Медициналық биофизика және биостатистика модулі поәК



бет1/8
Дата05.07.2016
өлшемі1.23 Mb.
#179311
  1   2   3   4   5   6   7   8










С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

МЕДИЦИНАЛЫҚ БИОФИЗИКА ЖӘНЕ БИОСТАТИСТИКА МОДУЛІ

ПОӘК




Силлабус

Пән Биологиялық статистика - BS2220


Мамандық 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»


Курс

-

Үшінші

Семестр VI













Барлығы

-

1 кредит (45 сағат)
















Дәрістер

-

5 сағат
















Практикалық сабақтар

-

10 сағат
















СОБЖӨЖ

-

7 сағат
















Барлық аудиториялық

-

22 сағат
















СӨЖ

-

23 сағат
















Бақылау түрі

-

Емтихан



Алматы, 2012

Силлабус «Медициналық білім мен ғылымның инновациялық технологиялар республикалық орталығы» ЖШС бекіткен (№5 хаттама 20.03.09ж.) типтік бағдарламасы негізінде медициналық биофизика және биостатистика модулінің доценті Аймаханова А.Ш. және аға оқытушы Раманқұлова А.А. дайындаған.
Силлабус модуль отырысында талқыланған

№____хаттама «___»_________2012ж.


Медициналық биофизика және биостатистика

модулінің жетекшісінің м.а., профессор ______________________ Нұрмағанбетова М.О.




1. ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР

ЖОО аты

-

С.Ж. Асфендияров ат.Қазақ Ұлттық Медицина университеті

Модуль

-

Медициналық биофизика және биостатистика

Пән

-

BS2220 «Биологиялық статистика»

Мамандығы

-

051102 -«Қоғамдық денсаулық сақтау»

Оқу сағатының көлемі

-

1 кредит (45 сағат)

Курс және оқу семестрі

-

3 курс, 6 семестр

Модуль оқытушылары туралы мәліметтер:

Аймаханова Айзат Шалхаровна

-

доцент

Раманқұлова Алима Абдрамбековна

-

аға оқытушы


Байланыс ақпараты:

Медициналық биофизика және биостатистика модулінің мекен жайы: Алматы қ., Богенбай батыр көшесі 151, № 2 оқу корпусы, 2- қабат (оң қанат) тел. 292-69-86 ішкі 219,190


Пәннің саясаты

Студент міндетті:



  • дәрістерге, практикалық сабақтарға кешікпей және халатпен келу;

  • себепсіз сабақ жібермеу, себепті жағдайда сабақ жібергенде , мысалға, ауырып қалған жағдайда жіберілген сабақтарды өтеуге деканат тарапынан рұқсат алып келу;

  • жіберілген сабақтар оқытушы тағайындаған белгілі уақытта өтелуі тиіс;

  • практикалық сабақтардың тапсырмалары талапқа сәйкес орындалуы және безендірілуі қажет;

  • жұмыстың барлық түрлері тағайындалған мерзімде тапсырылуы керек;

  • тағайындалған мерзімнен кеш тапсырылған жұмыстар қарастырылмайды;

  • аралық бақылауларды және бақылау жұмыстарын тапсырмағандар, семестр бойы 30 бал (50%) жинамаған студентер диф.сынаққа жіберілмейді.


2. БАҒДАРЛАМА

2.1 КІРІСПЕ

Денсаулық сақтау мен клиникалық медицинада клиникалық диагноз, тұрғындардың белгілі бір тобында қандай да бір бағдарламаның мүмкін болатын нәтижелерін болжау, аурудың сырқаттанушылығының ағымын болжау, аурулар үшін емдеу түрін таңдау сияқты мәселелер бойынша шешім қабылдау барысында әртүрлі статистикалық тұжырымдамалар жиі қолданылады. Статистика күнделікті лабораториялық практикада қолданыс табуда. Статистиканы білу қазіргі заманғы медициналық басылымдарды түсіну үшін және оларды сын көзбен бағалай білу үшін де өте маңызды. Сонымен, статистиканың принциптерін білу денсаулық сақтаудағы әртүрлі жағдайлар мен ағымдардың айырмашылықтарын бағалауға арналған зерттеулерді жоспарлау, жүргізу және талдау үшін, сол сияқты медициналық биология, клиника және денсаулық сақтау салалары бойынша ғылыми зерттеулер орындау үшін тіптен қажет.



Биостатистика – медицина, денсаулық сақтау және эпидемиологиядағы ғылыми зерттеулерде статистикалық әдістерді қолданумен байланысты ғылыми сала. Практикаға дәлелді медицинаның принциптерін ендіру медициналық жоғары оқу орындарының қазіргі заманғы түлектері үшін биостатистиканы түсіну қажеттілігінің қаншалықты маңызды екендігін айқындап отыр.

Биостатистика пәні бойынша типтік бағдарламаға медицина-биологиялық статистика теориясының негіздері, статистикалық жорамалдарды тексеру, медицина мен қоғамдық денсаулық сақтаудағы дисперсиялық, регрессиялық, корреляциялық талдаулар негіздері,стандарттау әдісі, тәжірибені жоспарлау және жүргізу негіздері енгізілді.

Теориялық зерттеулерде болсын, сол сияқты қоғамдық денсаулық сақтау ұйымдастырушысының практикалық қызметінде болсын, медициналық және биологиялық деректерді статистикалық талдау мәдениетін жоғарылату қажеттілігінің туындауы, ең алдымен, деректерді бейнелеу мен жүйелеу мәселелерін компьютерлік құралдармен іске асырудың заманауи жетістіктерімен түсіндіріледі.

Студентке SAS,SPSS статистикалық кәсіптік, Statisticа әмбебап қолданбалы бағдарламалар пакеттерін қолдана білу және алынған нәтижелерді дәл түсіндіре білу ерекше маңызды.


2.2 ПӘН МАҚСАТЫ

  • Биостатистиканың теориялық негіздерін қалыптастыру.

  • Статистикалық өңдеу әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыру.

  • Студенттерде қолданбалы есептерде математикалық талдау жасай білу іскерлігін қалыптастыру.

  • Кәсіптік әдебиеттермен жұмыс істегенде аналитикалық қабілеттіліктерін қалыптастыру және дамыту.

  • Жекеаралық қатынас дағдыларын жетілдіру.


2.3 ПӘНДІ ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ

  • биологиялық және медициналық деректерді өңдеудің қазіргі заманғы статистикалық әдістері жөнінде білім негіздерін қалыптастыру;

  • биологиялық және медициналық деректерді өңдеу үшін қазіргі заманғы статистикалық әдістерді қолданудың негізгі дағдыларын қалыптастыру.


2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері

“ Биологиялық статистика ” курсын меңгеру нәтижесінде



студент білуі тиіс

  • деректер түрлері және оларды бейнелеу тәсілдері;

  • өлшеу шкалалары;

  • сәйкестік критерийлері;

  • зерттеулердегі жүйелік қателердің түрлері;

  • белгілердің қалыпты таралу заңының қасиеттері;

  • дисперсиялық талдау;

  • корреляциялық тәуелділік;

  • Пирсонның корреляция коэффициенті, Спирменнің рангілік корреляция коэффициенті;

  • жорамалдарды тексерудің параметрлік емес критерийлері;

  • Стьюденттің t критерийі;

  • эпидемиологиялық талдаудың негізгі критерийлері;

  • медицина-биологиялық тәжірибенің кезеңдері;

  • компьютерлік статистикалық қолданбалы бағдарламалар пакеті: SPSS, Statistica, SAS;

игеруі тиіс:

  • деректерді өңдеудің статистикалық әдістерін қолдану;

  • биостатистикадағы өлшеулердің сенімділігі мен шынайылығын бағалау, айырмашылықтардың статистикалық мәнділігін анықтау;

  • таңдама жиынтық үшін бақылау бірліктерін іріктеу;

  • таралудың статистикалық қатарларын анықтау және олардың теориялық таралу заңдарына сәйкестігін бағалау;

  • статистикалық қатардың сандық сипаттамаларын анықтау және олардың дәлдігі мен сенімділігін бағалау;

  • бас жиынтықтың нүктелік және аралық бағаларын табу;

  • бірфакторлық, екі факторлық дисперсиялық талдау әдістерін қолдану;

  • статистикалық жорамалдарды тексеру;

  • корреляцияның таңдама коэффициентін есептеу;

игеруі тиіс дағдылар:

  • SPSS, Statistica,SAS қолданбалы бағдарламалар пакеттерімен жұмыс істеу;

  • Стьюденттің t –критерийімен жұмыс істеу.


2.5 Пәннің алғы реквизиттері: информатика, медициналық биофизика, молекулярлық биология және медициналық генетика, қоғамдық денсаулық сақтау.
2.6 Пәннің кейінгі реквизиттері:

  1. қоғамдық денсаулық сақтау,

  2. эпидемиология,

  3. дәлелді медицина негіздері.


2.7 ПӘННІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

Биостатистика пәніне кіріспе. Таңдама тәсіл. Статистикалық жорамалдарды тексеру теориясының негіздері. Таралудың түрі жөніндегі статистикалық жорамалдарды тексеру. Дисперсиялық талдау негіздері. Эпидемиологиялық талдаулардағы статистикалық әдістер. Корреляциялық-регрессиялық талдау. Медициналық-биологиялық зерттеулерді жоспарлау және жүргізу. SAS, SPSS, STATISTICA қолданбалы бағдарламалар пакеттерінің биомедициналық деректерге статистикалық талдаулар жасауда қолданылуы.


2.8 ДӘРІСТЕРДІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ, ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР, СӨЖ:

ДӘРІСТІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:



р/н №

Тақырыбы



Өткізу түрі

Сағат бойынша ұзақтығы

1

Кіріспе. Биостатистика негіздері.

Биостатистика пәні және міндеттері. Ф.Гальтон, К.Пирсон және Р.Фишердің биометрикадағы рольдері. Деректерді жинау, топтау және графиктік түрде кескіндеу. Өлшеу шкалаларының түрлері. Сандық және сапалық белгілер. Қалыпты таралу және оның параметрлері.



Презента-ция түрінде ақпараттық

хабарлама



1

2

Статистикалық жорамалдарды тексеру теориясының негіздері. Параметрлік критерийлер.

Медицина-биологиялық зерттеулерде қолданылатын статистикалық жорамалдар. Қателіктердің екі тегі. Сенім ықтималдығы және мәнділік деңгейі. Критерий қуаттылығы. Статистикалық критерийлер. Қалыпты таралған жиынтықтардың параметрлері жөніндегі жорамалдарды тексеру. Биомедициналық деректерді талдау үшін Стьюденттің t-критерийі.



Презента-ция түрінде ақпараттық

хабарлама



1

3

Статистикалық жорамалдарды тексеру теориясының негіздері. Параметрлік емес критерийлер.

Келісім критерийлері. Таралудың түрі жөніндегі жорамалдарды тексеру. Пирсонның Хи-квадрат, келісім критерийі. Манна-Уитнидің, Уилкоксонның параметрлік емес критерийлері.



Презента-ция түрінде ақпараттық

хабарлама



1

4

Медицинадағы және қоғамдық денсаулық сақтаудағы дисперсиялық талдау негіздері.

Дисперсиялық талдаудың негізгі ұғымдары. Дисперсиялық талдау көмегімен тексерілетін статистикалық жорамалдар. Жалпы, факторлық және қалдық дисперсиялар. Бірфакторлы дисперсиялық талдау. Дисперсиялық талдауды денсаулық сақтауда қолдану.



Презента-ция түрінде ақпараттық

хабарлама



1

5

Медицина-биологиялық зерттеулерді жоспарлау және жүргізу.

Медицина-биологиялық тәжірибелердің кезеңдері. Деректерді өңдеу үшін статистикалық әдістерді таңдау. Биомедициналық деректерді талдауға арналған статистикалық пакеттер. Дербес компьютерлерде жұмыс істейтін статистикалық пакеттерге қойылатын заманауи талаптар. Негізгі статистикалық қолданбалы бағдарламалар пакеті: SAS, SPSS, STATISTICA.



Презента-ция түрінде ақпараттық

хабарлама



1





Барлығы:_____5'>Барлығы:




5

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:



р/н №

Тақырыбы

Өткізу түрі

Сағат бойынша ұзақтығы

1

Таңдама тәсіл.

Деректерді статистикалық топтау, жүйелеу және бейнелеу. Арифметикалық ортаны, орта квадраттық ауытқуды, стандарттық қатені есептеу. Статистикалық деректерді жиіліктің полигоны, гистограммасы, диаграммалар түрінде кескіндеу.



«Таңдама тәсіл» тақырыбы бойынша тесттік бақылау.

Практика-лық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері

1

2

Статистикалық жорамалдарды тексеру. Параметрлік әдістер.

Қалыпты таралған жиынтықтардың параметрлері жөніндегі жорамалдарды тексеру. Но нөлдік жорамалын H1 балама жорамалға қатысты тексеру. Стьюденттің жұптасқан критерийі. Тәжірибеге дейін және тәжірибеден кейін бақылау. Стьюдент критерийін қолданғанда жіберілуі мүмкін қателер. Ситуациялық есеп.



Практика-лық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері

1

3

Параметрлік емес әдістер.

Стьюдент критерийінің параметрлік емес аналогы: Манна – Уитни (T-критерий) критерийі.



Бақылау жұмыс.

Практика-лық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері

1

4

Дисперсиялық талдау. Бірфакторлы дисперсиялық талдау әдісі.

Дисперсиялық талдау көмегімен тексерілетін статистикалық жорамалдар. Жалпы, факторлы және қалдық дисперсиялар. Әртүрлі деңгейдегі сынаулар саны әртүрлі болған жағдайдағы бір факторлы дисперсиялық талдау. Тесттік бақылау.



Практика-лық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері

1

5

1 аралық бақылау.




1

6

Сызықтық регрессия.

Сызықты регрессияның параметрлерін ең кіші квадраттар әдісі бойынша бағалау. Сызықтық регрессияның таңдама теңдеуін құру. Регрессия теңдеуінің параметрлері жөніндегі жорамалды тексеру.



Ситуациялық есеп.

Практика-лық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері

1

7

Сызықтық корреляция.

Сызықтық корреляция. Пирсонның корреляция коэффициенті. Шамалар арасындағы байланыстың күші мен сипаты. Рангтік корреляция. Регрессия мен корреляцияның байланысы. Спирменнің рангілік корреляциясының коэффициентін табу. Statistica ортасындағы корреляциялық регрессиялық талдау. Корреляцияның статистикалық мәнділігі. Тесттік бақылау.



Практика-лық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері

2

8

Қолданбалы бағдарламалар пакеттерімен жұмыс істеу.

Statistica, БИОСТАТ қолданбалы бағдарламалар пакеттерінде деректер қорын құру. Statistica, БИОСТАТ қолданбалы бағдарламалар пакеттерінде медициналық-биологиялық деректерді статистикалық талдау.



Практика-лық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері

1

9

2 аралық бақылау.




1




Барлығы:




10


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет