221. Қылмысқа қатысудың субъективтік белгілері:
А) әрбір қатысушының әрекетінің ниеті;
В) қылмысқа қатысушылардың ниетінің бір болуы, қылмыс тек қана қасақаналық пен жасалынады;
С) қылмысқа қатысушылардың ниетінің бір болуы, қосылулары тек қана қылмыс жасалған кезде, барлық қатысушылардың мақсаты мен ниетінің бір болуы;
Д) барлық қылмысқа қатысушылардың мақсаты, ниетінің бір болуы;
Е) дұрыс жауап жоқ;
222.Ұйымдастырушының ұғымы:
А) ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастықты құрған тұлға;
В) қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам, сол сияқты ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық құрған немесе оларға басшылық еткен адам;
С) алдын ала сөз байласқан адамдар тобын, адамдар тобын, ұйымдасқан топ, қылмыстық қауымдастықты құрған не басқаратын адам;
Д) адамдар тобын құрған және басқаратын адам;
Е) басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге жолмен қылмыс жасауға көндірген адам;
223. Айдап салушының ұғымы:
А) қылмыс жасауға көмектескен адам;
В) басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге жолмен қылмыс жасауға көндірген адам;
С) қылмыс жасауға қинаған адам;
Д) адамдар тобын құрған және басқаратын адам;
Е) қылмыс жасауды болдырмайтын адам;
224. Қылмысқа көмектесушінің ұғымы:
А) кеңестермен, нұсқаулармен, ақпаратпен немесе қылмыс жасайтын құралмен көмектескен адам;
В) қылмыс жасауды болдырмайтын адам;
С) кеңестермен нұсқаулармен, ақпарат, қылмыс жасайтын қарумен не құралдар берумен не қылмысты жасауға кедергілерді жоюмен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам, сондай–ақ қылмыскерді, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге құралдарын, қылмыстың ізін, қылмыстық жолмен табылған заттарды жасыруға күні бұрын уәде берген адам;
Д) басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге жолмен қылмыс жасауға көндірген адам;
Е) қылмыс жасаған адам;
225. Көмектесуші мен айдап салушының әрекеті қалай сараланады:
А) ҚР ҚК 28 бабымен;
В) ҚР ҚК Ерекше бөлімінің бабымен 28 бапқа сілтеме жасай отырып;
С) ҚР ҚК Ерекше бөлімінің бабымен 28 бапқа сілтеме жасамай;
Д) ҚР ҚК 31 бабымен;
Е) ҚР ҚК Ерекше бөлімінің бабымен 31 бапқа сілтеме жасай отырып;
Достарыңызбен бөлісу: |