Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы №1577 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі


Медициналық қызметтер көрсетудің сапасын бағалаудың ішкі индикаторлары



бет2/3
Дата08.07.2016
өлшемі397.8 Kb.
#185344
1   2   3

Медициналық қызметтер көрсетудің сапасын бағалаудың ішкі индикаторлары

р/с №

Индикаторлардың атауы

Ақпараттың кезеңділігі

Ақпарат көзі

Шекті  мәні

1

2

3

4

5

Стационарлық көмектер көрсететін ұйымдар үшін медициналық қызметтер көрсету сапасын бағалау индикаторлары

1

Жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі өлім-жітім жағдайларының үлес салмағы

Ай сайын

Есеп беру деректері, стационардағы науқастың медициналық картасы (003/у нысаны)

Индикаторлардың мәні нөлге жетуі тиіс

1)

Стационардағы тәуліктік өлім-жітім көрсеткіштері

Тоқсан сайын

Стационардағы науқастың медициналық картасы (003/у нысаны), стационардан шыққан науқастардың статистикалық картасы (066/у нысаны)

Индикаторлардың мәні 4%-дан аспайды

2

Жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі операциядан кейінгі өлім-жітім көрсеткіші

Ай сайын

Есеп беру деректері, стационардағы науқастың медициналық картасы (003/у нысаны)

Жоспарлы емдеуге жатқызу жағдайында индикаторлардың мәні нөлге жетуі тиіс

1)

Операция кезіндегі асқынулардың үлес салмағы

Тоқсан сайын

Есеп беру деректері, стационардағы науқастың медициналық картасы (003/у нысаны), стационардағы шұғыл операцияларды жазу журналы (008/у нысаны)

Индикаторлардың мәні 5%-дан аспайды

2)

Операциядан кейінгі асқынулардың үлес салмағы

Тоқсан сайын

Есеп беру деректері, стационардағы шұғыл операцияларды жазу журналы (008/у нысаны)

Индикаторлардың мәні 3%-дан аспайды

3

Есеп беру кезіндегі ана өлімі жағдайларының саны, олардың ішінде: акушерлік қан кету; гестоздар; жасанды түсіктер; экстрагенитальды патология

Күн сайын

Медициналық ұйымдарда жүкті әйелдер, босанушы әйелдердің мониторинг деректері, ана өлімін есепке алу картасы (2009-1/у нысаны)

Басқару ұйымына берілу себептері бойынша  индикаторлардың мәні нөлге жетуі тиіс

1)

Туу жарақаттары жағдайларының үлес салмағы

Тоқсан сайын

Туу тарихы (096/у нысаны), стационардағы шұғыл операцияларды жазу журналы (008/у нысаны)

Индикаторлардың мәні нөлге жетуі тиіс

2)

Кесарь тілігінің жалпы санынан шұғыл кесарь тілігінің үлес салмағы

Тоқсан сайын

Туу тарихы (096/у нысаны), стационардағы шұғыл операцияларды жазу журналы (008/у нысаны)

Индикаторлардың мәні 20%-дан аспайды

3)

Емдеуге жатудан бас тартудан кейін тәулік ішінде стационарға түскен жүкті әйелдердің үлес салмағы

Тоқсан сайын

Науқастарды қабылдау және емдеуге жатудан бас тартуларды есепке алу журналы (001/у нысаны)

Индикаторлардың мәні нөлге жетуі тиіс

4)

Стационарға түскен кездегі экстрагенитальды патологиялардың анықталу толықтығы

Тоқсан сайын

Туу тарихы (096/у нысаны), стационардағы науқастың медициналық картасы (003/у нысаны), стационардан шыққандардың статистикалық картасы (066/у нысаны)

Индикаторлардың мәні 100%-дан аспайды

4

Есеп беру кезеңі ішінде 0-ден 5 жасқа дейінгі балалардың өлу жағдайларының саны, олардың ішінде:
тыныс алу органдарының аурулары;
ішек инфекциялары;
дамуындағы туа біткен кемтарлық;
перинатальді кезеңдегі себептер.

Ай сайын

Ана өлімін есепке алу картасы (2009/у нысаны)

Есеп беру кезеңіндегі көрсеткіштер мәнінің алдағымен салыстырғанда 5%-ға кемуі

1)

Нәрестелердің  жарақаттану жағдайларының үлес салмағы

Тоқсан сайын

Туу тарихы(096/у нысаны), Нәрестенің  дамуының тарихы (097/у нысаны)

Индикаторлардың мәні нөлге жетуі тиіс

2)

100 тірі және өлі туылғандарда ұрықтың интранатальды өлімінің көрсеткіші

Тоқсан сайын

Туу тарихы (096/у нысаны)

Есеп беру кезеңіндегі көрсеткіштер мәнінің алдағымен салыстырғанда 10%-ға кемуі

3)

Термолық бақылауда жылудың берілуін сақтау көрсеткіші (температуралық режим мониторингі)

Тоқсан сайын

Нәрестенің  дамуының тарихы (097/у нысаны)
Туу тарихы (096/у нысаны)

Индикаторлардың мәні 0,5%-дан аспайды

4)

1000 тірі туылғандардағы ерте неонатальді өлім (7 тәулікке дейін) көрсеткіші

Тоқсан сайын

Нәрестенің  дамуының тарихы (097/у нысаны)

Есеп беру кезеңіндегі көрсеткіштер мәнінің алдағымен салыстырғанда 5%-ға кемуі

5

Ауруханаішілік инфекциялар көрсеткіші

Ай сайын

Инфекциялық ауруларды тіркеу журналы (060/у нысаны)

Индикаторлардың мәні нөлге жетуі тиіс

1)

Шұғыл операциядан кейінгі іріңді-септикалық үдерістердің үлес салмағы

Ай сайын

Стационардағы науқастың медициналық картасы (003/у нысаны)

Индикаторлардың мәні 1%-дан аспайды

2)

Нәрестелердегі  іріңді-септикалық үдерістердің үлес салмағы

Ай сайын

Нәрестенің  дамуының тарихы (097/у нысаны)

Индикаторлардың мәні нөлге жетуі тиіс

6

Қайта түсу көрсеткіші (сол бір ауруға байланысты бір ай ішінде)

Ай сайын

Есеп беру деректері, стационардағы науқастың медициналық картасы (003/у нысаны), стационардан шыққандардың статистикалық картасы (066/у нысаны)

Индикаторлардың мәні нөлге жетуі тиіс

7

Клиникалық және патологоанатомиялық диагноздардың ауытқушылық жағдайлары

Ай сайын

Патологоанатомиялық зерттеулер хаттамасы (013/у нысаны)

Индикаторлардың мәні нөлге жетуі тиіс

8

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда негізделген шағымдардың жалпы саны

Ай сайын

Өтініштерді тіркеу журналы

Индикаторлардың мәні нөлге жетуі тиіс

Амбулаториялық-емханалық көмектер көрсететін ұйымдар үшін медициналық қызметтер көрсету сапасын бағалау индикаторы

9

Жалпы өлім-жітім көрсеткіші, соның ішінде есеп беру кезінде тіркелген тұрғындар арасында еңбекке жарамды жастағылар

Тоқсан сайын

Мекенжайы көрсетілген аудандық статистикалық басқарма деректері

Есеп беру кезеңіндегі көрсеткіштер мәнінің алдағымен салыстырғанда 5%-ға кемуі

1)

Еңбекке жарамды жастағы адамдардың мүгедектікке алғаш шығу көрсеткіші

Жылына 1 рет

Медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясының мәліметтері

Есеп беру кезеңіндегі көрсеткіштер мәнінің алдағымен салыстырғанда 1%-ға кемуі

10

БСМК деңгейінде ана өлімі жағдайларын болдырмаудың үлес салмағы

Күн сайын

Ана өлімін тіркеу картасы (2009-1/у нысаны) (БСМК деңгейінде ана өлімін болдырмау жағдайлары) (МФҚБК сараптау нәтижесі бойынша)

Индикаторлардың мәні нөлге жетуі тиіс

1)

Тіркелген тұрғындардан ФЖӘ-дер арасында экстрагенитальді патологиядан сауыққан әйелдердің үлес салмағы

Тоқсан сайын

Амбулаториялық науқастың медициналық картасы  (025/у нысаны), амбулаториялық пациенттің статистикалық картасы (025-05/у нысаны)

Диспансерлік қадағалаудың бақылау картасы (030/у нысаны)



Өткен кезеңмен салыстырғанда көрсеткіштің 5%-ға өсуі

2)

Жүктілік кезінде абсолютті кері көрсеткіштері бар әйелдердің контрацепциясын қамту

Тоқсан сайын

Амбулаториялық науқастың медициналық картасы  (025/у нысаны)

Индикаторлардың мәні 100%-ға жетуі тиіс

3)

Жүктілік абсолютті кері әсер ететін экстрагенитальді патологиясы бар ФЖӘ-дің жүктілік жағдайлары

Тоқсан сайын

Стационардан шыққандардың статистикалық картасы (066/у нысаны), «Жүктілерді тіркеу» бағдарламалық қамтамасыз ету

Индикаторлардың мәні нөлге жетуі тиіс

4)

Босануға қатысты жасанды түсіктер деңгейі

Тоқсан сайын

Стационардан шыққандардың статистикалық картасы (066/у нысаны), (АХК-10: босану)

Есеп беру кезеңіндегі көрсеткіштер мәнінің алдағымен салыстырғанда 5%-ға кемуі

5)

Өңірлендіру қағидаттарын бұза отырып емдеуге жатқызылған жүкті әйелдердің үлес салмағы

Тоқсан сайын

Стационардан шыққандардың статистикалық картасы (066/у нысаны), (АХК-10: босануға рұқсат етілгендігін көрсете отырып)

«Жүктілерді тіркеу» бағдарламалық қамтамасыз ету



Есеп беру кезеңіндегі көрсеткіштер мәнінің алдағымен салыстырғанда 5%-ға кемуі

11

БСМК (ЖІА, ЖРА) деңгейінде алдын алатын 5 жасқа дейінгі балалар өлімі

Күн сайын

Тірі, өлі туылған және 5 жасқа дейінгі жастағы өлген балаларды тіркеу картасы (2009/у нысаны)

Есеп беру кезеңіндегі көрсеткіштер мәнінің алдағымен салыстырғанда 5%-ға кемуі

1)

БЖАИЖ, БЕЖД бағдарламасы бойынша БСМК-нің оқытылған медициналық қызметкерлерін (дәрігерлер, орта медициналық қызметкерлер) үлес салмағы

Жылына 1 рет

Кадр бөлімінің есебі

Индикаторлардың мәні 70%-дан кем емес

2)

7 күннен 5 жасқа дейінгі жаста үйінде қайтыс болған балалар көрсеткіші

Тоқсан сайын

«Млад» ААЖ, аудандық статистикалық басқарманың деректері

Есеп беру кезеңіндегі көрсеткіштер мәнінің алдағымен салыстырғанда 5%-ға кемуі

3)

Перзентханадан шығарылғаннан кейінгі алғашқы 3 күнде нәрестені дәрігерлердің тексеру көрсеткіші

Тоқсан сайын

Баланың дамыуы тарихы (112/у нысаны), «Стационар» ААЖ

Индикаторлардың мәні 100%-ға жетуі тиіс.

4)

Есеп беру кезінде ЖІА, ЖРА ауыратын 5 жасқа дейінгі балаларды шұғыл емдеуге жатқызудың үлес салмағы

Тоқсан сайын

«Мединформ» деректері

Есеп беру кезеңіндегі көрсеткіштер мәнінің алдағымен салыстырғанда 1%-ға кемуі

5)

БЖАИЖ қағидаттарына сәйкес қауіп белгілерін оқыған, 5 жасқа дейінгі балалардың ата-аналары санының үлес салмағы

Тоқсан сайын

Дені сау бала кабинетінің журналы

Индикаторлардың мәні 100%-ға жетуі тиіс.

6)

Нәрестенің іштегі ұрықта диагностикаланбаған ТБК жағдайы

Тоқсан сайын

Баланың даму сырқатнамасы тарихы (112/у нысаны), жүкті, босанатын, босанған әйелдердің жеке картасы (111/у нысаны)

Индикаторлардың мәні нөлге жетуі тиіс

7)

Ата-анасы бас тартқан тастанды балалар мен АИТВ-жұқтырған аналардан, цитостатик қабылдайтын аналардан туған балаларды қоспағанда, тек емшек сүтімен қоректенетін 6 айлық баланың үлес салмағы

Тоқсан сайын

Баланың даму тарихы (112/у нысаны)

Индикаторлардың мәні 100%-ға жетуі тиіс

8)

Ата-анасы бас тартқан тастанды балалар мен АИТВ-жұқтырған аналардан, цитостатик қабылдайтын аналардан туған балаларды қоспағанда, 2 жасқа дейін емшек еметін балалардың үлес салмағы

Тоқсан сайын

Баланың даму тарихы (112/у нысаны)

Өткен кезеңмен салыстырғанда көрсеткіштің 5%-ға өсуі

12

Өкпе ауруы алғаш анықталған науқастар арасында асқыну жағдайларының үлес салмағы

Тоқсан сайын

«Туберкулезбен ауыратын науқастарды тіркеу» бағдарламалық кешені

Осы  кезеңдегі көрсеткіштер мәнінің алдағымен салыстырғанда 5%-ға кемуі

1)

Міндетті контингент арасында халықты профилактикалық флюорографиямен қамту

Жылына 1 рет

Флюорографиялық тексерулер жүргізу жоспары, флюорографиялық тексерулерді тіркеу журналы, есеп беру нысандары

Индикаторлардың мәні 100%-ға жетуі тиіс

2)

Флюорография әдісімен тексерілген адамдар арасында туберкулезге шалдыққан науқастардың анықталу көрсеткіші

Тоқсан сайын

Флюорографиялық тексерулерді тіркеу журналы, профилактикалық флюорографиялық тексерулер картасы (052/у нысаны)

Индикаторлардың мәні кемінде 60%-ды құрайды

3)

Микроскопия әдісімен тексерілген адамдар арасында туберкулезге күдікті науқастардың анықталу көрсеткіші

Тоқсан сайын

Микроскопиялық тексерулерді тіркеу журналы, есеп беру нысандары, зертханалық тіркеу журналы (ТБ 04/у нысаны), туберкулез микробактериясына қақырықты микроскопиялық зерттеуге жіберу (ТБ 05/у нысаны)

Индикаторлардың мәні кемінде 70%-ды құрайды

4)

БСМК деңгейінде терапияны үзген, туберкулезбен ауыратын науқастар саны

Тоқсан сайын

Амбулаториялық науқастың медициналық картасы (025/у нысаны)

Индикаторлардың мәні нөлге жетуі тиіс

5)

Психологиялық-әлеуметтік көмек алатын, туберкулезбен ауыратын науқастар саны

Тоқсан сайын

Амбулаториялық науқастың медициналық картасы (025/у нысаны)

Өткен кезеңмен салыстырғанда науқастар санының 20%-ға өсуі

13

Есеп беру кезінде 3-4 сатыдағы қатерлі ісіктермен ауыратын алғаш анықталған науқастар санының үлес салмағы

Жылына 1 рет

«Онкологиялық тіркеу» дерекқоры

Өткен кезеңмен салыстырғанда көрсеткіштің 5%-ға кемуі

1)

Есеп беру кезінде 1-2 сатыдағы қатерлі ісіктермен ауыратын алғаш анықталған науқастар санының үлес салмағы

Жылына 1 рет

«Онкологиялық тіркеу» дерекқоры

Өткен кезеңмен салыстырғанда көрсеткіштің 1%-ға өсуі

2)

Қатерлі ісіктермен ауыратын науқастардың 5 жылдық өмір сүру көрсеткіші

Жылына 1 рет

«Онкологиялық тіркеу» дерекқоры

Индикаторлардың мәні 50%-ды құрайды

14

Өткен кезеңмен салыстырғанда есеп беру кезінің ішінде негізделген шағымдардың жалпы саны

Тоқсан сайын

Өтініштерді тіркеу журналы

Өткен кезеңмен  салыстырғанда көрсеткіштің 10%-ға кемуі

15

Жүрек-қан тамыры жүйесі ауруларының асқынумен емдеуге жатқызылған тіркелген халық саны ішінде науқастардың емдеуге жатқызылу деңгейі:
күре тамыр гипертензиясы;
миокард инфаркті;
инсульт

Тоқсан сайын

Стационардан шыққандардың статистикалық картасы (066/у нысаны), (АХК-10: І10-І13, І20-І21.4,І60-І66.9)

Есеп беру кезеңіндегі көрсеткіштер мәнінің алдағымен салыстырғанда 10%-ға кемуі

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы

БМСК - бастапқы медициналық-санитарлық көмектер


ФЖӘ - фертильді жастағы әйелдер
ЖІИ - жіті ішек инфекциялары
ЖРИ – жіті респираторлық инфекция
БЖАЫЖ – балалар жасындағы ауруларды ыңқолдастыру жүргізу
БЕЖД – балалардың ерте жастан дамуы
ДТБК – дамудың туа біткен кемістігі
МФҚБК – Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармациялық қызметті бақылау комитеті
АХК-10 – аурудың халықаралық сыныптамасы Х қайта қарау
ААЖ – автоматтандырылған ақпараттық жүйе

Медициналық қызметтер көрсету сапасына


ішкі және сыртқы сараптамаларды   
ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларына
2-қосымша            

Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі сараптама

Ішкі сараптама жасалатын жағдайлар (қызметтің бөлімдері) және ішкі сараптамалар өткізудің мерзімділігі

Сараптама өткізуге жауаптылар

Ішкі сараптама қорытындылары

1

2

3

1. Стационарлық көмек көрсететін ұйымдағы барлық жағдайлар:
1) өлім-жітім;
2) ауруханаішілік инфекциялардың пайда болу фактілері;
3) асқынулар, оның ішінде операциядан кейінгі асқынулар;
4) алдыңғы сапасыз емдеу салдарынан бір ай ішінде сол бір ауру бойынша қайта емдеуге жатқызу;
5) емделу мерзімін ұзарту немесе қысқарту;
6) диагноздардың сәйкес келмеуі;
7) негізсіз емделуге жатқызу - бір тоқсанда кемінде 5% емделу жағдайлары.
2. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдағы барлық жағдайлар:
1) ана өлім-жітімі;
2) 0-ден 5 жасты қоса алғанда балалардың үйдегі өлім-жітімі;
3) еңбекке жарамды жастағы адамдардың аурудан үйде қайтыс болуы;
4) онкологиялық аурулар мен туберкулердің асқынған түрлері;
5) еңбекке жарамды жастағы тұлғалардың мүгедектікке алғаш шығуы;
6) жүктіліктің асқынулары;
7) стационардан шығарылғаннан кейінгі азаматтарды бақылауға алу - тоқсан ішіндегі кемінде 30 аяқталған жағдайлар.
3. Жедел медициналық жәрдем ұйымындағы барлық жағдайлар:
1) бір тәулік ішінде сол бір ауру бойынша қайталап шақыртулар;
2) шақырту кезіндегі өлім-жітім: бригада келгенге дейінгі өлім, бригада келген кездегі өлім;
3) жедел жәрдем бригадасы мен науқастарды емдеуге жатқызған стационар диагноздарының сәйкес келмеуі – тоқсан ішінде кемінде 50 қызмет көрсетілген шақыртулар.
4. Қан тапсыру саласында жұмыс істейтін ұйымда ақылы және ақысыз негізде қан тапсырған донорлардың медициналық карталары - тоқсан бойынша донорлардың кемінде 20% медициналық карталары;
мыналарды қоса алғанда, қанды және оның компоненттерін дайындау мен сақтау кезеңдері мен технологиялары:
1) функционалдық блоктардың болуы және оларды ұстау;
2) «Салқындату тізбегінің» шарттары;
3) техникалық қызмет көрсетудің тұрақтылығы, медициналық-жабдықтарды калибрлеу;
4) кіріс бақылауы нәтижелері;
5) карантиндеуді сақтау;
6) асқыну кезеңдерін анықтау емшараларының болуы;
7) қан өнімдерінің инфекциялық және иммундық-биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
8) қанды консервілеудегі ақаудың болуы.
5. Орта медицина қызметкерлері жұмысының сапасын сараптау мыналарды қамтиды:
1) аға мейірбикелер жұмысының сапасын бағалау;
2) орта медицина қызметкерлерінің жұмысын ішінара бағалау.
1 сараптама мыналарды қамтиды:
1) орта және кіші медицина қызметкерлерін кадрлық жоспарлау, оларды тиімді орналастыру және пайдалану жұмысты ұйымдастыру;
2) орта медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, қайта даярлау, біліктілігін бағалау жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары;
3) бөлімшедегі эпидемияға қарсы іс-шараларға бақылауды жүзеге асыру;
4) емдеу үдерісін ұйымдастыру - тоқсан сайын кемінде 5 сараптама.

Ішкі бақылау қызметі (аудит)

1. Анықталған ақаулардың жалпы саны, олардың құрылымы, ықтимал себептері мен оларды жою жолдары;
2. Денсаулығының нашарлауына әкеліп соқтырған анықталған ақаулар саны;
3. Медициналық көмек көрсетуге арналған шығындардың көбеюіне әкелген анықталған ауытқулар саны

Медициналық қызметтер көрсету сапасына
ішкі және сыртқы сараптамаларды 
ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларына
3-қосымша           


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет