Медициналық биофизика және биостатистика модулі поәК



бет3/8
Дата05.07.2016
өлшемі1.23 Mb.
#179311
1   2   3   4   5   6   7   8

Аралық бақылау:

Жазбаша сұрау:

Критерийлер

Проценттік үлес

Барлық тапсырмаларды қатесіз орындау, дұрыс безендіру

91-100

Барлық тапсырмаларды орындау, дұрыс безендіру, есептеуде аздаған қателіктер жіберу

81-90


Тапсырманың 75% орындау,безендіруде және есептеуде аздаған қателіктер жіберу

75-80

Тапсырманың 50% қатесіз орындау

60-74

Тапсырманың 50% кем орындау немесе есептеуде өрескел қателіктер жіберу

50-59

Бақылау жұмысын орындау

Критерийлер

Проценттік үлес

Барлық тапсырмаларды қатесіз орындау, дұрыс безендіру

100

Барлық тапсырмаларды орындау, дұрыс безендіру, есептеуде аздаған қателіктер жіберу

90-99


Тапсырманың 75% қатесіз орындау, дұрыс безендіру

80-89

Тапсырманың 75% орындау, безендіруде және есептеуде аздаған қателіктер жіберу

75-79

Тапсырманың 50% қатесіз орындау

50-74

Тапсырманың 50% кем орындау немесе есептеуде өрескел қателіктер жіберу

0-49


Сынақ ведомостына пән бойынша қорытынды баға төменде келтірілген кестеге сәйкес баллдардың сандық және әріптік эквиваленттері бойынша қойылады.
Пән бойынша әріптік-баллдық- рейтингілік баға

Әріптік жүйе бойынша

бағалау

Баллдың

сандық эквиваленті

% пайыздық мәні

Дәстүрлі жүйе бойынша

бағалау


А

4,0

95-100

ҮЗДІК


А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

ЖАҚСЫ


В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ



С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ ЕМЕС

Мамандық: Қоғамдық денсаулық сақтау


Модуль: Медициналық биофизика және биостатистика


Дәрістер кешені

Курс: 3


Пән: Биологиялық статистика

Құрастырушылар: доцент Аймаханова А.Ш.

аға оқыт.Раманкулова А.А.

аға оқыт. Исмаилова М.М.

Алматы, 2012ж.

Модуль отырысында

талқыланды және бекітілді

№ ____ хаттама ______________ ж.

Модуль жетекшісінің м.а., профессор _________ Нұрмағанбетова М.О.

Дәріс БС - 1

Тақырып: «Биологиялық статистика» пәніне кіріспе
Мақсаты: Биологиялық статистика ұғымын қалыптастыру, «Биологиялық статистика» пәнін оқытудың мақсаттары және міндеттерімен, статистикалық әдістерді қолданудың негізгі аймақтарымен таныстыру.
Дәріс сұрақтары:


  1. «Биологиялық статистика» пәні және міндеттері.

  2. Деректер:

1) Деректер типтері

2) Деректерді өлше шкалалары

3) Деректердің графикалық түрде бейнеленуі.


  1. Биостатистикадағы өлшеулердің сенімділігі мен шынайылығы.


Дәріс тезистері:

ХХI ғасыр – дәлелді медицина ғасыры. Бұл дегеніміз, медицинада күннен-күнге нақты ғылымдар әдістері, соның ішінде, әсіресе, бірінші кезекте статистика үлкен роль атқарып келеді. Ғылыми негізделген медицинаның заманауи тұжырымдамасы биометриялық зерттеулерсіз мүмкін емес. Медициналық зерттеулер деректерін математикалық-статистикалық бейнелеу және профилактикалық, диагностикалық және емдеу шаралары мен процедураларының тиімділігін сипаттайтын туынды шамалардың айырмашылық мәндерін бағалау – дәлелді медицинаның бірден бір негізге алынатын бөлімі болып саналады.

Түрі статистикалық болып келетін биологиялық жиынтықтарды оқып- үйрену барысында да математикалық статистика әдістерін қолдану орынды болып отыр.Математикалық статистика әдістерін биологияда қолдануды биологиялық статистика деп атайды.

Статистика- бұл кездейсоқ деректер арасынан заңдылықтарды көруге, олардың ішіндегі нық байланыстарды ерекшелеуге, қабылданған барлық шешімдер үлесін арттыру әрекетін анықтауға мүмкіндік беретін ғылым

Статистика - бұл деректерді (бақылау нәтижелерін) жинау, топтау, жүйелеу, сипаттау, талдау және түсіндіру. Бұл бас жиынтықты және олардың өзгергіштігін зерттеу.

Статистиканың қоғамдық өмірдің қай саласын зерттеуіне байланысты өзіне тән арнайы атауы болады. Мәселен, өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, соттық статистикалар бар.

Медицина және биологияға байланысты сұрақтарды зерттейтін статистика биологиялық статистика деп аталады.

Биологиялық статистика – биологиялық нысандарды табиғи және экспериментті түрде зерттеулерді жоспарлау мен олардың нәтижелерін талдау ережелері туралы білімдер жүйесі.

Совет ғалымы П.Ф.Рокицкий 1967 жылы алғаш рет биологиялық статистика терминін енгізді.

Ғылыми негізделген медицинаның заманауи тұжырымдамасы биометриялық зерттеулерсіз мүмкін емес.

Биостатистика – пән ретінде биологиялық статистиканың негізгі жағдайлары мен әдістері.

Пән мақсаты – тірі табиғатта болып жатқан үрдістерді дұрыс сандық бағалауға үйрету.

Пән міндеттері- биологиялық жиынтықтарды бағалау үшін негізгі статистикалық критерийлермен таныстыру және оларды қолдануды үйрету.
Иллюстрациялық материал:

«БС ОЗ 1-Дәріс» Power Point презентациясы.


Әдебиет:

  1. Савилов Е.Д. Мамонтова Л.М. и др. Применение статистических методов в эпидемиологическом анализе.-М. «МЕДпресс-информ», 2004.

  2. Лукьянова Е.А. Медицинская статистика.- М.: Изд. РУДН, 2002.

  3. Гланц С. Медико-биологическая статистика – М.:Практика,1999.

  4. Рокицкий П.Ф. Биологическая статистика.- Высшая школа, 1973.


Бақылау сұрақтары:

  1. Биологиялық статистиканы оқыту пәні қандай?

  2. Биологиялық статистиканың алдында тұрған негізгі міндеттерді атаңыз.

  3. Биологиялық статистиканы қолданудың негізгі аймақтарын атаңыз.

  4. Өлшеу шкалаларының негізгі түрлері қандай?

  5. Биостатистиканың сенімділігі мен шынайылығы қандай әдістермен анықталады?

Дәріс БС - 2

Тақырып: Статистикалық жорамалдарды тексеру теориясының негіздері. Параметрлікәдістер.
Мақсаты: Статистикалық жорамалдарды тексеру теориясының негізгі принциптерімен және ұғымдары мен танысу. Нөлдік және балама жорамалдарды ұйғару, параметрлік критерийлерді дұрыс таңдау дағдыларын қалыптастыру
Дәріс сұрақтары:

  1. Жорамалдарды статистикалық тексеру міндеттері.

  2. Статистикалық жорамал. Статистикалық критерий. Жорамалды тексерудің негізгі қағидасы.

  3. Жорамалдарды тексеру әдістемесі.

  4. Таралу түрі жөніндегі жорамалды тексеру.

  5. Қалыпты таралған бас жиынтықтың параметрлері жөніндегі жорамалды тексеру. Стьюдент критерийі.


Дәріс тезистері:

Медициналық зерттеулерде ағзаның қалыпты және патологиялық, емдеуге дейін және емдеуден кейінгі немесе әртүрлі емдеу әдістерін қолданған жағдайларындағы көрсеткіштерін салыстыру маңызды орын алады. Басқаша айтқанда, статистикалық жорамалдарды тексеру интуициялық медицинаның емес, дәлелді медицинаның негізгі құралы болып табылады.

Статистикалық есептерді қолданумен байланысты практикада жиі кездесетін есептердің бірі, берілген таңдама негізінде бас жиынтыққа қатысты айтылған қандай-да бір ұйғарымды қабылдау немесе жоққа шығару туралы сұраққа жауап беру болып табылады.

Статистикалық әдістерді қолданумен байланысты практикада жиі кездесетін есептердің бірі, берілген таңдама негізінде бас жиынтыққа қатысты айтылған қандай да бір ұйғарымды қабылдау немесе жоққа шығару туралы сұраққа жауап беру болып табылады.

Мылалы, жаңа дәрі адамдардың белгілі бір санында сыналды делік. Осы емдеу нәтижесі бойынша, жаңа дәрі бұдан бұрын қолданып келген емдеу әдісіне қарағанда тиімді деп дәлелді қорытынды жасауға бола ма?

Айтылған ұйғарымды (жорамалды) таңдама деректерімен салыстыру үрдісі жорамалдарды тексеру деп аталады.

Статистикалық жорамал – бұл таңдама көрсеткіштерінің негізінде тексеру болатын бас жиынтықтың таралу түрі жөніндегі немесе белгісіз параметрлерінің шамасы жөнінднгі ұйғарым.

Статистикалық жорамалдардың мысалы:



  1. Бас жиынтық қалыпты таралған.

  2. Қалыпты таралған екі жиынтықтың орта мәндері тең.

Түрі белгілі таралудың параметрлері жөніндегі статистикалық жорамалдар параметрлік жорамалдар, ал белгісіз таралудың түрі жөніндегі жорамалдар параметрлік емес жорамалдардеп аталады.

Статистикалық жорамалдар таңдама деректері негізінде статистикалық әдістермен тексеріледі. Жорамалдарды статистикалық тексеруге әртүрлі үрдістерді салыстыру және бағалау жатады: емдеудің тиімділігі, ауырудың және одан жазылу кезеңдерінің ұзақтығы, сырқаттың ауырлығы, емдеу әдістері.

Тексерілуге жататын негізгі жорамал нөлдік жорамал деп аталады және Н0 арқылы белгіленеді.

Нөлдік жорамалмен бәсекелес, яғни оған қарама-қайшы келетін жорамал балама жорамал деп аталады және Н1 арқылы белгіленеді.

Бір ғана ұйғарымнан тұратын жорамал жай, ал жай жорамалдардың шекті немесе шексіз санынан тұратын жорамал күрделі деп аталады.

Мысалы, Н0: а=а0 - жай,

Н0: а>5 - күрделі.

Н0 жорамалын қабылдау немесе жоққа шығару жөніндегі ереже статистикалық критерий деп аталадыназывается.

Жорамалды тексеру X1,X2,…,Xn таңдамаларының нәтижелері негізінде Tn=T(X1,X2,…,Xn ) таңдама функциясын құру арқылы жүзеге асады. Tn функциясын критерий статистикасы деп атайды.

Жорамалдарды тексерудің негізгі принципі:

Tn критерий статистикасының мүмкін мәндер жиыны екі қиылыспайтын ішкі жиындарға бөлінеді:



  1. S сыни аймағы, яғни Н0 жорамалын жоққа шығару аймағы,

  2. жорамалды қабылдау аймағы.

Егер критерий статистикалық бақылау нәтижелері бойынша есептелген мәндері (Tбақ=T(X1,X2,…,Xn )) S сыни аймағына түссе, онда Н0 жоққа шығарылады және Н1қабылданады, егер Тбақаймағына түссе, онда Н0 қабылданады, ал Н1 жоққа шығарылады.

Статистикалық жорамалдарды қабылдау немесе жоққа шығару туралы шешім таңдама деректері бойынша қабылданады. Сондықтан, шешімнің қате болу мүмкіндігімен санасу қажет. Қателік екі текті болуы мүмкін.



Бірінші текті қателік - Н0 жоққа шығару, негізінде ол дұрыс.

Екінші текті қателік - Н0 қабылдау, негізінде ол дұрыс емес.

Бірінші текті қателікті жіберу ықтималдығы критерийдің мәнділік деңгейі деп аталады және (альфа) арқылы белгіленеді.

Екінші текті қателікті жібермеу ықтималдығыкритерийдің қуаттылығы деп аталады және (бета) арқылы белгіленеді.

Параметрлік критерийлер қалыпты таралған жиынтықтың параметрлері жөніндегі жорамалдарды тексеру үшін қолданады. Ең көп таралған параметрлік критерий - Стьюденттің t-критерийі. Тәуелді және тәуелсіз таңдамалар үшін сәйкес Стьюденттің жұптасқан және жұптаспаған критерийлері қолданылады.

Стьюдент критерийі медициналық-биологиялық зерттеулерге тән көлемдері аз таңдамалар үшін қолданылады.
Иллюстрациялық материал:

«БС ОЗ 2-Дәріс» Power Point презентациясы.


Әдебиет:

  1. Медик В.А.,Токмачев М.С.,Фишман Б.Б.Статистика в медицине и биологии. М.: Медицина, 2000.

  2. Лукьянова Е.А. Медицинская статистика.- М.: Изд. РУДН, 2002.

  3. Рокицкий П.Ф. Биологическая статистика.- Высшая школа, 1973.

  4. И.В. Павлушков и др. Основы высшей математики и математической статистики. (учебник для медицинских и фармацевтических вузов) М., «ГЭОТАР - МЕД»; 2008


Бақылау сұрақтары:

  1. Жорамалдарды статистикалық тексеру теориясының міндеттерін атаныз.

  2. Жорамалдарды тексеру әдістемесі қалай жүзеге асады?

  3. Параметрліккритерийлер мен олардың қолданылу жағдайларын атаңыз.

Дәріс БС - 3

Тақырып: Статистикалық жорамалдарды тексеру теориясының негіздері. Параметрлік емес әдістер.
Мақсаты: Статистикалық жорамалдарды тексерудің параметрлік емес критерийлерімен танысу.Параметрлік критерийлер мен келісім критерийлерін есептеу дағдыларын қалыптастыру.
Дәріс сұрақтары:

1. Параметрлік емес критерийлер және олардың қолданылуы.

2. Манн – Уитни критерийі.

3. Тәуелді таңдамалар үшін критерийлер: Уилкоксон критерийі.

4. Пирсонның Xu-квадрат, Колмогоров –Смирновтың келісім критерийлері.
Дәріс тезисі:

Бас жиынтықтан алынған кейбір таңдамалардың таралу түрі белгісіз, алайда оның қандай-да бір түрі туралы айтуға болатындай жағдайлар жиі кездеседі.Мұндай жағдайларда нөлдік жорамал төмендегідей түрде ұйғарылады: Н0 – бас жиынтық А заңы бойынша таралған.



Келісім критерийі – бұл түрі белгісіз таралудың ұйғарылған заңы жөніндегі жорамалды тексеру критерийі.Оның көмегімен эмпирикалық деректер мен теориялық деректердің келісілетіні немесе келісілмейтіні тексеріледі.

Пирсонның Хи-квадрат келісім критерийітаралудың заңы жөніндегі жай жорамалды тексеру үшін ең жиі қолданылатын критерий.Тексеру үшін нөлдік жорамалды ұйғарады Н0: “эмпирикалық таралу мен теориялық таралудың арасында ешқандай айырмашылық жоқ”.Критерийді қолданудың негізгі идеясы теориялық жиіліктер мен эмпирикалық жиіліктерді салыстыру болып табылады. Егер эмпирикалық жиіліктер (ni) теориялық жиіліктерден (npi) қатты ерекшеленетін болса, онда тексерілетін жорамалды жоққа шығару керек; керісінше жағдайда қабылдау қажет.

Колмогоров-Смирновтың келісім критерийі мәндердің аз санында да жеткілікті сезімтал болып келеді. Оны кез-келген таралудың сәйкестігін тексеру үшін қолдануға болады. Алайда, жорамал бойынша тағайындалған таралу функциясы үздіксіз болуы керек екендігін ескеру қажет.

Параметрлік емес критерийлер бас жиынтықтың таралу түріне тәуелсіз, берілген жиынтықтың варианталары мен олардың жиіліктеріне ғана тәуелді функциялар болып табылады.Параметрлік емес критерийлер параметрлік критерийлер үшін қажетті болып табылатын таралудың кейбір параметрлерін есептеуді талап етпейді.Сондықтан параметрлік емес критерийлерді және параметрлік емес статистика әдістерін параметрден бос немесе еркін таралған деп атайды.

Параметрлік емес критерийлерді қолданудың тиімділігі мен мүмкіндіктері:


  • зерттелетін жиынтықтың таралу түрі белгісіз, бұл көбіне көлемі аз жиынтықтармен жұмыс істегенде мәнді;

  • сандық және сапалық белгілермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді;

  • таңдама орта және таңдама ортаның стандартты қатесін есептеу талап етілмейді;

  • зерттеліп отырған жиынтықтар арасында айырмашылықтардың бар немесе жоқ екендігін анықтауға, егер бар болса олардың кездейсоқ немесе заңдылық екендігін тағайындауға мүмкіндік береді;

  • зерттелетін құбылыстар немесе белгілер арасындағы байланысты немесе тәуелділікті анықтауға мүмкіндік береді;

Параметрлік критерийлердің параметрлік емес аналогтары бар.Стьюденттің жұптаспаған критерийі үшін параметрлік емес Манна-Уитни, жұптасқан критерийі үшін параметрлік емес Уилкоксон критерийлері аналогтары болып табылады.

Манн-Уитни критерийі байланыспаған таңдамалардың n1, n2<60 болғанда салыстырылатын таңдамалардың бір ғана бас жиынтықтан алынғандықтары жөніндегі жорамалды тексеру үшін қолданылады.

Уилкоксон критерийі (жұптасқан Т-критерий) байланысқан жиынтықтар үшін жеткілікті дәлдікпен айырмашылықтарды бағалауға қолданылады.

Әрбір зерттеу үшін сәйкес статистикалық өңдеу әдісін дұрыс таңдау – кез-келген зерттеудің бірден-бір ең маңызды мезеттерінің бірі.



Иллюстрациялық материал:

«БС ОЗ 3-дәріс» Power Point презентациясы.


Әдебиет:

  1. Медик В.А.,Токмачев М.С.,Фишман Б.Б.Статистика в медицине и биологии. М.:Медицина, 2000.

  2. Лукьянова Е.А. Медицинская статистика.- М.: Изд. РУДН, 2002.

  3. Рокицкий П.Ф. Биологическая статистика.- Высшая школа, 1973.

  4. И.В. Павлушков и др. Основы высшей математики и математической статистики. (учебник для медицинских и фармацевтических вузов) М., «ГЭОТАР - МЕД»; 2008


Бақылау сұрақтары:

  1. Параметрлік емес критерийлер кезіндегі жорамалдарды атаңыз.

  2. Ранжирлеу қалай жүзеге асырылады?

  3. Келісім критерийлерін және олардың қолдану жағдайларын атаңыз.

Дәріс БС - 4

Тақырып:Медицина мен денсаулық сақтаудағы дисперсиялық талдау.
Мақсаты:Дисперсиялық талдаумен, оны қолданудың ерекшеліктерімен танысу.
Дәріс сұрақтары:

  1. Дисперсиялық талдау: негізгі түсініктер.

  2. Бірфакторлы дисперсиялық талдау.

  3. Екіфакторлы дисперсиялық талдау.


Дәріс тезисі:

Дисперсиялық талдау теориясының негізін ХХ ғ. 20-жылдарында ағылшын математигі және генетигі Рональд Фишер қалаған.

Соңғы нәтижеге ықпал ететін нәрсефактордеп аталады. Фактордың әртүрлі мәндері фактор деңгейі деп аталады. Өлшенетін белгінің мәні жауап деп аталады.

Факторлардың соңғы нәтижеге ықпалын зерттеу үшін статистикалық материал керек. Әдетте оны төмендегідей жолмен алады: өңдеудің әрбір k тәсілін зерттеліп отырған нысанға бірнеше рет қолданады да, нәтижелерін жазып отырады. Мұндай сынаулардың нәтижесі көлемдері әртүрлі kтаңдама болып шығады.



Дисперсиялық талдау деп екі немесе одан көп таңдамаларды таңдама дисперсияларды салыстыру арқылы зерттеуге арналған статистикалық әдістер тобын айтады. Дисперсиялық талдау зерттелетін факторлардың санына қарай бірфакторлық және көпфакторлық дисперсиялық талдаулар болып бөлінеді.

Дисперсиялық талдау бірнеше деңгейлермен сипатталатын факторлардың ықпалын зерттеу үшін қолданылады.

X1,X2,…,Xk бас жиынтықтары бар болсын делік:

- барлықkбас жиынтықтар қалыпты таралған;

- барлық бас жиынтықтардың дисперсиялары бірдей.

Осы шарттар негізінде берілген α мәнділік деңгейі бойынша орта мәндердің теңдіктері жөніндегі жорамалды тексеру керек.

H0: (1)

Сонымен, әр бас жиынтықтан таңдама ала отырып, kтаңдама орталардың айырмашылықтарының статистикалық мәнді немесе мәнді емес екендігін анықтау талап етіледі.

Барлықkбас жиынтықтар таза күйде бірдей және олардың тек дисперсиялары ғана емес, сонымен бірге орта мәндері де тең деп ұйғаруға болар еді. Алайда, бас жиынтықтардың әрқайсысы тәжірибеге кіретін бір немесе бірнеше сапалық факторлардың ықпалына түсуеді, ол факторлар бас жиынтықтардың орта мәндерін өзгертулері мүмкін.

Бірфакторлық дисперсиялық талдау.

Қандай-бір kдеңгейлі А факторының: А12,...,Аk, қалыпты таралған Х шамасының мәндерінің қалыптасуына ықпалы зерттелсін.

Дисперсиялық талдаудың негізгі идеясы – таңдама дисперсияны екі компонентке бөлу,олардың біреуі орта мәндердің өзгеруіне ықпал ететін факторға сәйкес (факторлық дисперсия), ал екіншісі кездейсоқ себептерден туатын және орта мәндердің өзгеруіне ықпал етпейтін (қалдық дисперсия) дисперсия.

Орта мәндердің өзгергіштігіне фактордың ықпалы сәйкес келетін таңдама дисперсия факторлық дисперсия деп аталады.Кездейсоқ себептерден туатын және орта мәндердің өзгергіштігіне ықпал етпейтін таңдама дисперсияқалдық дисперсия деп аталады.

Осы компоненттерді Фишер критерийі көмегімен салыстыру зерттелетін фактордың ықпалын сандық бағалауға мүмкіндік береді.

Ауытқулар квадраттарының қосындылары.Жалпы,факторлық және қалдық дисперсиялар.

Дисперсиялық талдау әдісінің теориялық мәнін түсіну үшін алдымен ауытқулардың квадраттарының жалпы, факторлық және қалдық қосындыларын қарастырады.



Квадраттар қосындыларының мағынасы:

Егер А факторы қандай-да бір деңгейде Х белгісіне ықпал етсе, онда осы деңгейге сәйкес келетін таңдамада ол топтама орта мәнді өзгертеді, және бұл топтама орта жалпы ортадан фактор әсері үлкен болған сайын күштірек ерекшеленеді. Ал топтама орта мен жалпы ортаның айырмашылығы неғұрлым көп болса, соғұрлым шамасы да үлкен. Яғни,фактордың әсер ету дәрежесі мен шамасының арасында тікелей тәуелділіктің бар екендігін айтуға болады.



Квадраттар қосындылары үшін мына теңдік дұрыс.

(6)

Топтама орталарға фактордың ықпалын зерттеу үшін табылған ауытқулардың квадраттарының қосындыларын қолдануға болады, алайда SS–тан ауытқулардың орта квадраттарына көшкен ыңғайлы.Орта квадратты MS(Mean Sqare) арқылы белгілеу қабылданған.

Жалпы ортаға қарасты топтардың орта мәндерінің шашылуын сипаттайтын факторлық дисперсияны топаралық дисперсия деп атайды.

Топтардың түзетілген таңдама дисперсияларының арифметикалық ортасы болатын қалдық дисперсияны топішілік дисперсия деп атайды.



Бірфакторлы дисперсиялық талдаудың негізі топаралық және топішілік дисперсияларды салыстыру болып табылады.

Дисперсиялық талдауды жүргізу әдістемесі.

  1. Нөлдік және балама жорамалдарды ұйғарамыз:

Н0: бас топтама орталар өзара теңa1=a2=…=ak, және сол сияқты таңдама орталар арасындағы айырмашылықтар кездейсоқ, фактор мәнді ықпал етпейді.

H1: таңдама орталар арасындағы айырмашылықтар кездейсоқ емес, және олар фактордың ықпалынан туған.

2. αмәнділік деңгейі беріледі ( мысалы, α=0,05 немесеα=0,01)

3. жәнеесептеледі.

Егер, онданөлдік жорамал қабылданады.

Егер, онда (15) функциясы есептеледі (Фишер статистикасы).

4. есептелгеннен кейін Фишер таралуының сыни мәндері кестесінен k-1 және k(r-1)еркіндік дәрежелері сандарына сәйкес табылады.

5. және салыстырылады.Егер<болса, онда берілген мәнділік деңгейінде Н0нөлдік жорамалы қабылданады және фактор орта мәндерге маңызды ықпал етпейді деген қорытынды жасалынады. Егер>болса, онда нөлдік жорамал жоққа шығарылады және фактор ықпалы маңызды деп танылады.

6.Сонымен, F критерийінің таңдама бойынша есептелген мәні орта мәндердің теңдіктері жөніндегі нөлдік жорамалды қабылдаумен немесе жоққа шығарумен тікелей байланысты.ӘдеттеF критерийін дисперсиялық қатынас деп те атайды.
Иллюстрациялық материал:

«БС ОЗ 4-Дәріс» Power Point презентациясы.



Әдебиет:

  1. Медик В.А.,Токмачев М.С.,Фишман Б.Б.Статистика в медицине и биологии. М.: Медицина, 2000.

  2. Лукьянова Е.А. Медицинская статистика.- М.: Изд. РУДН, 2002.

  3. Рокицкий П.Ф. Биологическая статистика.- Высшая школа, 1973.


Бақылау сұрақтары:

  1. Дисперсиялық талдаудың ерекшеліктері неде?

  2. Дисперсиялық талдау көмегімен қандай статистикалық жорамалдар тексеріледі?

  3. Бірфакторлы және екіфакторлы дисперсиялық талдаудың айырмашылықтары неде?

Дәріс БС - 5

Тақырып: Статистикалық зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру.
Мақсаты:Медициналық-биологиялық тәжірибе сатыларымен танысу, статистикалық критерийлердің, соның ішінде қолдану аясының білімдерін жалпылау.
Дәріс сұрақтары:

  1. Медициналық-биологиялық тәжірибе сұрақтары.

  2. Медициналық-биологиялық тәжірибе сатылары.

    1. Медициналық-биологиялық тәжірибе сатылары.

    2. Клиникалық зерттеулер жоспарының түрлері.

    3. Статистикалық әдістердің қолданылу аясы.

  3. Биомедициналық деректерді талдаудың статистикалық пакеттері.


Дәріс тезисі:

Зерттеу мақсаты медицина ғылымы және денсаулық сақтау практикасы үшін өзекті болуы тиіс, таңдалынып алынған мәселені шешу жолдарын анықтауы. Зерттеу міндеті – бұл мақсаттың нақтыланған,кеңейтілген және дәлденген анықтамасы, яғни оның адымдап жүзеге асуы.

Жоспарлау деп:



  • Бақылау бірлігін анықтау және материалды жинау (анкеталар, карталар, сұрау парақтары және т.б.) бағдарламасын құру;

  • Материалды жасау бағдарламасын құру;

  • Жиналған материалдарды талдау бағдарламасын құру.

Белгілердің топтамасы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет