Аралық бақылау:
Жазбаша сұрау:
Критерийлер
|
Проценттік үлес
|
Барлық тапсырмаларды қатесіз орындау, дұрыс безендіру
|
91-100
|
Барлық тапсырмаларды орындау, дұрыс безендіру, есептеуде аздаған қателіктер жіберу
|
81-90
|
Тапсырманың 75% орындау,безендіруде және есептеуде аздаған қателіктер жіберу
|
75-80
|
Тапсырманың 50% қатесіз орындау
|
60-74
|
Тапсырманың 50% кем орындау немесе есептеуде өрескел қателіктер жіберу
|
50-59
|
Бақылау жұмысын орындау
Критерийлер
|
Проценттік үлес
|
Барлық тапсырмаларды қатесіз орындау, дұрыс безендіру
|
100
|
Барлық тапсырмаларды орындау, дұрыс безендіру, есептеуде аздаған қателіктер жіберу
|
90-99
|
Тапсырманың 75% қатесіз орындау, дұрыс безендіру
|
80-89
|
Тапсырманың 75% орындау, безендіруде және есептеуде аздаған қателіктер жіберу
|
75-79
|
Тапсырманың 50% қатесіз орындау
|
50-74
|
Тапсырманың 50% кем орындау немесе есептеуде өрескел қателіктер жіберу
|
0-49
|
Сынақ ведомостына пән бойынша қорытынды баға төменде келтірілген кестеге сәйкес баллдардың сандық және әріптік эквиваленттері бойынша қойылады.
Пән бойынша әріптік-баллдық- рейтингілік баға
Әріптік жүйе бойынша
бағалау
|
Баллдың
сандық эквиваленті
|
% пайыздық мәні
|
Дәстүрлі жүйе бойынша
бағалау
|
А
|
4,0
|
95-100
|
ҮЗДІК
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
ЖАҚСЫ
|
В
|
3,0
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ
|
С
|
2,0
|
65-69
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ ЕМЕС
|
Мамандық: Жалпы медицина
Модуль: Медициналық биофизика және биостатистика
Дәрістер кешені
Курс: 3
Пән: Биологиялық статистика
Құрастырушылар: доцент Аймаханова А.Ш.
аға оқыт. Раманкулова А.А.
аға оқыт.Исмаилова М.М.
Алматы, 2012 ж.
Модуль отырысында
талқыланды және бекітілді
№ 1 хаттама 31.08.2012 ж.
Модуль жетекшісінің м.а., профессор _________ Нұрмағанбетова М.О.
Дәріс БС-1
Тақырып: «Биологиялық статистика» пәніне кіріспе
Мақсаты: Биологиялық статистика ұғымын қалыптастыру, «Биологиялық статистика» пәнін оқытудың мақсаттары және міндеттерімен, статистикалық әдістерді қолданудың негізгі аймақтарымен таныстыру.
Дәріс сұрақтары:
-
«Биологиялық статистика» пәні.
-
Биологиялық статистика міндеттері.
-
Зерттелінді құбылыстың ақиқат жаратылысын зерттеу үшін биостатистиканң мәні.
-
Статистикалық әдістерді қолданудың төрт негізгі аймақтары.
-
Өлшеу шкалаларының негізгі типтері.
-
Биостатистикадағы өлшеулердің сенімділігі мен шынайылығы.
Дәріс тезистері:
ХХI ғасыр – дәлелді медицина ғасыры. Бұл дегеніміз, медицинада күннен-күнге нақты ғылымдар әдістері, соның ішінде, әсіресе, бірінші кезекте статистика үлкен роль атқарып келеді. Ғылыми негізделген медицинаның заманауи тұжырымдамасы биометриялық зерттеулерсіз мүмкін емес. Медициналық зерттеулер деректерін маТақырыптикалық-статистикалық бейнелеу және профилактикалық, диагностикалық және емдеу шаралары мен процедураларының тиімділігін сипаттайтын туынды шамалардың айырмашылық мәндерін бағалау – дәлелді медицинаның бірден бір негізге алынатын бөлімі болып саналады.
Түрі статистикалық болып келетін биологиялық жиынтықтарды оқып- үйрену барысында да маТақырыптикалық статистика әдістерін қолдану орынды болып отыр.МаТақырыптикалық статистика әдістерін биологияда қолдануды биологиялық статистика деп атайды.
Статистика- бұл кездейсоқ деректер арасынан заңдылықтарды көруге, олардың ішіндегі нық байланыстарды ерекшелеуге, қабылданған барлық шешімдер үлесін арттыру әрекетін анықтауға мүмкіндік беретін ғылым
Статистика - бұл деректерді (бақылау нәтижелерін) жинау, топтау, жүйелеу, сипаттау, талдау және түсіндіру. Бұл бас жиынтықты және олардың өзгергіштігін зерттеу.
Статистиканың қоғамдық өмірдің қай саласын зерттеуіне байланысты өзіне тән арнайы атауы болады. Мәселен, өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, соттық статистикалар бар.
Медицина және биологияға байланысты сұрақтарды зерттейтін статистика биологиялық статистика деп аталады.
Биологиялық статистика – биологиялық нысандарды табиғи және экспериментті түрде зерттеулерді жоспарлау мен олардың нәтижелерін талдау ережелері туралы білімдер жүйесі.
Совет ғалымы П.Ф.Рокицкий 1967 жылы алғаш рет биологиялық статистика терминін енгізді.
Ғылыми негізделген медицинаның заманауи тұжырымдамасы биометриялық зерттеулерсіз мүмкін емес.
Биостатистика – пән ретінде биологиялық статистиканың негізгі жағдайлары мен әдістері.
Пән мақсаты – тірі табиғатта болып жатқан үрдістерді дұрыс сандық бағалауға үйрету.
Пән міндеттері- биологиялық жиынтықтарды бағалау үшін негізгі статистикалық критерийлермен таныстыру және оларды қолдануды үйрету.
Иллюстрациялық материал:
«БС1 - Дәріс» Power Point презентациясы.
Әдебиет:
-
Савилов Е.Д. Мамонтова Л.М. и др. Применение статистических методов в эпидемиологическом анализе.-М. «МЕДпресс-информ», 2004.
-
Лукьянова Е.А. Медицинская статистика.- М.: Изд. РУДН, 2002.
-
Гланц С. Медико-биологическая статистика – М.:Практика,1999.
-
Рокицкий П.Ф. Биологическая статистика.- Высшая школа, 1973.
Бақылау сұрақтары:
-
Биологиялық статистиканы оқыту пәні қандай?
-
Биологиялық статистиканың алдында тұрған негізгі міндеттерді атаңыз.
-
Биологиялық статистиканы қолданудың негізгі аймақтарын атаңыз.
-
Өлшеу шкалаларының негізгі түрлері қандай?
-
Биостатистиканың сенімділігі мен шынайылығы қандай әдістермен анықталады?
Дәріс БС- 2
Тақырып: Статистикалық жорамалдарды тексеру теориясының негіздері.
Мақсаты: Статистикалық жорамалдарды тексеру теориясының негізгі принциптерімен және ұғымдарымен танысу. Нөлдік және балама жорамалдарды ұйғару, параметрлік критерийлерді дұрыс таңдау дағдыларын қалыптастыру. Параметрлік емес критерийлермен танысу. Параметрлік критерийлер мен келісім критерийлерін есептеу дағдыларын қалыптастыру.
Дәріс сұрақтары:
-
Жорамалдарды статистикалық тексеру міндеттері.
-
Статистикалық жорамал. Статистикалық критерий. Жорамалды тексерудің негізгі қағидасы.
-
Жорамалдарды тексеру әдістемесі.
-
Қалыпты таралған бас жиынтықтың параметрлері жөніндегі жорамалды тексеру. Стьюдент критерийі.
-
Параметрлік емес критерийлер және оларды қолдану.
-
Манн-Уитни критерийі.
-
Тәуелді таңдамалар критерийлері: Уилкоксон критерийі.
-
Колмогоров-Смирнов, Пирсонның Хи-квадрат критерийі.
Дәріс тезистері:
Медициналық зерттеулерде ағзаның қалыпты және патологиялық, емдеуге дейін және емдеуден кейінгі немесе әртүрлі емдеу әдістерін қолданған жағдайларындағы көрсеткіштерін салыстыру маңызды орын алады. Басқаша айтқанда, статистикалық жорамалдарды тексеру интуициялық медицинаның емес, дәлелді медицинаның негізгі құралы болып табылады.
Статистикалық есептерді қолданумен байланысты практикада жиі кездесетін есептердің бірі, берілген таңдама негізінде бас жиынтыққа қатысты айтылған қандай-да бір ұйғарымды қабылдау немесе жоққа шығару туралы сұраққа жауап беру болып табылады.
Статистикалық әдістерді қолданумен байланысты практикада жиі кездесетін есептердің бірі, берілген таңдама негізінде бас жиынтыққа қатысты айтылған қандай да бір ұйғарымды қабылдау немесе жоққа шығару туралы сұраққа жауап беру болып табылады.
Мылалы, жаңа дәрі адамдардың белгілі бір санында сыналды делік. Осы емдеу нәтижесі бойынша, жаңа дәрі бұдан бұрын қолданып келген емдеу әдісіне қарағанда тиімді деп дәлелді қорытынды жасауға бола ма?
Айтылған ұйғарымды (жорамалды) таңдама деректерімен салыстыру үрдісі жорамалдарды тексеру деп аталады.
Статистикалық жорамал – бұл таңдама көрсеткіштерінің негізінде тексеру болатын бас жиынтықтың таралу түрі жөніндегі немесе белгісіз параметрлерінің шамасы жөнінднгі ұйғарым.
Статистикалық жорамалдардың мысалы:
-
Бас жиынтық қалыпты таралған.
-
Қалыпты таралған екі жиынтықтың орта мәндері тең.
Түрі белгілі таралудың параметрлері жөніндегі статистикалық жорамалдар параметрлік жорамалдар, ал белгісіз таралудың түрі жөніндегі жорамалдар параметрлік емес жорамалдар деп аталады.
Статистикалық жорамалдар таңдама деректері негізінде статистикалық әдістермен тексеріледі. Жорамалдарды статистикалық тексеруге әртүрлі үрдістерді салыстыру және бағалау жатады: емдеудің тиімділігі, ауырудың және одан жазылу кезеңдерінің ұзақтығы, сырқаттың ауырлығы, емдеу әдістері.
Тексерілуге жататын негізгі жорамал нөлдік жорамал деп аталады және Н0 арқылы белгіленеді.
Нөлдік жорамалмен бәсекелес, яғни оған қарама-қайшы келетін жорамал балама жорамал деп аталады және Н1 арқылы белгіленеді.
Бір ғана ұйғарымнан тұратын жорамал жай, ал жай жорамалдардың шекті немесе шексіз санынан тұратын жорамал күрделі деп аталады.
Мысалы, Н0: а=а0 - жай,
Н0: а>5 - күрделі.
Н0 жорамалын қабылдау немесе жоққа шығару жөніндегі ереже статистикалық критерий деп аталадыназывается.
Жорамалды тексеру X1,X2,…,Xn таңдамаларының нәтижелері негізінде Tn=T(X1,X2,…,Xn ) таңдама функциясын құру арқылы жүзеге асады. Tn функциясын критерий статистикасы деп атайды.
Жорамалдарды тексерудің негізгі принципі:
Tn критерий статистикасының мүмкін мәндер жиыны екі қиылыспайтын ішкі жиындарға бөлінеді:
-
S сыни аймағы, яғни Н0 жорамалын жоққа шығару аймағы,
-
жорамалды қабылдау аймағы.
Егер критерий статистикалық бақылау нәтижелері бойынша есептелген мәндері (Tбақ=T(X1,X2,…,Xn )) S сыни аймағына түссе, онда Н0 жоққа шығарылады және Н1қабылданады, егер Тбақ аймағына түссе, онда Н0 қабылданады, ал Н1 жоққа шығарылады.
Статистикалық жорамалдарды қабылдау немесе жоққа шығару туралы шешім таңдама деректері бойынша қабылданады. Сондықтан, шешімнің қате болу мүмкіндігімен санасу қажет. Қателік екі текті болуы мүмкін.
Бірінші текті қателік - Н0 жоққа шығару, негізінде ол дұрыс.
Екінші текті қателік - Н0 қабылдау, негізінде ол дұрыс емес.
Бірінші текті қателікті жіберу ықтималдығы критерийдің мәнділік деңгейі деп аталады және (альфа) арқылы белгіленеді.
Екінші текті қателікті жібермеу ықтималдығы критерийдің қуаттылығы деп аталады және (бета) арқылы белгіленеді.
Параметрлік критерийлер қалыпты таралған жиынтықтың параметрлері жөніндегі жорамалдарды тексеру үшін қолданады. Ең көп таралған параметрлік критерий - Стьюденттің t-критерийі. Тәуелді және тәуелсіз таңдамалар үшін сәйкес Стьюденттің жұптасқан және жұптаспаған критерийлері қолданылады.
Стьюдент критерийі медициналық-биологиялық зерттеулерге тән көлемдері аз таңдамалар үшін қолданылады.
Бас жиынтықтан алынған кейбір таңдамалардың таралу түрі белгісіз, алайда оның қандай-да бір түрі туралы айтуға болатындай жағдайлар жиі кездеседі.Мұндай жағдайларда нөлдік жорамал төмендегідей түрде ұйғарылады: Н0 – бас жиынтық А заңы бойынша таралған.
Келісім критерийі – бұл түрі белгісіз таралудың ұйғарылған заңы жөніндегі жорамалды тексеру критерийі.Оның көмегімен эмпирикалық деректер мен теориялық деректердің келісілетіні немесе келісілмейтіні тексеріледі.
Пирсонның Хи-квадрат келісім критерийі таралудың заңы жөніндегі жай жорамалды тексеру үшін ең жиі қолданылатын критерий.Тексеру үшін нөлдік жорамалды ұйғарады Н0: “эмпирикалық таралу мен теориялық таралудың арасында ешқандай айырмашылық жоқ”. Критерийді қолданудың негізгі идеясы теориялық жиіліктер мен эмпирикалық жиіліктерді салыстыру болып табылады. Егер эмпирикалық жиіліктер (ni) теориялық жиіліктерден (npi) қатты ерекшеленетін болса, онда тексерілетін жорамалды жоққа шығару керек; керісінше жағдайда қабылдау қажет.
Колмогоров-Смирновтың келісім критерийі мәндердің аз санында да жеткілікті сезімтал болып келеді. Оны кез-келген таралудың сәйкестігін тексеру үшін қолдануға болады. Алайда, жорамал бойынша тағайындалған таралу функциясы үздіксіз болуы керек екендігін ескеру қажет.
Параметрлік емес критерийлер бас жиынтықтың таралу түріне тәуелсіз, берілген жиынтықтың варианталары мен олардың жиіліктеріне ғана тәуелді функциялар болып табылады.Параметрлік емес критерийлер параметрлік критерийлер үшін қажетті болып табылатын таралудың кейбір параметрлерін есептеуді талап етпейді.Сондықтан параметрлік емес критерийлерді және параметрлік емес статистика әдістерін параметрден бос немесе еркін таралған деп атайды.
Параметрлік емес критерийлерді қолданудың тиімділігі мен мүмкіндіктері:
-
зерттелетін жиынтықтың таралу түрі белгісіз, бұл көбіне көлемі аз жиынтықтармен жұмыс істегенде мәнді;
-
сандық және сапалық белгілермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді;
-
таңдама орта және таңдама ортаның стандартты қатесін есептеу талап етілмейді;
-
зерттеліп отырған жиынтықтар арасында айырмашылықтардың бар немесе жоқ екендігін анықтауға, егер бар болса олардың кездейсоқ немесе заңдылық екендігін тағайындауға мүмкіндік береді;
-
зерттелетін құбылыстар немесе белгілер арасындағы байланысты немесе тәуелділікті анықтауға мүмкіндік береді;
Параметрлік критерийлердің параметрлік емес аналогтары бар.Стьюденттің жұптаспаған критерийі үшін параметрлік емес Манна-Уитни, жұптасқан критерийі үшін параметрлік емес Уилкоксон критерийлері аналогтары болып табылады.
Манн-Уитни критерийі байланыспаған таңдамалардың n1, n2<60 болғанда салыстырылатын таңдамалардың бір ғана бас жиынтықтан алынғандықтары жөніндегі жорамалды тексеру үшін қолданылады.
Уилкоксон критерийі (жұптасқан Т-критерий) байланысқан жиынтықтар үшін жеткілікті дәлдікпен айырмашылықтарды бағалауға қолданылады.
Әрбір зерттеу үшін сәйкес статистикалық өңдеу әдісін дұрыс таңдау – кез-келген зерттеудің бірден-бір ең маңызды мезеттерінің бірі.
Салыстырылатын тәуелсіз таңдамалардың бір бас жиынтыққа қатысы туралы болжамды тексеру үшін Манн—Уитни U-критерийін келтіреміз.
Манн-Уитнидің U- критерийі.
Критерий екі таңдама арасындағы айырмашылықты қандай-да бір сандық өлшенген белгінің деңгейі бойынша бағалау үшін арналған, және ең бастысы, Манна-Уитни критерийі таңдамаларды варианталарының таралуы қалыпты болмаған жағдайда бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге ол көлемдері аз таңдамалар немесе арасындағы айырмашылықты айқындауға мүмкіндік береді.
Бұл әдіс екі таңдама арасындағы мәндердің қаншалықты әлсіз қиылысатын (беттесетінін) анықтайды.
Қиылысатын мәндер неғұрлым аз болса, айырмашылықтың шынайлық ықтималдығы соғұрлым көп.
Uтәж неғұрлым аз болса, айырмашылықтың бар болу ықтималдығы соғұрлым көп.
U Манн-Уитни критерийін есептеу схемасы:
1. Кесте құру, оның бір бағанында салыстырылатын топтың біреуі, ал екінші бағанында – екіншісі болады.
2. Екі бағандағыда варианталардың мәндерін ранжирлеу.
(Ескерту: ранг бергенде үлкен бір таңдамамен жұмыс істегендей болу керек).
Барлық рангтердің саны екі бағандағы варианталар санына тең болады .
3. Бірінші және екінші бағандар үшін бөлек рангтер қосындысын есептеу. Рангтердің жалпы қосындысы есептелген рангтер сәйкес келетіні, келмейтінгі тексеру.
4. Екі рангілік қосындылардың үлкенін анықтау.
5. U мәнін формула бойынша табу: .
Мұндағы - 1 таңдамадағы варианталар саны;
- 2 таңдамадағы варианталар саны;
- екі рангтік қосындылардың үлкені;
- рангілердің қосындысы үлкен топтағы варианталар саны.
6. Кесте бойынша U сыни нүктелерін анықтау.
Егер , онда қабылданады.
Егер , онда жоққа шығарылады.
Тәуелді таңдамалар (жұп байланысқан таңдамалар) үшін Уилкоксон Т-критерийі қолданылады. Дейінгі және кейінгі мәндердің жұп айырмашылықтары есептелінеді. Жұп айырмашылықтар таңбасы алынбай бір қатарға ранжирленеді (ең кіші абсолютті айырма (таңба қарастырылмайды) бірінші ранг алады, бірдей мәндерге бір ранг беріледі). Жеке түрде оң (Т+) және теріс (Т-) айырмашылықтардың рангілерінің суммасын есептейді. Осындай екі сумманың таңбасына қарамай кішісін критерий статистикасы ретінде алады.
Егер берілген мәнділік деңгейінде есептелген Т мәні критикалық мәннен үлкен болса (жұп бақылаулар санын алып тасталған нольдік айырмалар санын азайтады), онда нөлдік болжам қабылданады, яғни «дейінгі» «кейінгіге» қарағанда өзгерген жоқ.
Осылайша, нольдік болжам дұрыс болса, Т+ және Т- статистикалары жуықтап алғанда тең, T-статистикалардың салыстырмалы аз немесе көп мәндері айырмалар бары туралы нөлдік болжамды қабылдамауға мәжбүрлейді.
Хи-квадрат сәйкестік критерийі
критерийі тәжірибелік және теориялық таралулардағы белгінің әртүрлі мәндері бірдей жиілікпен кездесе ме деген сұраққа жауап береді. (тәжірибелік таралу мен теориялық таралу сәйкес келе ме, : екі таралудың арсында айырмашылық жоқ).
Әдістің артықшылығы сонда: «атау» шкаласынан бастап ол кез келген шкалада, берілген белгілердің таралуларын салыстыруға мүмкіндік береді.
-тәжірибелік нәтижесінде алынған деректер мен теориялық модельдің сәйкестік өлшемі.
есептеу үшін келесі формула қолданылады:
.
О – бақыланған белгілердің жиілігі, Е – теориялық жиілік (күтілетін сан).
Критерийге қойылатын шектеулер (қолданылу аясы).
-
Таңдама көлемі жеткілікті үлкен болуы керек: . болғанда критерийі өте жуық мән береді.
-
Теориялық жиілік кестенің әрбір ұяшығы үшін 5 тен кем болмау керек. к – класстар саны.
-
Бар болғаны 2 мәнді қабылдайтын белгілердің таралуларын салыстырғанда міндетті түрде Йейтс түзетуін енгізу қажет.
;
критерийін қолдану реті.
-
Бақылау нәтижесінде алынған деректер бойынша орайластық кестесін құру.
-
Әрбір қатардағы және әрбір бағандағы нысандар санын есептеу және бұл шамалар нысандардың жалпы санының қандай үлесін құрайтынын табу.
-
Нүктеден кейін екі таңбаға дейінгі дәлдікпен күтілетін сандарды – қатарлар мен бағандар арасында байланыс болмаған жағдайдағы әрбір торкөзге түсетін нысандар санын есептеу.
-
Бақыланғанжәне күтілетін мәндердің айырмашылығын сипаттайтын шамасын табу. Егер орайластық кестесінің өлшемі 2х2 болса, Йейтс түзетуін қолдану.
-
Еркіндік дәрежесінің санын есептеу, мәнділік деңгейін таңдау және кестеден сыни нүктесін табу. Оны кесте бойынша алынған мәнмен салыстыру.
Егер сыни мәннен кіші болса, онда таралулар расындағы айырмашылық статистикалық ақиқат емес.
Егер сыни мәнге тең немесе одан үлкен болса, тараулар арасындағы айырмашылық статистикалық ақиқат.
Иллюстрациялық материал:
«БС2 - Дәріс» Power Point презентациясы.
Әдебиет:
-
Медик В.А.,Токмачев М.С.,Фишман Б.Б.Статистика в медицине и биологии. М.: Медицина, 2000.
-
Лукьянова Е.А. Медицинская статистика.- М.: Изд. РУДН, 2002.
-
Рокицкий П.Ф. Биологическая статистика.- Высшая школа, 1973.
-
И.В. Павлушков и др. Основы высшей математики и математической статистики. (учебник для медицинских и фармацевтических вузов) М., «ГЭОТАР - МЕД»; 2008
Бақылау сұрақтары:
-
Жорамалдарды статистикалық тексеру теориясының міндеттерін атаныз.
-
Жорамалдарды тексеру әдістемесі қалай жүзеге асады?
-
Параметрлік критерийлер мен олардың қолданылу жағдайларын атаңыз.
-
Параметрлік емес критерийлер үшін жорамалдарды ұйғарыңыз
-
Ранжирлеу қалай жүзеге асырылады?
-
Келісім критерийлері мен олардың қолданылу жағдайларын атаңыз
Дәріс БС -3
Тақырып: Өміршеңдікті талдау.
Мақсаты: Цензурирленген және цензурирленбеген деректер, цензурирленген деректердің пайда болу типтерін түсініктерін қалыптастыру. Өміршеңдікті зерттеуге қойылатын талаптарды қолдана білу білімдерін қалыптастыру қалыптастыру.
Дәріс сұрақтары:
1. Цензуирирленген деректер.
2. Өміршеңдік функциясы. Өміршеңдік қисығы.
3. Өмір уақытының кестесі.
4. Екі өміршеңдік қисықтарын салыстыру.
Дәріс тезисі:
-
Бұл дәрісте қарастырылатын статистикалық әдістер ең алғаш медициналық, биологиялық зерттеулерде қарастырылған, кейін әлеуметтік және экономикалық ғылымдарда кеңінен қолданыла бастады.
Айталық, қандай-да бір аурудың критикалық кезеңінде қолданылатын жаңа емдеу тәсілінің тиімділігі зерттелсін(мысалы, жазылмайтын ауруларды жаңа әдіспен емдеу). Мұндағы ең маңызды айнымалы пациенттердің клиникаға түскен мезетінен бастап өмір ұзақтығы болып саналады. Жалпы алғанда,өмір уақытының орта мәнін сипаттау және жаңа емдеу тәсілін ескі емдеу тәсілімен салыстыру үшін стандартты параметрлік және параметрлік емес әдістерді қолданса да болар еді. Алайда, талданылып отырған деректерде маңызды ерекшеліктер бар, ол таңдаманы қалай құрғанға байланысты.
Зерттеу жұмысы аяқталған кезде бақылаудың барлық кезеңінде «тірі» қалған пациенттер, сонымен бірге зерттеу жұмысының аяғына дейін байланыс үзіліп қалған пациенттер (мысалы, оларды басқа клиникаға ауыстырған) болуы мүмкін. Мұндай жағдайда зерттеу жұмысын толық емес деректермен жүргізуге тура келеді.
Толық емес деректерден тұратын бақылауды цензурирленген бақылау деп атайды. Цензурирленген деректерді қолдану қарастырылып отырған әдістің ерекшелігін сипаттайды (цензурирлеу термині алғаш рет 1949ж. қолданылды).
-
Бақыланатын шама қандай-да бір критикалық оқиғаның пайда болғанына дейінгі уақытты белгілейтін болса, ал бақылау ұзақтығы уақыт жағынан шектеулі болса, онда цензурирленген бақылау қолданылады.
Өмір уақыты – бұл алдын-ала анықталған қандай-да бір оқиғаның пайда болғанына дейінгі уақыт. Мысалы, мұндай оқиға аурудың дамуы, емге реакция,рецидив (қайталау) немесе өлім болуы мүмкін.
Өміршеңдікті зерттеуге қойылатын талаптар:
-
Барлық зерттелушілер үшін бақылаудың басталу уақыты белгілі.
-
Барлық зерттелушілер үшін бақылаудың аяқталу уақыты,сол сияқты оқиғаның басталуы немесе зерттелушінің шығып кетуі белгілі.
-
Бақыланушылар кездейсоқ таңдалынып алынған.
3. Өміршеңдікті талдау – бұл цензурирленген немесе толық емес деректерге қолданылатын әдіс.
Бұл әдісте өміршеңдік функциясы деген ұғым қолданылады.
АНЫҚТАМА: Өміршеңдік функциясы – бұл нысанның бақылаудың басталған мезетінен бастап t-дан үлкен уақыт өмір сүру ықтималдығы S(t) = P(T>t).
Бұл формуланың орнына S(t) = 1 - P(T –оқиғаның (апаттың) t уақытына дейін пайда болу ықтималдығы.
S(t) функциясының қасиеттері:
1. S(t) = 1 t=0;
2. S(t) = 0 t=∞.
S(t) функциясының графигі өміршеңдік қисығы деп аталады.
Тіктеу график төмен өміршеңдікті , жазыңқы график жоғары өміршеңдікті көрсетеді. Өміршеңдіктің жалпыланған сипаттамасын өміршеңдік медианасы береді.
Өміршеңдік медианасы – бұл өміршеңдік 0,5-тен кіші болатын ең аз уақыт.
4. Таңдамадағы өміршеңдікті сипаттаудың ең тиімді тәсілі өмір уақыты кестесін құру.
Өмір уақыты кестесін құрудың екі тәсілі бар: бірінші – Катлер – Эдерер тәсілі деректердің үлкен жиынтығы үшін,екінші - Каплан – Мейер тәсілі тексерілетіндердің аз саны үщін қолданылады.
Өміршеңдік функциясы үшін сенім аралығы.
Әдетте 95%-тік сенім ықтималдығын табады. Онда α=1-0,95=0,05. Сәйкес zα=1.96.
Графикке сенім шекараларын салып, өміршеңдік үшін «жең» - сенім аймағын табамыз.
Иллюстрациялық материал:
«БС3 - Дәріс» Power Point презентациясы.
Әдебиет:
-
Медик В.А.,Токмачев М.С.,Фишман Б.Б.Статистика в медицине и биологии. М.:
Медицина, 2000.
-
Лукьянова Е.А. Медицинская статистика.- М.: Изд. РУДН, 2002.
-
Рокицкий П.Ф. Биологическая статистика.- Высшая школа, 1973.
Бақылау сұрақтары:
-
Өміршеңдік деректері нені көрсетеді?
-
Өміршеңдікті зерттеуге қойылатын талаптар.
-
Өміршеңдік функциясы деген не?
-
Бұл функцияның қасиеттерін атаңыз.
Мамандық: Жалпы медицина
Модуль: Медициналық биофизика және биостатистика
Практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
Курс: 3
Пән: Биологиялық статистика
Құрастырған:доцент Аймаханова А.Ш.
аға оқыт. Раманқұлова А.А.
аға оқыт. Исмаилова М.М.
Алматы, 2012 ж.
Модуль отырысында
талқыланды және бекітілді
№ 1 хаттама 31.08.2012 ж.
Модуль жетекшісінің м.а., профессор _________ Нұрмағанбетова М.О.
№1 тақырып: Статистикалық қатар және оның сандық сипаттамалары.
60>
Достарыңызбен бөлісу: |