236. Орынды тәуекелдің белгілері:
А) мақсаттың әлеуметтік пайдалылығы, қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтірілуін болғызбау үшін қажетті шараларды қамтамасыз етуі, тәуекелдің мақсаттылығы;
В) мақсаттың әлеуметтік пайдалылығы, қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтірілуін болғызбау үшін қажетті шараларды қамтамасыз етуі, тәуекелдің аса қажеттілігі, адамдардың өміріне, экологиялық апатқа, қоғамдық күйзеліске ұштасатын әрекеттердің болмауы;
С) мақсаттың әлеуметтік пайдалылығы, қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтірілуін болғызбау үшін қажетті шараларды қамтамасыз етуі, адамдардың өміріне, экологиялық апатқа, қоғамдық күйзеліске ұштасатын әрекеттердің болмауы;
Д) қауіптіліктің болуы, оның анық және нақты болуы, заңмен қорғалатын мүдделердің сақталуы, келтірілетін қауіп тойтарылатын қауіптен аз болуы керек, қауіпті абайсызда келтіру, қорғаудың уақытылы болуы;
Е) қоғамдық қолсұғушылықтың болуы, оның анық және нақты болуы, заңмен қорғалатын мүдделердің қорғалуы, қолсұғушыға заңға сыйымды зиян келтіру;
237. Әрекеттің қылмыстылығын жоятын күштеп немесе психикалық мәжбүрлеудің белгілері:
А) қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтірілуі;
В) қылмысты жасауға мәжбүр етуі;
С) өз әрекетін басқара алмауы, заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру;
Д) өз әрекетін басқара алмауын жоққа шығару;
Е) дұрыс жауабы жоқ;
238. Әрекеттің қылмыстылығын жоятын бұйрықты немесе өкімді орындаудың белгілері:
А) жоғары тұрған бастыққа бағынышты болуы, бұйрықты құзырлы тұлғаның беруі, тиісті үлгіде берілуі, бұйрықты орындаушының қылмыстылыққа әкелетінін білмеуі;
В) жоғары тұрған бастыққа бағынышты болуы, қылмыстық сипаттың бар екенін білмеуі, орындаушының іс-әрекеті моральдық этикаға сай болуы, әрекетінің заңмен белгіленуі, қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиянның келуі;
С) жоғары тұрған бастыққа бағынышты болуы, қылмыстық сипаттың бар екенін білмеуі, бұйрықты орындаушының заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтіретінін білуі, қылмысқа сырттай ұқсас болуы, заңмен белгіленуі;
Д) жоғары тұрған бастыққа бағынышты болуы, қылмыстық сипаттың бар екенін білмеуі;
Е) дұрыс жауабы жоқ;
Достарыңызбен бөлісу: |