Медицина ғылымын 2020 жылға дейін дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 23 тамыздағы №485 бұйрығы



бет2/3
Дата03.07.2016
өлшемі437.49 Kb.
#175257
1   2   3

Іске асыру мерзімі - 2013-2020 жылдар (бірінші кезең - 2013-2016 жж., екінші кезең - 2017-2020 жж.).

Тұжырымдаманы іске асырудың (1-ші кезеңінде) ғылыми-инновациялық үдерістің барлық деңгейінде менеджментті жетілдіру қамтамасыз етілетін болады, ғылыми және инновациялық инфрақұрылымды дамыту, ғылыми кадрларды даярлаудың сапасын арттыру, медициналық және фармацевтикалық ғылымды, білімді және практиканы интеграциялау үшін жағдайды қалыптастыру бойынша шаралар қабылданатын болады.

Тұжырымдаманы іске асырудың (2-ші кезеңінде) денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттемелер мен инновациялардың сапасын жақсарту және бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылады, бұл қазақстандық медициналық және фармацевтикалық ғылымды дүниежүзілік зерттеу кеңістігіне интеграциялауға себеп болады.



Жоғарыда аталған барлық іс-шараларды жүзеге асыру отандық денсаулық сақтауды халық денсаулығын сақтауды және жақсартуды қамтамасыз ететін озық медициналық технологиялармен және инновациялық өнімдермен қамтамасыз етуге, отандық денсаулық сақтау ұйымдарының ғылыми және инновациялық әлеуетін арттыруға, Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдай жасауға мүмкіндік береді, осылайша еліміздің халықаралық деңгейде одан әрі өсуін мойындауға себеп болады.

 

 



1-міндет. Ғылыми-инновациялық үдерістің барлық деңгейінде
менеджментті жетілдіру

 

Ғылыми-инновациялық үдерістің барлық деңгейінде менеджментті жетілдіру бойынша міндеттерді іске асыру мыналарды көздейді: кәсіби менеджерлер институтын және ғылым ұйымдарымен басқарудың транспаренттік нысандарын, ғылыми зерттеулердің халықаралық стандарттарын енгізу, денсаулық сақтау жүйесінде ғылыми және инновациялық қызметті басқаруды және қаржыландыруды жетілдіру:



1) Денсаулық сақтау саласында ғылыми және инновациялық қызметті басқарудың тиімді технологияларын дамыту мыналарды көздейді:

денсаулық сақтау саласында ғылымды басқарудың тиімді тетіктерін және қазіргі заманғы қағидаттарын әрі қарай дамыту;

ғылыми ұйымдарды бағалаудың рейтингтік жүйесі, ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындыларын бағалаудың біріңғай индикаторларын енгізу;

денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулердің басымдықтарын таңдау жүйесін енгізу;

биомедициналық зерттеулермен өнімдерді мониторингтен өткізу және қадағалау мақсатында денсаулық сақтау саласында тәжірибелік-конструкторлық және ғылыми зерттеулер бойынша ұлттық обсерваторияны құру.

2) Ғылыми зерттеулердің халықаралық стандарттарын енгізу мыналарды көздейді:

клиникалық және клиникаға дейінгі зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған база ретінде денсаулық сақтау ұйымдары және ғылыми ұйымдарының аккредиттеу процедурасын енгізу және өңдеу;

GLP талаптары және (немесе) халықаралық сапа стандарттарына сәйкес ғылыми зерханаларды аттестаттау тәжірибесін одан әрі дамыту;

ғылым саласындағы орталық және жергілікті этикалық коммисиялар рөлін күшейту және этикалық сараптаудың жалпыміндеттік процедурасын енгізу, оларды аккредиттеу нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру;

клиникалық және клиникаға дейінгі зерттеулерге рұқсат алу үшін міндетті түрде GLP және GCP стандарттары бойынша денсаулық сақтау жүйесі мамандарын тәуелсіз сертификаттауды енгізу;

3) Денсаулық сақтау жүйесінде ғылыми және инновациялық қызметті басқаруды және қаржыландыруды жетілдіру мананы көздейді:

инновацияны және ғылымды қаржыландырудың альтернативті көздерін тартудың тетіктерін, сонымен қатар елдегі іске асырылудағы мемлекеттік - жекеменшік серіктестік арқылы (МКС) кеңейту;

ғылыми медициналық ұйымдарында және ЖОО-да «Коммерциализациялау офистарын» құру;

инновациялық жобалар және ғылыми өнімдерді коммерциялизациялаудан алынған қаражат есебінде ғылыми медициналық ұйымдардағы ғылыми зерттеулерді қаржыландыру және өзін-өзі қаржыландырудың тәжірибесін енгізу;

Тұжырымдаманың осы міндеттерінің іске асырылуын бағалау және мониторингілеу үшін негізгі критерийлер мынандай индикаторларға қол жеткізу болып табылады:

 


Индикатордың атауы

Өлшем бірлігі

2012

2016 дейін

2020 дейін

Халықаралық рецензияланатын басылымдардағы 1 мақалаға шаққандағы ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық кадрлар саны

-

87

60

20

Денсаулық сақтау саласындағы тәжірибелік-конструкторлық өңдеулер және ғылыми зерттеулер бойынша ұлттық обсерваторияны құру

Бірлік

-

1

1

Халықаралық сапа стандарттарына және GLP талаптарына сәйкестікке сертификатталған зерттеу зертханаларының саны

Бірлік

3

6

10

Клиникалық зерттеулерді өткізу үшін клиникалық базалар ретінде аккредиттелген денсаулық сақтау ұйымдарының саны

Бірлік

-

10

30

Аккредитациясы бар жергілікті этикалық коммисиялардың үлесі

%

0

25

100

Грант негізінде іске асырылатын ғылыми бағдарламалардың саны

Бірлік

28

50

70

Ғылыми медициналық ұйымдардағы «коммерциализациялау офистарының» саны

Бірлік

-

2

6

Бюджеттен тыс негізде іске асырылатын ғылыми және инновациялық бағдарламалардың саны

бірлік

14

25

35

Шетелдік грант берушілерден алынған гранттың саны

бірлік

3

10

20

 

 

2-міндет. Денсаулық сақтау жүйесінің ғылыми және инновациялық


инфрақұрылымын дамыту

 

Денсаулық сақтау жүйесінің ғылыми және инновациялық инфрақұрылымын дамыту мыналарды көздейді: ғылыми және инновациялық инфрақұрылымның қазіргі заманғы нысандарын қалыптастыру және дамыту, ғылыми және инновациялық қызметті әдістемелік және ақпараттық сүйемелдеудің тиімді тетігін енгізу:



1) Ғылыми және инновациялық инфрақұрылымның қазіргі заманғы нысандарын қалыптастыру және дамыту мыналарды көздейді:

ғылыми ұйымдармен ЖОО-ды ұлттық және өңірлік деңгейде қалыптасатын инновациялық кластерлердің, технологиялық және ғылыми парктердің, бизнес-инкубаторлардың және старт-аптардың жұмысына енгізу;

биомедициналық ғылыми зерттеулерді жүргізетін университеттік клиникаларды дамыту және қалыптастыру, медицинадағы қазіргі заманғы жетістіктерді енгізу;

отандық медициналық ЖОО-дың зерттеу жүргізетін университет дәрежесін алуы.

2) Денсаулық сақтау саласында ғылыми және инновациялық қызметті әдістемелік және ақпараттық сүйемелдеудің ұтымды тетігін енгізу мыналарды көздейді:

ғылыми ұйымдарда және ЖОО-да ғылыми қызметті әдістемелік және ақпараттық сүйемелдеуді одан әрі дамыту (бөлімдер/ғылыми зерттеу менеджменті секторы, биостатистика, клиникалық эпидемиология, дәлелді медицина, патенттік-ақпараттық жұмыс);

ғылыми ұйымдарды және ЖОО-ды, ғылыми ұйымдарды және зерттеушілерді әлемдік озық провайдерлердің электрондық ғылыми-техникалық ақпарат көздеріне қол жетуін қамтамасыз ету;

денсаулық сақтау саласында ғылыми қызметкерлер, ғылыми зерттеулер және ғылыми өңдеулер бойынша дерекқорын және ақпараттық веб-порталды қалыптастыру,биомедициналық ғылыми зерттеулердің әдістемесі мәселелері бойынша республикалық периодикалық ғылыми-практикалық журнал шығару;

Тұжырымдаманың осы міндеттерінің іске асырылуын бағалау және мониторингілеу үшін негізгі критерийлер мынандай индикаторларға қол жеткізу болып табылады:

 


Индикатордың атауы

Өлшем бірлігі

2012

2016 дейін

2020 дейін

Инновациялық кластерлердің, технологиялық және ғылыми парктердің, бизнес-инкубаторлардың және старт-апттардың жұмысына қатысқан ғылыми ұйымдар мен ЖОО-дың үлесі

бірлік

-

25

75

Өзінің университеттік клиникасы бар ЖОО саны

бірлік

2

5

5

Ғылыми университет атағын иеленген медициналық ЖОО саны

бірлік

-

-

2

Денсаулық сақтау жүйесінің ғылыми қызметкерлерінің және инновациялық-белсенді мамандарының тізілімін құру

бірлік

-

1

1

Денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттемелердің және инновациялық қол жетімділіктердің деректер базасын қалыптастыру

бірлік

-

1

1



3-міндет. Ғылыми кадрларды даярлаудың сапасын арттыру, денсаулық
сақтау ұйымдары қызметкерлерінің ғылыми және инновациялық әлеуетін
дамыту

 

Ғылыми кадрларды даярлаудың сапасын арттыру, денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің ғылыми және инновациялық әлеуетін дамыту келесіні көздейді: ғылыми қызметкерлерді даярлаудың және үздіксіз кәсіптік дамытудың (бұдан әрі - ҮКД) бағдарламаларын жетілдіру, ғылыми қызметкерлердің және инновациялық-белсенді мамандардың қызметін уәждеудің және бағалаудың тиімді тетіктерін қалыптастыру, студенттік ғылымды дамыту және жас ғалымдарды қолдау үшін жағдай жасау:



1) Ғылыми қызметкерлерді даярлаудың және ҮКД сапасын арттыру: ғылыми қызметкерлердің негізгі құзыретін дамытуды, «аяқтау кезінде» білім деңгейін тәуелсіз бағалау рәсімімен түлектерді қамтуды қамтамасыз ететін - магистратураның және PhD докторантураның жаңа МЖМБС әзірлеу және енгізуді;

магистрларды және PhD докторларын даярлаудың көлемін арттыру және қос дәрежені ала отырып, білім беру бағдарламаларын енгізуді қоса, мамандықтардың және даярлау бағыттарының санын кеңейтуді;

ғылыми қызметкердің негізгі құзыреттерін дамытуға, ғылыми қызметкерге қосымша білім берудің мемлекеттік стандартын әзірлеуге негізделген ҮКД-дың жүйелі тәсілін енгізуді;

магистратура және докторантура бағдарламаларының шеңберінде ғылым саласында басқарушыларды даярлаудың мамандандырылған бағдарламаларын енгізу және менеджмент мәселелері бойынша ғылыми ұйымдардың басшыларын қайта даярлаудың және біліктілігін арттырудың тиімді жүйесін қалыптастыруды;

қашықтықтан және электрондық оқыту бағдарламаларының кең спектрін әзірлеуді және енгізуді - e-learning;

ғылыми ұйымдарда және ЖОО-да пост-докторантура институтын енгізуді (Post-Doctoral Research Fellowship Programs) көздейді.

2) Ғылыми зерттеулерге жас мамандарды қызықтыру және зерттеушілерді уәждемелеу тиімді тетіктерін ендіру:

ЖОО-да студенттік ғылыми инфрақұрылым үшін қажетті студенттік ғылыми үйірмесін және ҒЗИ, ҒО, ЖОО жас мамандар қоғамдастықтарын одан әрі дамыту;

еңбекақының жекеленген сараланған жүйесін қоса, бөлек зерттеушілерді және зерттеу ұжымдарын материалдық және материалдық емес тұрғыдан ынталандыру шараларының кең спектрін енгізуді;

медициналық білімнің барлық деңгейлерінде білім беру бағдарламаларына ғылыми бағытталған тәсілдерді енгізуді (Research-based Learning, Project-Based Learning) көздейді;

жас мамандармен студенттерге арналған ғылыми стипендиялар, ЖОО ішінде гранттарды бөлу жүйесін ендіру.

Тұжырымдаманың осы міндетін іске асыруды бағалау және мониторингілеу үшін негізгі критерийлері ретінде мынадай индикаторларға жету болады:

 


Индикатордың атауы

Өлшем бірлігі

2012

2016 дейін

2020 дейін

Ғылыми зерттеулердің менеджментіне және стандарттарына оқытылған ғылыми кадрлардың үлесін ұлғайту

%

30

50

95

Медициналық мамандықтар бойынша PhD докторантурада оқытуға жыл сайын бөлінетін орындардың саны

адам

30

50

80

Медициналық мамандықтар бойынша магистратурада оқытуға  жыл сайын бөлінетін орындардың саны

адам

150

300

350

Жалпы мақалалар ішінде халықаралық рецензиалық журналдардағы мақалардың үлес салмағы

%

3,2

8

15

Ғылыми және зерттеу бағдарламаларын және жобаларын іске асыруға жұмылдырылған студенттердің, интерндердің, резиденттердің үлес салмағы

%

0,1%

5%

201%

39 жасқа дейінгі ғылыми қызметкерлердің үлесі

%

40,7

49

55

Халықаралық және ЖОО аралық студенттік конференцияларға қатысатын (студенттердің, интерндердің, резиденттердің, магистранттардың, докторанттардың) білім оқушылардың үлес салмағы

%

0,5

5

20



4-міндет. Халықаралық ғылыми кеңістікке және практикалық денсаулық
сақтауға ғылыми өңдеулермен инновацияларды жылжытудың тиімді
жүйесін қалыптастыру

 

Ғылыми-инновациялық үдерістің барлық мүдделі субъектілерін интеграциялаудың және өзара іс-қимылының тиімді үлгісін енгізу: зерттеу университеттерін қалыптастыру және олардың базасында интеграцияланған академиялық жүйелерді дамытуды, ғылыми ұйымдардың ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелеріне қызығушылық танытқан барлық тараптармен өзара іс-қимылының тетіктерін дамытуды, ғылыми зерттемелерді және инновацияны әзірлеу, жылжыту және пайдалану үдерісінде үкіметтік емес ұйымдардың рөлін және бизнес-қоғамдастықтың қатысуын арттыруды, денсаулық сақтау ұйымдарының халықаралық ғылыми ынтымақтастығын жандандыруды көздейді:



1) Практикалық денсаулық сақтауға отандық ғалымдардың өңдеулерін трансферт жасау және шетелден инновацияларды тарту тиімді тетіктерін ендіру:

ғылыми-медициналық сараптау, медициналық технологияларды бағалау және медициналық оңалту, емдеу, диагностика жасаудың жаңа әдістерін қолданудың нормативтік-құқықтық қорын жетілдіру;

денсаулық сақтау саласында трансляциялық зерттеулер жүргізудің жүйесін дамыту;

отандық зерттеушілердің ғылыми өңдеулерін медициналық қызмет нарығына шығару тәжірибесін одан әрі дамыту.

2) Халықаралық ғылыми кеңістікте қазақстандық медициналық ғылымның интеграциялануы үшін жағдай жасау:

ғылыми-зерттеу ұйымдарымен ЖОО-ның халықаралық зерттеу бағдарламаларына қатысуын кеңейту;

ҚР территориясында өткізілетін халықаралық конференцияларға деген талаптарды күшейту және олардың өткізілуіне шетелдік жетекші мамандарды кеңінен тарту;

ғылыми басылымдардың халықаралық қорларына кіре отырып, халықаралық практикада көпшілік мақұлдаған «халықаралық рецензияланатын журналының» үлгісі бойынша қазақстандық ғылыми басылымдарды дамыту;

ғылыми ұйымдардың белсенділігінің жариялымы әлемдік рейтингіне және беделді әлемдік университеттік рейтингіне ғылыми ұйымдардың және медициналық кіруі.

Тұжырымдаманың осы міндетін іске асыруды бағалау және мониторингілеу үшін негізгі критерийлер ретінде мынадай индикаторларға жету болады:

 


Индикатордың атауы

Өлшем бірлігі

2012

2016 дейін

2020 дейін

Мемлекетке жыл сайын келетін жаңа медициналық технологиялар саны (МТБ процедурасын өткен)

бірлік

21

30

50

ҚР денсаулық сақтау жүйесінде орындалатын трансляциялық зерттеулер саны

бірлік

-

16

33

Өңірлерге жүйелі түрде жаңа технологияларды трансферт жасайтын және енгізетін клиникалық бейіндегі ғылыми ұйымдар және ЖОО (университеттік клиника) үлес салмағы

%

60

80

100

Уәкілетті органның келісуімен қолдануға берілген отандық ғалымдардың ғылыми өңдеулерінің саны

бірлік

-

10

10

Шетел ұйымдарының қатысуымен іске асырылатын ғылыми және инновациялық жобалардың саны

бірлік

8

15

30

Цитат алудың белсенді индексі бар ғылыми қызметкерлердің үлес салмағы

%

0,5

5

15

Патенттердің жалпы санындағы халықаралық патенттердің үлес салмағы

%

2,2

4

7

Жариялау белсенділігінің әлемдік рейтингіне кіретін медициналық ғылым ұйымдарының саны

бірлік

0

1

6

Басылымдардың жалпы санындағы халықаралық рецензияланатын журналдарда басылымдардың үлес салмағы

%

0

10

40

Әлемдегі ең озық университеттер рейтингінде белгіленген Қазақстандағы медициналық ЖОО саны

-

17

13

9



5. Тұжырымдаманы іске асыру көзделетін нормативтік құқықтық
актілердің тізбесі

 

Тұжырымдаманың міндеттерін іске асыру мынадай нормативтік құқықтық актілер арқылы қамтамасыз етіледі:



2) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі;

3) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» және «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары;

4) Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығы;

5) Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы.

 

Қазақстан Республикасы



Денсаулық сақтау министрінің

2013 жылғы 23 тамыздағы

485 бұйрығына



2-қосымша

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет