді. Осылайша, 2008 жылдан бастап медициналық ғылым ұйымдарының саны 18%-ға (28-ден 33-ке дейін) артты, оның ішінде Ұлттық медициналық холдинг шеңберінде 4 ғылыми ұйымды қалыптастыру және дамыту есебінен, «Назарбаев университеті» ДББҰ инфраструктура құрылымында регенеративтік медицина, молекулярлық биология және жасушалық технологиялар орталықтарын қоса алғандағы «Өмір туралы ғылымдар орталығы» ғылыми-зерттеу кешені қалыптаса бастады.

Қазіргі уақытта денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-зерттеу қызметінің инфрақұрылымы 25 ғылыми-зерттеу ұйымымен (18 ғылыми орталық, 7 ғылыми-зерттеу институты), 6 медициналық ЖОО және дипломнан кейінгі 2 білім беру ұйымымен көрсетілген. Бұл ретте дербестікті арттыру мақсатында көптеген ғылыми ұйымдар меншіктің жаңа ұйымдастыру - құқықтық түрлеріне көшті: олардың 9-ы - акционерлік қоғамдар, 13 - шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар, 11 - республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар. Медициналық ғылымның 15 ұйымы қазіргі таңда Халықаралық сапа стандартына сәйкестікке сертификаттаудан өтті.

Медициналық ғылым ұйымдарында ғылыми-зерттеу үдерісін тиімді басқару мақсатында 2010 жылдан бастап ғылыми қызметті басқарудың бірыңғайланған инфрақұрылымы - ғылыми зерттеулер менеджменті бөлімдері (ғылыми ұйымдардың 100%-да құрылылды), сонымен қатар, ғылыми үдерісті әдістемелік және ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін бөлімшелер: 40,6% ғылыми ұйымдарда - биостатистика, 47,1% ғылыми ұйымдарда - клиникалық эпидемиология, 62,5% ғылыми ұйымдарда - дәлелді медицина, 28,75% ғылыми ұйымдарда патенттік-ақпараттық жұмыс секторлары және бөлімдері құрылды.

2008 жылдан бастап қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаржыландыру көлемі екі есе өсті. 2012 жылдан бастап 24 медициналық ғылым ұйымдары ғылыми ұйымдардың әкімшілік және қызмет көрсету персоналын ұстау және ғылыми инфрақұрылым қызметін (жабдықтарды сатып алу, коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтері және басқалары) қолдау бойынша шығыстарды жабатын базалық қаржыландыруды алады.

Бұған қарамастан, жалпы алғанда, денсаулық сақтау жүйесіндегі ғылыми-оқытушы қызметкерлер санының артуы байқалады - 2007 жылы 4309 адамнан бастап 2012 жылы 4738 адамға дейін - саланың ғылыми әлеуетінің бірқатар сапалық өзгерістері байқалады. Отандық медициналық және фармацевтикалық білім беру жүйесінде ғылыми қызметкерлерді - магистратурада және PhD докторантурада даярлаудың жаңа түрлері енгізіле бастады. Осылайша, ғылыми қызметкерлер арасында магистрлердің саны 2007 жылғы 12 адамнан (0,6%) 2012 жылғы 217 адамға (7,7%) артты. Ғылыми кадрлардың жалпы ғылыми дәрежелер деңгейі (кандидаттар мен ғылымдар докторларын, PhD магистрлерін және докторларын қоса алғанда) соңғы жылдары 49,1%-дан 61,4%-ға дейін өсті.

Соңғы жылдары ғылыми зерттеулердің сапасын қамтамасыз ету тетіктері - этика мәселелері бойынша комиссияның қызметі, ғылыми-медициналық сараптау жүйесі, клиникаға дейінгі (GLP) және клиникалық (GCP) сынақтар жағдайында ғылыми зерттеулердің халықаралық стандарттарын медициналық ғылым ұйымдарында енгізу белсенді дамуда. Осылайша, денсаулық сақтау жүйесінде ғылыми зерттеулердің этикалық сараптамасының екі сатылық жүйесі енгізілді. Оны ҚР ДСМ Этика мәселелері бойынша орталық комиссиясы және медициналық ғылым ұйымдары деңгейінде жергілікті этикалық комиссиялар ұсынды. Этика мәселелері бойынша орталық комиссия 2009 жылы құрылды. Медициналық ғылым ұйымдарындағы жергілікті этикалық комиссия желісі 2007 жылы 12-ден (ғылыми ұйымдардың 42,8%-ы) 2012 жылы 30-ға дейін (90,9%-ға) артты.

Медициналық және фармацевтикалық ғылымды, білімді және практиканы біріктіру үшін нақты жағдайлар жасала бастады. Мысалы, Нашакорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығын, өңірлік наркологиялық диспансерлерді және медициналық ЖОО-ның тиісті кафедраларын біріктіретін ҚР наркологиялық көмек жүйесіндегі кластер жұмыс істейді.

Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру енгізілгеннен және ізденуші ғылыми ұйымдар үшін бас ғылыми ұйымдардың «қолшатыры» астында бірігу қажеттігі пайда болғаннан кейін ғылыми консорцумдарды құру практикасы дами бастады. Осындай құрылымның табысты жұмыс істеуінің мысалы Қазақстан Республикасының медициналық экологиясы саласында ғылыми консорцум болып табылады.

Тұжырымдаманы іске асыруды бағалаудың маңызды индикаторларының бірі практикалық денсаулық сақтауға ғылыми зерттеулердің нәтижелерін енгізу болып табылады. Осылайша, соңғы жылдары патенттер санының оң өсу динамикасы байқалады, халықаралық пациенттердің үлес салмағы 2011 жылы патенттердің жалпы санына қатысты 2,2%-ды құрады, ал 2007 жылы бұл көрсеткіш 0%-ға тең болатын. Практикаға енгізулердің айқын өсімі байқалады - енгізу актілерінің саны 2007 жылы 989-ға тең болды, 2011 жылы осы көрсеткіш 62,3%-ға жоғарылап, 1605-ті құрады.

Осылайша, жүргізілген талдау инфрақұрылымды және ғылыми зерттеулердің қаржыландыру көлемін, жүргізілетін зерттеулер және ғылыми өнім санын сипаттайтын көптеген көрсеткіштер бойынша Қазақстандағы медициналық және фармацевтикалық ғылымның оң даму динамикасын көрсетеді. Сонымен бірге салалық ғылымды сипаттайтын көрсеткіштердің оң динамикасына қарамай, ол әлемдік стандарттарға толығымен сәйкес келмейді, халықаралық деңгейдегі отандық ғалымдардың зерттемелері бәсекеге қабілетсіз және сұранымсыз.

Ғылыми зерттеулердің нәтижелілігі және отандық ғалымдардың зерттемелерін трансферттеудің тиімді тетіктерінің болуы ұлттық экономиканың инновациялық белсенділік деңгейін тікелей айқындайды. Қазақстан Республикасында инновациялық белсенділік көрсеткіші 5,7%-ды құрайды, сол кезде Германияда - 80%ды, АҚШ, Швецияда, Францияда - шамамен алғанда 50%-ды, Ресейде - 9,1%-ды құрайды.

Қазақстанның денсаулық сақтау ұйымдары үшін инновациялық белсенділік көрсеткішін есептеу практикасы жоқ. Сонымен бірге, оның жанама көрінісі жоғары мамандандырылған медициналық көмекті көрсету шеңберінде жаңа медициналық технологияларды енгізуші ауруханалық ұйымдардың үлесі болуы тиіс. Соңғы жылдары осындай инновациялық белсенді ұйымдар үлесінің айқын өсуіне қарамастан (2009 жылы 2,3%-дан 2012 жылы 8,7%-ға дейін), салада енгізілетін инновациялардың көлемі және саланың инновациялық дамытуға белсенді қатысу ұйымдардың саны төмен. Осыншама төмен көрсеткіштердің себебі - нашар дамыған ғылыми және инновациялық инфрақұрылым, зерттеушілердің жеткіліксіз әлеуеті, ғылыми ұйымдардың әлсіз материалдық-техникалық жабдықталуы, оның ішінде ұлттық ғылымды дамытудағы бизнес-құрылымдардың төмен қатысу деңгейі.

Әлемнің көптеген елдерінде инновациялардың негізгі генераторы ғылыми ұйымдар және ЖОО-ы болып табылады. Әлемдегі жетекші бизнес мектептерінің бірі INSEAD жыл сайын құратын инновациялықтың ғаламдық индексінде ғылыми ұйымдардың қызмет сапасы бойынша тек 116-шы орынға ие, ал кеңес одағынан кейінгі кеңістікте пайда болған елдер арасында - 9-шы орында. Тиімді ғылыми және инновациялық инфрақұрылымды қалыптастырудың негізгі шарттарының бірі бизнеспен университеттердің/ғылыми ұйымдардың өзара әрекеттесуі болып табылады - осындай өзара әрекеттесу деңгейі бойынша Қазақстан ғаламдық рейтингте 113-ші орында және кеңес одағынан кейінгі кеңістікте пайда болған елдер арасында 7-ші орында.

Халықаралық практикаға жүргізілген талдау тек мемлекет қана ұлттық және инновациялық жүйені дамыту үшін жауапкершілік тартпайтындығын көрсетті. Технологиялық дамыған елдерде ғылыми зерттеулерге және инновациялық зерттемелерге жұмсалатын жеке меншік сектордың (бизнестің) шығыстары ғылымға жұмсалатын шығыстардан шамамен алғанда 60-80%-ды құрайды (80% - Израильде, 78% - Жапонияда, 72,6% -АҚШ-та, 68,2% - Германияда), яғни мемлекеттік шығыстардан анағұрлым артық. Мысалы, АҚШ-та медициналық ғылымға жұмсалатын шығыстар ғана жылына шамамен алғанда 100 миллиард долларды құрайды, бұл ретте АҚШ-тың Ұлттық денсаулық институттары арқылы медициналық ғылымға мемлекеттік қаржы бөлу 32 миллиард долларды құрайды, басқа шығыстар бизнес-құрылымдарға (фармацевтикалық компанияларға) тиесілі.

Кадрлардың қартаю проблемасы қазақстандық ғылым үшін маңызды мәселе болып қала береді және бұл проблема әсіресе денсаулық сақтау жүйесінде өз көрінісін табады - 40-тан 60 жасқа дейінгі зерттеушілердің үлесіне барлық зерттеушілердің 45%-ы, 60 жастан жоғары - шамамен алғанда 15% кіреді, бұл ретте соңғы 10 жыл ішінде осы сандар 1,5 рет артты. Салыстыру үшін АҚШ-та 40-тан 60 жасқа дейінгі зерттеушілердің үлесіне 22%, 60 жастан жоғары - 6% кіреді.

Ғылыми ақпараттың беделді деректер қорына кіретін халықаралық танылған рецензияланған журналдардағы басылымдар зерттеу белсенділігінің және ғылыми зерттеулер сапасын бағалаудың негізгі индикаторы болып табылады. 1991 жылдан бастап халықаралық басылымдар бойынша отандық ғалымдардың зерттеу белсенділігі 3 есе артты. Осымен бірге, рецензияланған журналдардағы жариялыным деңгейі төмен болып табылады. Қазақстандық авторлардың жұмыстары жетекші шетелдік басылымдарда баспаға жіберу үшін әрең қабылданады. Scopus деректер қорында орналастырылған, жоғары импакт-факторы бар рейтингілік рецензияланатын журналдардағы ғылыми жариялымдар бойынша SCImago Lab испандық зерттеу орталығы құрастыратын елдер рейтингіне сәйкес қазақстандық авторлардың жыл сайынғы тіркелетін жариялымдар үлесі медициналық мамандықтар бойынша жалпы және жекеше алғанда 0,017%-ды (елдердің жалпы әлемдік рейтингінде 98-шы орын) және 0,0036%-ды (148-ші орын) құрайды. Салыстыру үшін осы көрсеткіштер АҚШ-та 19,9% және 25,1%-ды, Ұлыбританияда - 5,6% және 7,2%-ды, Қытайда - 14,3% және 5,4%-ды, Ресейде - 1,5% және 0,29%-ды құрайды. Қазақстандық ғалымдар мақалаларының сұранысқа ие болуы көрсеткішінің көрнекілігі одан да төмен - медициналық мамандықтар бойынша жалпы және жеке алғанда ғылыми журналдарда жалпы әлемдік цитат алулар санындағы Қазақстанның үлесі 0,0063% (119-шы орын) және тиісінше 0,0031%-ды (138-шы орын) құрайды. Салыстыру үшін АҚШ арналған көрсеткіштердің деректері 25,1% және 27,7% құрайды, Ұлыбритания - 7,4% және 8,4%, Қытай - 7,1% және 2,7%, Ресей - 0,72% және 0,29%. Рецензияланатын баспаларда қазақстандық авторлармен (немесе олардың қатысуымен) жарияланған бір мақалаға орташа есеппен әлемнің барлық ғалымдары тарапынан тек 0,67 сілтеме келеді (медициналық мамандықтар бойынша 1 мақалаға 0,73 сілтеме). Салыстыру үшін, АҚШ үшін бұл көрсеткіш 1,75 және 2,03 тең, Ұлыбритания үшін 1,81 және 2,1, Жапония үшін 1,17 және 1,22, Ресей үшін - 0,6 және 1,37.

Қазақстандық зерттеушілердің ғылыми нәтижелігінің үлес көрсеткіштері төмен болуда: халықаралық-танылған баспалардағы бір мақалаға 28,8 белсенді зерттеушіден келеді (медициналық мақалалар үшін - 17,5). Сингапурда осы көрсеткіш 3,6 құрайды, Германияда және Францияда - 3,5, Аргентинада - 5,8, Жапонияда - 9,2, Ресейде - 16,4, Қытайда - 13,2.

Денсаулық сақтау саласындағы отандық 40 ғылыми журналдың ішінде 90% астамы медициналық ғылыми ұйымдармен және ЖОО-мен шығарылады, 65% астамы арнайы мамандандырылған болып табылады. Өкінішке орай денсаулық сақтау саласындағы бір де бір қазақстандық журнал ғылыми басылымдардың халықаралық деректер базасына кірмейді. ҚР БҒМ білім және ғылым саласын бақылау комитетімен ұсынылған ғылыми басылымдардың жаңа тізбесіне денсаулық сақтау саласының тек 4 ғылыми журналы кіреді.

Ғылыми зерттеулер мен зерттемелердің нәтижелілік көрсеткіштерінің маңызының бірі патенттік белсенділік болып табылады. Патенттердің саны бойынша шетел мемлекеттерімен салыстырғанда 1 миллион халыққа шаққанда Қазақстанда ең төмен көрсеткіш - 0,13. Сондай-ақ технологиялық дамыған жетекші елдер үшін осы көрсеткіш 200-ден артық (АҚШ - 359, Швейцария - 505, Жапония - 1 274). Қазақстан халықтың өнертапқыштық белсенділігі бойынша Ресейден 12 есе артта қалады, Доминикан Республикасы және Перумен шамамен бірдей көрсеткіштерге ие (0,15 және тиісінше 0,14).

Осылайша, ағымдағы ахуалдың талдауы отандық медициналық фармацевтикалық ғылымда қол жеткізілген жетістіктерге қарамастан, оны әрі қарай дамытуды басатын көптеген кемшіліктердің бар екенін көрсетті: ғылыми ұйымдар мен ғылыми жобалардың деңгейінде тиімсіз менеджмент, ғылыми зерттеулерді жеткіліксіз қаржыландыру, ғылыми зерттеулердің тиімсіз инфрақұрылымы, салалық ғылымның төмен кадрлық әлеуеті және практикалық денсаулық сақтауға ғылыми зерттеулердің нәтижелер трансфертінің пәрменді тетіктерінің болмауы. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында медициналық және фармацевтикалық ғылымды және денсаулық сақтаудағы инновацияны одан әрі дамыту бойынша іс-шаралар кешенін әзірлеу қажет.

Медициналық және фармацевтикалық ғылымды және денсаулық сақтаудағы инновациялық қызметті дамытудың күшті жақтары мынадай факторлар болып табылады:

медициналық ғылым ұйымдарының бейінді желісінің болуы, Ұлттық медициналық холдинг құрылымында соңғы үлгідегі 4 ғылыми орталықтар және 2 медициналық университет базасында ұжымдық қолданыстағы зертханаларды құру;

медициналық ғылым ұйымдарының дербестігін арттыру;

барлық салада ақпараттық технологияларды қарқынды дамыту, оның ішінде медицинаны және ғылымды, толық мәтінді ғылыми журналдарға және деректер базасына рұқсаттың болуы;

денсаулық сақтау жүйесіндегі - магистратурада және PhD докторантурада ғылыми кадрларды даярлауда халықаралық тәсілді енгізу;

медициналық ғылым ұйымдарында ғылыми кластерлерді және инновациялық консорциумдерді құру;

медициналық ЖОО-ның жанында ұжымдық пайдаланудың ғылыми зертханаларын құру.

Әлсіз жақтары:

медициналық ғылым ұйымдарының, медициналық ЖОО-лардың ғылыми бөлімшелерімен кафедраларының жеткіліксіз материалдық-техникалық базасы;

отандық ғалымдардың ғылыми зерттемелері қорытындыларының бәсекеге төмен қабілеттілігі және аз талап етілуі, отандық ғалымдардың шетелде рецензияланатын журналдарда төмен деңгейде басылуы, қазақстандық журналдардың шетелде талап етілмеуі;

ғылыми зерттеулердің тиімсіз менеджменті;

ғылыми жобалар мен өтінімдерді сапасыз құрастыру;

зерттеушілердің жеткіліксіз әлеуеті және олардың өзін дамытуға уәжді арттырудың ұтымды тетіктің болмауы;

медициналық білімнің, ғылымның және практиканың жеткіліксіз интеграциясы;

практикалық денсаулық сақтаудың жоғары білікті мамандарын ғылыми зерттеулерге және зерттемелерге жұмылдырудың төмен деңгейі;

ғылыми-зерттеу үдерісіне жас мамандарды жұмылдыру тетіктерінің болмауы;

денсаулық сақтау жүйесінде ғылыми зерттеулер мен зерттемелердің нәтижесін қолдау, алға бастыру және коммерциялау инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы және іс жүзінде болмауы.

Мүмкіндігі:

мемлекетті, саланы дамыту Стратегиясының, қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілген денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасы болуы;

Дүниежүзілік банкпен бірігіп «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау секторында технологияларды беру және институционалдық реформаны жүргізу» бюджеттік инвестицияланған жобаны іске асыру;

Денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізу;

Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаудың ұлттық орталығын құру;

ғылымды қаржыландырудың жаңа нысандарын енгізу: базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы;

толық мәтінді ғылыми электрондық баспалардың (Web of Knowledge, Springer, Elsevier) халықаралық деректер базасына рұқсаттың болуы.

Қауіп-қатері:

медициналық және фармацевтикалық ғылым мен жаңа технологиялардың дамуымен байланысты ақпаратты қарқынды жаңарту;

экономикалық дағдарыстың кезекті толқынында ғылыми зерттеулерге бюджеттік қаражаттың жеткіліксіз бөлінуі;

перспективалық ғылыми кадрлардың шетелге баруы, мамандардың саладан кетуі.

 

 



3. Медициналық және фармацевтикалық ғылымды және денсаулық
сақтаудағы инновацияны дамытудың мақсаты, міндеті және қағидаттары

 

Мақсаты:



Ең озық халықаралық практиканы есепке алумен медициналық және фармацевтикалық ғылымды дамыту және инновациялық қызметті ынталандыру негізінде отандық денсаулық сақтаудың практикасына енгізілетін ғылыми зерттемелердің және медициналық технологиялардың бәсекеге қабілеттілігіне және талап етілуіне қол жеткізу.

Міндеті:

1) Ғылыми-инновациялық үдерістің барлық деңгейінде менеджменттті жетілдіру;

2) Денсаулық сақтау жүйесінің ғылыми және инновациялық инфрақұрылымын дамыту;

3) Ғылыми кадрларды даярлау сапасын арттыру, денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің ғылыми және инновациялық әлеуетін дамыту;

4) Практикалық денсаулық сақтауға және жемнің зерттеу кеңістігіне ғылыми өнімдер мен инновацияларды жылжытудың тиімді жүйесін қалыптастыру;

Тұжырымдаманы іске асыру мынадай қағидаттарға негізделеді: денсаулық сақтаудағы ғылыми және инновациялық қызметті адрестік қолдаудың ұтымды жүйесін қалыптастыру;

медициналық және фармацевтикалық ғылымның және денсаулық сақтаудағы инновациялық жүйенің институционалдық әлеуетін, ғылыми ұйымдардың, зерттеу ұжымдарының және жеке зерттеушілердің әлеуетін дамыту;

отандық денсаулық сақтаудың қажеттілігін болжау негізінде саланың ғылыми және инновациялық даму басымдылығын қалыптастыру;

барлық деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарының инновацияларға қабілеттілігін дамыту;

медициналық және фармацевтикалық ғылымда бәсекеге қабілетті ортаны дамыту;

отандық және шетелдік инвесторлар үшін денсаулық сақтаудың ғылыми-инновациялық сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыру;

отандық медициналық және фармацевтикалық ғылымды дүниежүзілік зерттеу кеңістігіне интеграциялау;

ғылым ұйымдарының және ғалымдардың ұтымдылығын бағалауда ең жоғары халықаралық стандарттарға бағыттау;

«идея - зертхана - клиника» бірыңғай инновациялық тізбекті құруды қамтамасыз ететін трансляциялық зерттеулерді дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет