Медико –санитарлық алғашқы көмекті ұйымдастыру (мсак) ұйымының принциптері, Астана декларациясында жарияланған



бет38/42
Дата16.04.2024
өлшемі317.51 Kb.
#498789
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
пмсп экзамен 3

ККТМК-ке келесілер жатады:

  • Стационарды алмастыратын және стационарлық медициналық көмек көрсету кезінде уәкілетті орган бекіткен, туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес туберкулезбен ауыратын науқастарды қалпына келтіру емі мен медициналық оңалтуды қоса алғанда, мамандандырылған медициналық көмек көрсету.

  • Төтенше жағдайлар нәтижесінде пайда болған ауруларға байланысты медициналық көмек көрсету.

  • Сот-медицина сараптамасы.

Жергілікті бюджет есебінен көрсетілетін ККТМК-ке келесілер жатады:

  • Медициналық-санитариялық алғашқы көмек; уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша әлеуметтік маңызы бар аурулар, инфекциялық аурулар және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар, динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезінде бастапқы медициналық - санитариялық көмек мамандарының жолдамасы бойынша мамандандырылған амбулаториялық-емханалық ұйымдар жүзеге асыратын консультациялық-диагностикалық көмек.

  • Жедел жәрдем қызметтері.

  • Жергілікті деңгейде ересектерге және балаларға стационарлық медициналық көмек, оның ішінде оңалту, шұғыл көмек көрсетуді қоса алғанда.

  • Уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша әлеуметтік маңызы бар аурулар, инфекциялық аурулар және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде, бастапқы медициналық-санитарлық көмек мамандарының жолдамасы бойынша динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезінде жоспарлы көмек көрсету.


88. "Консультациялық-диагностикалық көмек" ұғымы
Консультациялық-диагностикалық көмек – тәулік бойы медициналық бақылау жасалмайтын, мамандандырылған медициналық көмек, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтер қолданылатын көмек.
Консультациялық-диагностикалық көмекті:
1) консультациялық-диагностикалық орталықтар;
2) консультациялық-диагностикалық емханалар;
3) консультациялық-диагностикалық бөлімшелер көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет