Тотальдi ақыл-ойдың кемуi. Алғашқы белгілерге жоғарғы және дифференциалды интелектуалды функциялардың үлкен бұзылулары жатады: талқылау мен ой қорытындысын жасау қабілеттері, жалпылауы, шектеулері, классификациялауы, бөлуі т.с.с. ойлау процесстерінің өнімсіздігі байқалады. Интелекттің кемшіліктері, өз-өзіне сын көзқарас қаситінің қатты бұзылулары, тұлғалық қасиеттердің өзгерісі байқалады.
Ақыл-ойдың кемуі синдромологиялық ерекшелігіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді: Қарапайым акыл-ойдын кемуi:оның кұрлымы интелектуалды-мнистикалық функциялар мен әр түрлі дәрежеде көрінетін жеке бастын регрссия белгілер аймағында негативті бұзылулармен көрінеді.
Психопатотәріздес ақыл-ойдың кемуі:оның құрылымында басым бөлігін алатыны тұлғаның айқын өзгерістері немесе мінездің жаңа анамальді жақтарының пайда болуы, ол патологиялық церебральді процске байланысты дамыйды. Галюцинаторлы-параноидты ақыл-ойдың кемуі:деменция белгілерімен бірге галюцинация, сандырақ көрінеді,олар бас миының деструктивті зақымдалуының, негативті симтоматиканың көріну деңгейі мен құрылымының ерекшеліктерімен байланысты.Негативті бұзылулардың ұлғаюына байланысты өнімділік редуцияланады, фрагменттеледі және жоғалады. Амнистикалық-парамнистикалық ақыл-ойдың кемуі:оның симтомдары корсаков синдромына сәйкес келеді.Ол негативті және өнімді симптомдардың тұтастылығымен сипатталады, олардың өзара қатынасы әр түрлі болуы мүмкін.Соңғы этаптарында прогресивті амнезия пайда болады.
Паралитикалық ақыл-ойдың кемуі: естің бұзылуы, паралитикалық конфабуляция, қатты интелектуалды дефекттер және эйфория. Оның құрылымына сандырақ және тұлғасын қайта бағалаумен сипатталатын сандыраққа ұқсас сөздер. Психикалық әректінің төмендеуі - бұл ақыл-ой кемістігінің бірден көзге түсетін жағы. Бұл синдром тек прогрессивті салда кездеседі. Басқа аурулар кезінде (мидың сифилисі, ми ісігі, травмалық аурулар, алкогольді энцефалопатия) оның аты өзгереді, ол псевдопаралитикалық деп аталады.
Асемикалық ақыл-ойдың кемуі: онда демнция белгілері болады және афазия, агнозия, апраксия, алексия, аграфия, акалькулия симптомдары болады.Психикалық маразм.Психикалық кемістіктің, негативті бұзылулардың ең ауыр түрі. Ол психикалық әрекеттің толық бұзылуымен, қоршаған адамдармен қарым-қатынасқа түсу мүкіндігінен айырылуымен,әректке итермелейтін түрткілер мен қызығушылықтың толық жоғалуымен ерекшеленеді. Проградиентті ақыл-ойы кем процесстерінің (терминалды ақыл-ойдың кемуі) соңғы сатысы маразм деп есептеледі. Физикалық күштің кемуі, трофикалық бұзылулар, ішкі органдардың дистрафиясы – бұл жалпы маразмның белгілері.
Негативті бұзылулар көп психикалық аурулар болған кезде байқалады. Әр нозологиялық формаға өзіне тән негативті симптоматиканың максималды жете алатын деңгейі болады. Маниакальді-депрессивті психозда психикалық әректтің төмендеуі немесе «мен» өзгерісін субъективті ұғуы байқалады. Шизофрения өзінің дамуында психикалық кемістігінің тек жетінші деңгегйіне дейін жетеді – тұлға регрессі, бірақта ол төменгі деңгелерде тоқтап қалуыда мүмкін. Әдебиеттерде «шизофрениялық ақыл-ойдың кемуі», «шизофрениялық деменция» терминдері жиі кездеседі. Сын көзқарастын жоқтығы, интелектуалды өнімсіздік, тұлға регрессі сияқты клиникалық белгілер қалпы глобальды ақыл-ойдың кемістігімен ұқсас келеді.
№13-дәріс
Тақырыбы: Психикалық аурулар.
Сұрақтары:
-
Психикалық ауруларға сипаттама.
-
Тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын .
-
Хромосомалық аурулар
Психикалық аурулардың шығу себептері әртүрлі. Медициналық және психикалық ғылыми зерттеулердің қорытындысы бойынша стресс адамның психикасына әр түрлі әсер етіп, әртүрлі психикалық өзгерістерге әкеледі. Психикалық аурулар тұқымқуалайтын және жүре пайда болатын екі топқа бөлінеді. Тұқымқуалайтын ауруларға: олигофрения, шизофрения, эпилепсия, маникальды-депрессивті психоз және т.б. Жүре пайда болатын психикалық аурулар көптеген себептерге байланысты: дұрыс тамақтанбау, интоксикациялық жағдайлардың ықпалы, заталмасу процестерінің бұзылуы, экологиялық жағымсыз жағдайлар, қанның резус факторы және т.б.
Қазіргі психогенетика ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып, хромосомалық аурулардың шығу себептерін хромосомалық факторлар негізінде анықтауға болады: хромосома жиынтығының артық не кем болуына байланысты көптеген ауытқулар. Клайнфельтер синдромы (ХХУ) және У-хромосомасы ықпалдарына жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде қылмыскерлер мен агрессивті психопаттардың көпшілігі мутациялық жағдайға ұшыраған, У-хромосомасы артық жағдайды «хромосомы-убийцы», ал ХУУ – ХХУ хромосомалары бар балалардың ақыл-ой кемістігі, интеллект төмендеуі, төменгі әлеуметтік адаптациялануы (бейімделуі) және агрессивті мінез-құлық байқалады.
Еркектерде болатын Кляйнфельтер ауруында , керісінше хромосома саны 47 (XXV) Клетка ядросында қалыпты жағдайда еркектерде кездеспейтін жыныстық хроматин болады. Мұндай еркектер әйел пішіндес, екіншісі жыныстық белгісі нашар дамыған, бойлары биік болады. Оларда психиканың бұзылуы кейде шизофрениядағыдан, не басқа аурудан ажыратылмайды. Кейбір тұқым қуалайтын ауруларда фермент жүйелерінің биохимиялық өзгерулері болады. Бұған фенилкетонурия жатады. Қалыпты жағдайда фенйлалалин амин қышқылының ыдырауы төмендегідей болады\ Фенилаланин->тирозин ->тироксин ->адреналин ->норареналин->меланин. Бұл тізбек фенилаланин->тирозин кезеңінде бұзылады. Организмде фенилаланин жиналып, басқа жолмен пирожүзім қышқылына дейін ыдырайды. Бұл қышқыл жаңа туған сәбидің зәрінде жиналады. Фенилкетонурияда ақыл кемістігі дамуының алдын алу үшін бұл кемістікті жоятын гидролизаттарды \берлафен\ береді. Кейде дені сау адамдарда фенилаланиннің ыдырауы бұзылып, оның зердегі мөлшері жоғары болады.
Ал психикалық аурулардың жүре пайда болатын түрлерінің шығу себептеріне стресстің-жан күйзелісінің ықпалы ерекше. Стрестің күрделі формасы психикалық жарақаттар немесе психогения -деп аталатын жағымсыз психикалқ әсерлер салдарынан пайда болатын әр алуан аурулы күйлерді туғызады. Психогения бір сәттік күшті жарақаттық салдарынан немесе біршама әлсіз, бірақ ұзаққа созылған психикалық жарақаттық салдарынан пайда болады: Оның пайда болуына соматикалық күйдің алдын ала өзгеруі, ағзаның бұрынғы болған аурулардан әлсіреуі, ұйықтамаушылық, қан жоғалтпаушылық және басқа жағдайлардың үлкен маңызы бар. Психогения принципті түрде толығынан кері қайтатын аурулы күй болып табылады. Сондықтан, егер басқа бір қосымша зияндылық болмаса, қандай бір уақыт өткеннен соң жарақатты жағдай өтіп кетісімен жойылып кетеді. Психогенияның бірыңғай жіктемесі әлі күнге дейін жоқ. Мүлың өзі оның күрделілігімен, аралас көріністерінің болуы, психогенияға деген бірыңғай көрінісінің болмауымен ғана емес, сондай - ақ псйхогенияға принципті түрде тән кері қайтатын дамудың кейде білінбеуінен, соған орай аурудың белгілі дэрежеде ұзақ дамуының орын алатындығымен түсіндіріледі.
Психогенияны көбіне реактивтік күй реактивтік психоздар, немесе невроздар деп екі үлкен топқа бөлінеді. Реактивтік күй, психогенді немесе реактивті психоздар. Белгілі болған сан алуан түрлі реактивтік психоздардан реакциялардың мынадай типтерін бөліп көрсетуге болады: 1) Шокты психогенді реакция; 2) истериялық психотиялық реакция (истериялық психоздар); 3) реактивтік психогенді сарыуайымшылдық; 4) реактивтік психогенді сандырақ тәріздес күй.Реактивтік күйлердің аталған түрлерінің арасында берік шек жоқ. Олардың аралас күйлері, сол сияқты реактивтік психоздың бір түрінің басқасына алмасуы болады.
Шокты психогенді реакциялар Мұны да кейде невроздар,аффектілі-шокты реакциялар, эмоциогенді невроздар деп атайды. Күтпеген жерден айтылған өте күшті күйзелістерден, ауыр жағдайлардан, өмірге қауіп төндіретін жағдайлардан, бір сөзбен айтқанда, эсері жағынан адамға сезімдік шок тудыра алатын жайлардан пайда болады. Сезімдік шоққа жер сілкіну, көлік апаты, сүмдық көрініс, көп адамдар түратын үйлердегі өрт және: басқалары жатады.Психогенді шоктық реакциялар әдетте реактивтік ступор немесе реактивтік қозу қимылы арқылы пайда болады.Реактивті психогенді ступор кенеттен пайда болған қимылдай алмаушылық әсерінен білінеді.
Адам өлім қаупіне қарамастан орнынан қозғалмайды, бір де қимыл жасай алмайды, бір де сөзді айтуға күші келмейді. Мұның кейінгісі мутизм деп аталады. Реактивті ступор эдете ұзақка созылады да, бірнеше минуттан бір сағатқа дейін болады. Содан кейін барып, адам басқа турлі әсерге ауысады. Оқта-санда шоктық реакцияда көбіне сезімдік салз зардап шегеді, сөйтіп, сезімдік жағынан сал болу деп аталатын күй басталады. Барлық сезім бір сәтке семіп қалғандай болады да, маңайдағы өтіп жатқанға сезімдік жағынан жауап бермейді. Сонымен бірге оның ойлау қабілеті толығынан дерлік сақталады, адам бәрін көреді, бәрін байқайды, бірақ көбіне өлім қаупіне қарамастан осының бэрін сырттай бақылап тү-рғандай болады.
Реактивті психогенді қозу кенеттен пайда болған абыр-сабыр, мэнсіз қимылдық мазасыздықпен сппатталады. Адам шырқ үйіріліп, көптеген қажетсіз қимылдар жасайды, қолдарын мақсатсыз сілтеп, айқайлайды, көмек тілеп, жалбарынады. Сол сәтте құрылу жолын көре алмай, көмек сүрап, жалбарынады. Қейде ешбір мақсатсыз жүгіре жөнеліп, көбіне жаңа қауіп туатын жаққа қарай ұмтылады. Егер бірнеше адам осындай психогендік қозуға үліыраса, мұндай құбылыс үрейге бой алдыру деп аталады. Реактивті қозу да ступор сияқты сананың алжасу күйі және одан кейін болатын амнезиямеи бірге жүреді. Шоктық реакцияға аяқ асты, ағыл-тегіл терлеу, мазамыздану тән болады.
Истериялық психоздар (истериялық психотикалық реакциялар)Реактивтік күйдің түрлері әр алуан болады. Олардың клиникасы да алуан түрлі болып келеді. Бірақ әдетте истериялық психоздың үш түрі бөліп қарастырылады: 1) жалған кемшілік; 2) пуэрилизм; 3) сананың истериялық алжасуы. Жалған кемшілік мынадан білінеді: адам кенеттенр ақымақтанып қалғандай болады, ең бір қарапайым сұрақтарға өте бір қисынсыз жауаптар береді. Жалған кемшілік екі түрге — сарыуайымшылдық және абыржушылық болып бөлінеді. Сарыуайымшылдық түрінде ауру тежелген, босаң болып келеді, көп жатады, өзіне қарамайды. Жанама сөз симптомы мүлдай ауруларда көбіне теріс жауаптар түрінде байқалады. Абыржушылық түрде ауру мазасыз, әбігершіл келеді, бір орында отырмайды, билейді, секектейді, қисандайды, көп сөйлеп, жылдам жауап қайтарады. Жалған кемшіліктің басқа бір түрі Ганзер синдромы деп аталады. Ганзер өзі сипаттаған психозды «ерекше истериялық алжасу күйі» деп атаған.
Пуэрилизм мінез-құлықта балаға тән сипаттың болуы кездескендіктен осылай аталалы. Ауру психикалық жарақатқа жауап қайтарғанда инфантидьді мінез-күлық түрінде ауруға сәйкес реакция жасайды. Соның салдарынан ол баланың даусымен сөйлей бастайды, өзінің анасына жіберуді, жәбірлемеуін, қолына алып, көтеруін, ойыншық сыйлап, конфет беруін сұрайды, қыңырлық жасап, балаларша ағайлары мен апайларына ренжиді. Пуэрилизм клиникалық көріністе басым болғанымен, оның ішінде жалған кемшіндікпен немесе сарыуайымшылдық күймен үлттасып келеді.
Реактивтік (психогендік) сарыуайымшылдық— жабырқаңқы күй, үлкен бақытсыздыққа, аса күйзелісті айырылуға, үміттін, үзілуіне байланысты болатын адамның эдеттегі реакциясы. Сондықтан да қайғыға болатын әдеттегі реакция мен соған байланысты туындайтын аурулы күйдің шегін ажырату айрықша қиын. Мұндағы айырмашылық — реакция дәрежесіне, оның күшіне және басқа күйзелістерден үстем болуына байланысты болсын, үнемі мүқият жасала бермейді. Аурудың еңсесі түскен, жабыраңқы келеді.
Реактивті сарыуайымшылдықтағы науқас көбіне өз-өзін өлтіруге әрекеттенетіндіктен ең бір қатал бақылауды қажет етеді. Реактивтік сарыуайымшылдықтың барысы оны туғызған жарақатқа байланысты болып, апталар мен айларға созылуы мүмкін, бірақ сарыуайымшылдық басқа аурулармен қабаттасып, асқынып кетпесе, әдетте толық сауығумен аяқталады.
Реактивтік (психогенді) сандырақтың пайда болуы жеке бас ерекшелігіде, оның ішінде күдікшілдік, үрейге бой алдырушылық немесе керісінше өзін-өзі асыра бағалау, өз менмендігінің шектен тыс осал және басқа қасиеттер себепші болады. Реактивтік параноидтың пайда болуына себепші болатын жағдайларға маңайдағылардан тұйықталып қалу, есітудің кілт нашарлауы немесе түсініксіз тілде сөйлейтін адамдардың ортасында болу сияқты себептер де жатады.
Психогенді параноидты сандырактық құрылым көбіне параноидты психопаттарда болады. Бірақ қандай бір болмасын, мінез-күлық ерекшелігі бар адамдарда да кездесуі мүмкін. Көп жағдайда бұл - қызғаныш, аңду, қарым-қатынас — ойлап табушылық сандырағы болып келеді. Кей жағдайда басқа сйпаттағы сандырақтық сенім кездесетіндігін айта кету керек. Бұған өзін-өзі айыптау сандырағы, өте сирек кездесетін жадылап алу сандырағы жатады және т. б.
Индукциялық сандырақ мынадан көрінеді ауруға жақын адам оның сандырақ идеяларын бөлісе бастайды. Аурулық көзқарасты бойынша «жұқтыру» мына жағдайларға себепші болады: 1) тығыз қарым-қатынас, бірге өмір сүру, ауру адаммен үнемі байланысқа түсу; 2) ауырған адам, айталық, шизофрениямен ауырған болсын, үнемі үлкен беделге ие болған, оған деген шексіз сеніммен жэне аса күшті үйірсектіктен, оның үстіне, ол ақылдырақ эрі білімдірек болғандықтан, сайып келгенде, ауруыжайлы көзқарстарын бөліседі; 3) индукциялық сандырақтықта сенгіштік, шектелушілік, бірқатар жағдайларда кем ақылдықтың болуы; 4) ауру адамда кейбір сандыраққа ұқсас оның ойынша дұрыс сандырақ идеялардың баяу дамуы.
№14 дәріс
Тақырыбы:Шизофрения және клиникалық көріністері.
Сұрақтары:
-
Шизофрения психикалық ауру
-
Шизофренияның ағымдары
-
Шизофренияның клиникалық көріністері.
Шизофрения тек психиатриядағы маңызды проблемалық ауру емес жалпы медициналық сырқат.Шизофрения ауруымен көбінесе жас адамдар ауырады.Сол себептен бұл ауруды айқындап танудың тәжірибелік маңызы зор.Шизофренияның басталу мерзімінің шегі жоқ.Ол бала кезде де,ересек кезде де болуы мүмкін.Шизофрения ұзақ мерзімді ауру.Көп уақытқа созылған аурулардың жартынан көбі шизофрения.Шизофрения жиі ақылдың кемістігімен аяқталатындықтан бұл қауіпті дерт болып саналады.Осы уақытка дейін шизофренияның пайда болу себептері анық емес. Психиатриядағы көптеген өткір теориялық және тәжірибелік сұрақтар шизофрениямен байланысты. Шизофрения клиникасында әр түрлі формаларды жалпы байланыстырып тұратын бірнеше психикалық белгілер бар. Аурудын пайда болу тегі, оның бірнеше түрге бөлінуі жағынан көптеген пікірлер бар. Бірак барлық психиатрлар шизофрениядағы негізгі клиникалық белгі ретінде бөлшектену бар екеніне күмәнданбайды. Бұл аурудын атын швейцар психиатры Э.Блейлер қойды. Бөлшектену белгісі төмендегідей болады. Қалыпты жағдайда барлық психикалық процестер өзара байланысты. Сезіну,қабылдау,ойлау,жүріс-тұрыс психиканың әр түрлі жақтары болып саналады.
Шизофренияда осы көрсетілген біртұтастық бұзылады,яғни психикалық қызметін тұтастығы,бірлігі бұзылады. Бұл әрине ауру адамның жүріс-тұрысынан білінеді. Басқаша айтқанда шындықпен байланыстан білінеді. Бірте-бірте ауру адамдар босаңсып, ынтасыз бола бастайды. Олар өздерінің әр түрлі әрекеттері басқа біреудің ықпалымен болатынын, айтады. Ауру адамдарға символдық ойлау өте тән нәрсе.Мысалы, ауру өзін бір шеңбердің ішіне сурет қылып салып,”өзім жасаған шеңбер ішінде қауіп мүлде жоқ”деп түсіндіреді. Егер ауру өзінін салған суретін жазбаша түсіндірмесе, оның не салғаны түсініксіз болар еді. Бұл шизофрениядағы символды суреттер. Кейде ауру адамда көрмей оның салған суреттері бойынша диагноз қоюға мүмкін. Шизофрениямен ауырған балалардың суреті қызық болады. Оларда сөйлеу нашар дамығандықтан суреттерінде символизм мен бөлшектену білінеді. Кейде аурулар өз ойларын кәдімгі сөздер арқылы бере алмай, жаңа сөздерді ойлап табады. Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорыта келе,шизофрениямен ауырған кезде ойлау мен эмоция бұзылып, психикалық қызметтің тұтастығы бөлшектенеді. Әуелгі кезде интеллект қызметінің бұзылуы формальды түрде дұрыс болады. Ауру адам өз жұмысын одан әрі атқара береді. Бірақ туыстары мен қызметтес адамдардың бақылауы және айтуы бойынша, психиканың бұзылуы нақтылы болғандықтан аурудың диагнозын қоюға болады.
Біздің елде шизофренияның түрлерге бөлінуі аурудың клиникалық ерекшеліктерімен өтуіне байланысты. Аурудың үш негізгі түрі бар: үнемі болатын, ұстамалы-прогредиентті және рекурентті. Үнемі ағымды шизофрения ағымды болады. Белгілерінің ерекшеліктеріне байланысты қатерлі, параноидты және жай ағымды түрлері болады. Ұстамалы прогредиентті шизофрения бұл түрінде дерттің ағымы өзгерісті болады. Немістің “шуб “ деген сөзі жылжудың, өзгерісті көрсетеді.Бұл дерттің қозуынан ауруда шизофренияға тән өшпейтін өзгеріс болады. Рекурентті (мерзімді ) шизофренияның бұл түрінде ұстаманың соңынан ауру мүлде жазылып кетеді. Мұнда онейройдты кататониялық, депрессивті-параноидты және аффективті белгілер болады.
Шизофренияның қатерлі түрі жасөспірім кезінде басталып, үш негізгі бөліктен құралады: психикалық өнімділіктің төмендеуі, эмоциональдық өзгерістердің пайда болуы және бұрмаланған пубертатты дағдарыстың құбылыстары. Бұдан басқа мезгіл-мезгіл рудиментті сандырақ ойлар, жекеленген елестетушіліктер пайда болады. Ойлаудың бұзылуы, қиындауы, оқу үлгерімінің нашарлағаны байқалады.
Қазіргі көзқарас бойынша шизофрения тұқым қуалаушылық жағынан тез қабылданатын ауруларға жатады. Мұның айғағы ретінде шизофрениямен ауырған отбасында шизофрениялық психоз және адамның жеке басының өзгеруі жиі кездеседі. Шизофренияның пайда болуын биогендік аминдер мен олардың ферменттерінің, катехоламиндер, индоламин т.б. алмасуының бұзылуынан деген қағидалар бар. Қазіргі кезде шизофренияны емдеудің негізгі тәсілдері: антипсихотикалық, антидепрессивті, транквилизаторлы жіне стимуляциялық әрекетті психотроптық заттардың қолданылуы. Бұрын емдеудің естен тандыру әдістері аурудың ем қонбайтын түрлерінде кеңінен қолданылды. Емдеудің барлық биологиялық түрлері психотерапия және еңбек пен әлеуметтік бейімделу шараларымен қатар өткізіледі. Емдеудің барлық кезеңінде жеке адамның белсенділігін сақтап қалу негізгі принцип болып саналады. Әрбір ауырған адамды емдеуде өзіне тән шаралар қолданылуы
№15- дәріс
Тақырыбы:Эпилепсия
Сұрақтары:
-
Эпилепсияның клиникалық көріністері
-
Үлкен эпилепсиялық тырысқақтар
-
Кіші эпилепсиялық тырысқақтар
-
Эпилепсияның бас ми дамуына ықпалы
Эпилепсияның көрінуі балалық шақта байқалады: балаларда садисттік ойлар болады: жануарларды қинағанды ұнатады, әлсіздер мен көмексіздерді мазақтап күледі. Сондай-ақ олар өзіне деген заттарды: киімдерді, ойыншықтарды, мектеп заттарын ұқыптап және осы заттарға тиіскендерге ашуланып жағымсыз реакция көрсетеді.
Эпилептоидты жасөпірім өздерінің ызаларын түсіру үшін аффект жағдайы кенеттен болмай, ұзақ уақыт жалғасады және өз-өздеріне бірден келе алмайды. Аффект кезінде ерекше күш пайда болады. Оларда жыныстық қызығушылық қатты байқалады. Садисттік және мазохисттік түрінде көрінуі мүмкін. Алькоголді қолданған кезде тым ызалы болып төбелескіш келеді, сондай-ақ іс-әрекеттері мүлде есінде қалмайды. Олар алькоголге тым беріліп, асқынған түріне әкеледі.Олар азартты ойындарға беріліп, баюға деген құштарлығы артады.
Эпилептоидты тұлғалардың өз өздерін бағалау бір жақты: тиянақты, өз денсаулықтары алаңдатады, қызғаншақ болып келеді, өздерін комформды деп есептейді.Аффект жағдайында өз іс-әрекеттерін басқара алмай, криминальды жағдайға әкеп соғуы мүмкін. Олар көбінесе жағымсыз нәрселерге агрессиямен жауап береді. Истероидты типтің басты ерекшелігі-эгоцентризм, қоршаған адамдарды өздеріне қаратып алу, өзіне деген таңғалу, қызығушылық, құрмет көрсету байқалады. Қоршаған орта адамдарын өзіне қаратып алу үшін өтірік айтып және ойдан құрастыру истеройдты типке тән. Истероидтың эмоциясы театрды ойнағандай жалған. Ал шын сезімдері жоқ.
Истеройдты типтегі балалар көрермен залында тақпақ айтып, өлең айтқанды ұнатады. Жас өспірім кезде өздеріне назар аудару үшін алькоголді қолдануы, мінез құлқының өзгеруі байқалады.
Үйден қашу балалық шақтан болады. Истероидты балалар үйден қашқаннан кейін, оларды іздейтін жерге барады, милицияға хабар береді. Наркотик туралы көп естіп, өздерін наркоман ретінде көрсетеді. Бірақ тексерген кезде ол жалған болады. Ойдан құрау арқылы көптеген адамдарды алдайды. Ерекше байқалатыны деперсонализация және дерелазациялық уайымдау. Жағымсыз жағдай болғанда суйцидтық әрекеттерді демонстрациялайды.Истероидты акцентуация психикалық инфантилизммен сәйкестелініп келуі мүмкін. Құрдастарымен болған сәтсіздіктерді өзінің ата-анасына шығарады.
Эпилепсиялық жағдайларда талмалар мен тырысқақтар адам санасының бұзылуына және эмоцияның психикалық жағдайына өзгерістер әкеп отырады.Эпилепсияның шығу себептері әртүрлі. Генетикалық факторлар мен қатар эпилепсияның дамуына жүре пайда болатын факторлар да әсер етуі мүмкін. Жүре пайда болатын факторларға жүйке-жүйесінің аурулары, жарақаттар, инфекциялық және интоксикациялық әсерлер жатады. Эпилепсияның пайда болуына эмбриондық даму кезіеңдегі бас мидың зақымдануы және дүниеге келу кезіндегі жарақаттар маңызды рол атқарады. Эпилепсиялық жағдайдың дамуына және тырысқақтың талма құбылысының пайда болуына белоктық азоттық сулы тұздардың, қышқылдардың, зат алмасу процесінің бұзылуы әсер етеді. Ауру адамның миында еркін жүретін ацетин халиннің саны көбейіп жүйке импульстарымен нейрондағы қозудың жылдамдығын арттыру байқалады және гамма амино майлы қышқылдарының құрамы мида төмендеп жүйке импульстарының қызметін тежейді.
Эпилепсиялық тырысқақтар үлкен екі топқа бөлінеді: үлкен және кіші эпилепсиялық тырысқақтар. Үлкен эпилепсиялық тырысқақтар- аяқ астынан болуы мүмкін және бірнеше фазалардан болуы мүмкін. Ауру құлап, денесі мен қол аяқтары тартылады. Ауру адам жағымсыз дыбыстар шығарады, бет әлпеті көгеріп, көзі аларады. Тек желкесі мен аяғының табаны жерге тиеді. Бұл фазасы тоникалық деп аталады.Тоникалық фаза клоникалық фазаға ауысуы мүмкін. Клоникалық тырысқақтар 2-5 минут дейін созылады. Бұл фазада дене бет қол аяқ бұлшықеттері тартылады. Аузынан қан араласқан көбік ағады. Беті көгеріп ісінеді. Тырысқақтан кейін ауру адам 15-20 минут меңіреу қалпында болады. Одан кейін ұйқыға кетеді. Кіші эпилепсиялық тырысқақтың бірнеше формасы бар. Абсанс-ауру адамның қас қағым сәтте естен тануы, қимыл қозғалысының шектелуімен сипатталады. Ауру адам қай күйде, қай позада тұрса сол қалпында құлап қалады. Бұл форманың ұзақтығы 3-5 секунд. Егер абсанс жиі қайталанатын болса, ойлау процесінің төмендеуі, сөз дағдыларының баяулығы, есте сақтау қабілетінің бұзылуы байқалады.
№ 16- дәріс
Тақырыбы: Невроздар және невротикалық бұзылулар
Сұрақтары:
-
Невроздар туралы түсінік
-
Невроздардың шығу себептері, белгілері
-
Невротикалық бұзылулар
Невроз –жүйке жүйелік және психикалық бұзылу формаларының бірі. Невроз - бұл жүйесінің шамадан тыс зорлануының нәтижесі, яғни жүйке әрекетіндегі олқылық. Невроздардың себептері әр түрлі: отбасындағы, мектептегі даулы жағдайлар, қорқу, жақын адамнан айырылу, қорқыныш сезімімен байланысты іс - әрекетті күштеніп орындау т.с.с. Невроздардың өту барысы түрліше көрініс береді. Бір формалары түрлі жағдайларға байланысты біртіндеп, жайлап дамиды. Отбасындағы, күнделікті өмірдегі қолайсыз жағдайлар, дұрыс тәрбиенің берілмеуі жүйке жүйесін шиелендіріп, невроздардың қалыптасуына мүмкіншілік тудырады. Ал кей жағдайларда невроз күшті түрде көрінуі мүмкін, яғни жүйке жүйесінің баланың өміріндегі келеңсіз жағдайларына реакциясы.
Мектепте күйгелек балалар мына қасиеттерімен сипатталады: қозуы тежелуге қарағанда басым, өте ширақ, сабақта тыныш отыра алмайды, балалардың мазасын алады, зейіндерін бір нәрсеге тұрақтата алмайды, қозғалғыш, шулап отырады, мұғалімнің берген сұрағына ойланбастан жауап қайтарады, сөз - сөйлемдері өте тез, шапшаң. Невроздың бірнеше формаларын ажыратуға болады.
Невроз - жанға жара салып, жүйкеге қатты әсер ететін оқиғаны бастан кешу кезінде бала психикасы оған төтеп бере алмаса, ол неврозға ұшырайды. Неврозбен ауырған бала оның психикасына жаман әсер ететін жағдайды қиналыспен қабылдайды. Балаларда байқалатын невротикалық белгілерге: қорқыныш неврозы жабықтыратын жай - күй неврозы, қуық ұстамау неврозы (энурез), тэбеті жоқтық, тілдік невроздар жатады.
Қорқыныш неврозы: Қорқыныш - кішкентай бала атаулыға тән нәрсе. Бала емусіздіктен, жазалау қаупінен, айқайдан қорқады. Мүны аурудың әдеттегі көрінісі деп емес, дені сау балалардың әдеттегі қорқынышы деп қабылдауымыз керек. Алайда баланы қорқыта беру, оған қоқан - лоқы көрсету бірте - бірте қорқынышты сипат алуы мүмкін. Бала бөгде адамдардан, қараңғыдан қорқа бастайды, бөлмеде жалғыз қала алмайды, басқа адамдар арасында үрейленеді. Қорқыныш күйі басылуы да немесе қайтадан өрлеу де мүмкін. Баланы қорқынышты күйден құтқару үшін үлкен адамдар оның таяныш -тірексіз еместігіне, жақсы қарым - қатынаста өмір сүретініне сенімін арттыруы керек.
Жабықтыратын жай - күй неврозы. Мектеп өміріне бейімделудің қиын кезеңінде, яғни бала оған шамадан тыс күш түсетін жағдайға тап болған кезде ол мазасыздың, бұл жағдай біртіндеп қорқыныштық жабдықтыратын жай -күйіне немесе сылбыр қозғалысқа ұласа бастайды. Қорқыныш жағдайында баланы қандай болмасын азапты ойлар билейді. Ол ғаламат күші бар белгілі бір рухтан, өлімнен, ақыр аяғында мұғалімге жауап бере алмай қалудан қорқуы мүмкін. Бұл жағдайда егер одан жауап беру талап етілсе, ол өзінің жүрегі алқымына тірелгені, бұлшық еттерінің құрысып - тырысуынан тынысы тарылып, суық терге малшынғанын сезінер еді. Бала жауап беруден қорқады. Ол өзінің дене күйзелістерінен қорқады.
Сылбыр қозғалыстар неврозы тұйық қозғалыстар деп аталанып, пайдасы аз, мақсатсыз еліктеме қозғалыстардың пайда болуымен сипатталады. Бұл қозғалыстар теңселмелік, мұрнын үқалау, бетін ұстау (қол тигізу, сипалау), бет - ауызды тыжырайту, қолды, иықты, мойынды белгілі бір дәрежеде қисаңдату, тырнақты тістелеу және т. б. болуы мүмкін. Мұндай сылбыр қимылдар баланы қымсынтатын үлкен адам көрінген кезде, сабаққа жауап беруге әрекеттегенде және т. б. жағдайларда көбірек байқалады. Сылбыр қозғалыстар кей кездері қорғаныш жоралғысы сипатына ие болады. Бала «бәле - жалаға» ұшырамауы үшін белгілі бір қозғалысты орындау керектігіне өзін сендіреді. Мысалы, ол ырғып - ырғып алады, бүдан оның көңіл - күйі сәл-пәл көтеріледі. Шамалы уақыттан кейін ол тағы да жан қинап секіргісі келеді. Невроз тудыратын мұндай жай - күйдің қапелімде қалпына келе қоюы қиын, сондықтан бала өзіне аяушылықпен қарауды тілейді.
Қуық ұстамау неврозы. Энурез - балаларда жиі кездесетін дерт. Бірақ мүның бэрін барлық уақытта бірдей невроз деуге болмайдьь Невротикалық түнгі қуық ұстамау - бұл бала психикасы зақымдануының нәтижесі. Қуық ұстамаудың өзі бала психикасын зақымдайтын фактор болып табылады. Балалар мен оған жақын емес үлкен адамдар оның «масқара» ісінің куәгері болып, оны ұялтып жазалаған кезде өзінің дәрменсіздігін сезініп, қатты күйзеледі. Бала дөрекі, ашуымен немесе жағымпаз, үялшақ болып, өз - өзінен оқшауланып, томаға тұйық жүреді. Кейбір жағдайларда қуық ұстамау күндізгі уақыттағы өзіндік қорғаныш реакциясы ретінде көрінеді. Бала шалбарына жіберіп қоюы да мүмкін. Энурез емдеусіз-ақ өз-өзінен жайылғанымен, бала организмінде паталогиялық ауытқу зардабын қалдыруы мүмкін. Мұндай неврозға ұшыраған бала өзіне ілтипатты көзқарасты керек етеді.
Тұтықпа сөйлеу кезінде тілдің мүкістігінен сөздің жатық айтылмай, буын - буынға бөлініп айтылып, оларды қайталап айту кезінде қиындық келтіруі тұтықпа деп аталады.Тұтықпа бала сөзді тізбектеп түтас айтуға тиісті болатын мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы кішкентай кезде көбірек байқалады. Невротикалық тұтықпа көбіне баланың шошынуынан, тұрмыс қалпының өзгеруінен болады. Бұл ретте әлсіреген организмге, психикалық дамудың туа біткен ерекшеліктеріне, шамадан тыс күш түсуге сыртқы жағдай зардапты әсерін тигізеді.Тұтықпа көп жағдайда еліктеуден басталады. Тұтықпа бала тілінің мүкістігіне қатты күйзеледі. Ол біртіндеп адамдармен сөйлеуден, әсіресе өзі үшін бейтаныс адамдармен сөйлесуден қаша бастайды. Тұтығу қорқынышы әсіресе мектепте оқып жүрген кезде белең -алады. Бұл жағдай жеке бастың невротикалық дамуына апарып соғады.
Тұтықпа балалар, сондай-ақ, оларды тәрбиелейтін үлкен адамдардың айрықша ықылас бөлуін керек етеді. Олар үшін емдеп қалпына келтіру шараларының жүзеге асырылуы өте - мөте қажет-ақ. Бұл орайда мұғалім мен тәрбиеші де баламен араласу үшін қолайлы жағдай туғыза отырып, өз үлестерін қоса алады.Тұтықпадан сақтандыру үшін баланың сөздік тапсырмасын жеңілдету керек. Сонда ол есіткенін емін - еркін қайталап, жаттап алған өлеңдерін айтып бере алады. Сөздерді өз бетімен құрастыру қажеттігі жоқ жерде бала тұтықпадан аз азап шегеді немесе мүлде тұтықтырады. Балаға күрделі лексикалық -грамматикалық орамдарды айтқызуға онша үйір болмаған жөн, өйткені сөз мағынасын ұқпау, айтылуы қиын сөздерді айтудан қымсыну, түптеп келгенде, тұтықпаға соқтырады. Егер тұтықпа белгілі бір тілдік даму ерекшеліктерінің негізінде пайда болатын болса, оны логопед жөндей алады. Ал егер ол невроз симптомы болып табылатын болса, онда оны емдеумен психоневрологтың айналысқаны жөн.
Невротикалық жай күй немесе невроздың өзі шаршау, қалтырау, у-шудан қажу және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайында пайда болады. Ортаның ықпалы невротикалық жай - күйдің немесе невроздың болу - болмауын айқындайды. Мектеп өміріне үйренудің қиын жағдайындағы невротикалық олқылық кез келген балада кездеседі, дегенмен бүл олқылықты мұғалім мен тэрбиешінің сөйлеу мәнері есебінен, олардың балаға ізгі қарым - қатынасы есебінен болдырмауға болады.
Логоневроз бұл жалпы невротикалық бұзылу мен сөйлеудің невротикалық бұзылуынан туады. Жалпы невротикалық бүзылуға жататындар: ұйқының, көңіл - күйдің, тәбеттің бұзылуы. Мұндай аурулардың ұйқысы бұзылады, ұйқы демалыс әкелмейді, керісінше көп түс көргеннен шаршап тұрады, көңіл күйлері, тәбеті төмен. Осындай бұзылудан сөйлеу қорқынышы (логофибия) пайда болады. Логофобия - бала сөйлеуге қорқады. Кейде сөйлеу қорқынышының күшті болғанын бір жағдайларда бала үндемей қалады, кей жағдайларда сыбырлап зорға сөйлейді. Сөйлеуден қорыққаннан балада тұлығу пайда болуы мүмкін.
Тики - (бұлшық еттер дірілі) мектеп жасындағы балаларда көп кездеседі. Тики - еріксіз өзінен - өзі көз қабығының беттің бұлшық еттерінің тартылып тұруы. Тики, көбінесе, баланың күні бойы ойнап, шаршаған кезінде байқалуы мүмкін: баланың беті жыбырлап, ерні діріл қағып, мүрын еті үлкейіп, ісініп, көздің жыпылықтауы байқалады.Тики ауруы да тұлықпа тәрізді жүйкесіне байланысты екені анықталған. Осы белгілерді байқаған ата - ана, тәрбиеші баланы бала психиатрына көрсетуі керек. Дәрігердің кеңесін бүлжытпай орындау, дәрі - дэрмені уақтылы қабылдау, күндіз баланы ұйықтату, басымен құлап қалмауын қадағалау, сабақты көп оқытпай, демалдырып барып оқыту т. с.с. ережелерді қатал пайдаланып отырса, бала аурудан айығып кетеді.
Невроздар - Невроздың себептері әр түрлі: отбасындағы, мектептегі даулы жағдайлар, қорқу, жақын адамнан айырылу, қорқыныш сезімімен байланысты іс - әрекетті күштеніп орындау т.с.с. Невроз - бұл жүйесінің шамадан тыс зорлануының нәтижесі, яғни жүйке әрекетіндегі олқылық. Невроздардың өту барысы түрліше көрініс береді. Бір формалары түрлі жағдайларға байланысты біртіндеп, жайлап дамиды. Отбасындағы, күнделікті өмірдегі қолайсыз жағдайлар, дұрыс тәрбиенің берілмеуі жүйке жүйесін шиелендіріп, невроздардың қалыптасуына мүмкіншілік тудырады. Ал кей жағдайларда невроз күшті түрде көрінуі мүмкін, яғни жүйке жүйесінің баланың өміріндегі келеңсіз жағдайларына реакциясы. Мектепте күйгелек балалар мына қасиеттерімен сипатталады: қозуы тежелуге қарағанда басым, өте ширақ, сабақта тыныш отыра алмайды, балалардың мазасын алады, зейіндерін бір нәрсеге тұрақтата алмайды, қозғалғыш, шулап отырады, мұғалімнің берген сұрағына ойланбастан жауап қайтарады, сөз - сөйлемдері өте тез, шапшаң. Невроздың бірнеше формаларын ажыратуға болады.
Неврастения. Бұл топқа қажып шаршаудың, тамаққа тоймаудың, организмнің физикалық әлсіздігінің нәтижесінде жүйке жүйесі әлсіреген балалар жатады. Бұл балалардың тамаққа тәбеті төмен, түрі боз, салғын, қимыл - қозғалыстарында сенімділік жоқ, көңіл - күйлері әп - сәтте өзгеріп тұрады, ашуланшақ, ызақор, қыңыр, мазасыз. Зейіндерін тоқтата алмайды, ақыл - ес үрдістері әлсіз, есте сақтаулары төмен, сабақты көпшілігі үлгермейді.Ауырсынған күш түсу психофизиологиялық баланың мүмкіндіктері. Ол қоршаған ортаның жоғары талаптарына сәйкес келу күшінде емес және ежелдік кез-келген қиындықтарға қарсы тура алмайды. Бұл көбінесе ата -аналары балаларын дұрыс қабылдай алмауы. Бала ата - аналарының неге оған қатал екенін түсіне алмайды. Бұл балада нервтік күш түсуге әкеледі. Захаровтың сөзі бойынша ата - аналары баласына күніне 300-ге дейін ескертпелер айтады (приказ). Екінші себеп ата - аналары семьяда пайда болған басқа балаға көп көңіл бөледі де, ол алғашқы бала бақылаусыз қалады. "Үлкен балаға көп міндет жүктеледі. Ол бәрін өзі түсінуі керек" деп ойлайды. Осыдан зардап шегуші болса өзінің ата - аналары алдындағы беделінің төмендегенін түсінеді.
Истерия бұл топтағы балаларға тән ерекшеліктер: жоғары сезімталдық, әсерленгіштік, өзін сендіруге, қиялдауға бейімділік, эгоцентризм, айналадағы адамдардың назарын өзіне аудару ықыласы, көңіл аудармаған жағдайда балалар жағымсыз реакциялар көрсетуі мүмкін: дөрекілік, аффектілі түрде ыза болу, жылау т. б.
Истериялық невроз. Сыртқы көрінісі бәрімізге белгілі: бала еркелейді, истерика жасайды, жерге қүлап, жерді ұрғылайды. Қалыпты жағдайды ерте жаста байқалатын патологиядан ажырату керек. Ата - аналары белгілі уақытқа дейін бостандық береді де, одан соң шектеу қояды, ал бала бұл өзгерісті бірден түсіне қоймайды. Көптеген ата — аналар балаларының және жанұясының денсаулығына көп көңіл бөледі. Бірақ, өкінішке орай көбі байқау жэне қателік тәсіліне жүгінеді, ең маңыздысы - олар сау баланы өсіруге талаптанады. Олар балалардың жүйке ауруының алдын алу және ауруларды болдырмау туралы ойланады. Ешкім өмірінің күрделі, тұрақсыз, стресске толы болуын қаламайды. Нақтылы жағдайда жаңа келешек ұрпақтың өмір сүруі мен өсуі тек физикалық, ең біріншіден психикалық сау адамға ғана жеңіл.
А.И.Захаровтың пікірі бойынша невроздардың бірнеше түрлері бар. Ол өзінің "Балалар невроздары" кітабында келесі түрлерін ажыратады: қорқыныш неврозы өлім қорқынышынан пайда болады. Ол көбінесе 5-6 жастағы барлық балаларда байқалады. Мұндай жағдайда егерде семьяда өмірге қуанышты эмоциональді атмосфера болса бала бұл жағдайды өзі шеше алады. Егер де бала бұрыннан тынымсыз болса, онда бұл алаңдаушылық өлім қаупін тез күшейтіп жіберуі, осыдан бұл қыздағы сияқты невротикалық қорқыныщ пайда болады. (лифтіден қорқу, оттан, аурудан, машинадан қорқу). Мұның бәрі бір нәрсеге - қорқынышпен; бір жағдай болатын сияқты сезімінен білінеді. Бұған қоса анасынан қорқу, балаға үлкен әсер етеді.
Жабысқақ жағдайлар неврозы. Захаров суреттеуі бойынша үлкен мектеп жасында байқалады, бала қандай да бір іс - әрекет жасауға тырысады, ол өзіне қорғаныш элементі саналады. Бұл қорғаныш механизмі, тиктер, біркелкі қозғалыстар, немесе респираторлы көріністер (В.И.Горбузов пікірі бойынша). А.И.Захаров балалар неврозының себептерін, семья қатынасынан іздейді, яғни бұндай жағдайда мәселе жабулы шеңберге ұқсас: Ата - аналар өздерінің балалық шағынан қорқыныш мэселесін ала жүріп, оны өсіп келе жатқан баласының иығына артады. Осылай ұзақ жалғастыруға болады, бүл тізбекті ешкім үзіп немесе ойланбайынша ол жалғаса береді. Саналы ата - аналық міндетті орындау - сау балаларды өсіруге жэне өз семьясының мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
Ата - анасының махаббаты мен тірегімен өскен болса өз өмірінің кризистік кезеңдерінен өте алады. Захаров әсіресе бала туғанға дейінгі кезеңге көп көңіл бөледі. Бала семьяда қалаулы бала болса, соншалық семьядағы орны бөлек. Шын мэнінде мінсіз ата - аналардың болуын өлшем талап ете алмайды, барлық адамдар қателеседі, бірақ олардың көбінен қүлылуға болады. Алдымен өз жеке мәселесін одан соң семьяның мэселесін шеше білу қажет. Мұндай шешемді дұрыс түсіну болашақта семьяда психикалық саз баланың өсуіне мүмкіндік береді.
№ 17- дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |