Медико –санитарлық алғашқы көмекті ұйымдастыру (мсак) ұйымының принциптері, Астана декларациясында жарияланған


Консультациялық-диагностикалық көмек



бет39/42
Дата16.04.2024
өлшемі317.51 Kb.
#498789
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
пмсп экзамен 3

Консультациялық-диагностикалық көмек:
1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде;
3) Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету қағидалары мен талаптарына сәйкес ақылы негізде;
4) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетіледі.
Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету тәртібі
Пациенттерге консультациялық-диагностикалық көмекті медициналық ұйымдар еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізуді қамтитын медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болған жағдайда профилактикалық, диагностикалық және емдеу қызметтерін ұсыну арқылы көрсетеді.
Бейінді маманның пациентке консультациялық-диагностикалық көмек көрсетуі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде бастапқы медициналық-санитариялық көмек дәрігерінің немесе басқа бейінді маманның жолдамасы бойынша жүзеге асырылады.
Консультациялық-диагностикалық көмекке жіберу кезінде бастапқы медициналық-санитариялық көмек дәрігері немесе басқа бейінді маман клиникалық диагнозы мен зертханалық және аспаптық зерттеулерінің нәтижелерін көрсете отырып, жолдаманы, амбулаториялық, стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірмені (№ 027/е нысаны) ресімдейді.
Бастапқы медициналық-санитариялық көмек дәрігерінен немесе басқа бейінді маманнан жолдама болмаған жағдайда, сондай-ақ пациенттердің бастамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек ақылы негізде көрсетіледі.
89. Қалпына келтіру және медициналық оңалту

Қалпына келтіру емі - негізгі ауруды ерте қалпына келтіру кезеңінде медициналық қызметтер көрсету кешені;
медициналық оңалту - науқастар мен мүгедектер организмінің бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын сақтауға, ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені;
Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық қызметтерді пайдалана отырып, медициналық көмектің мынадай нысандарында ұсынылады:

  • амбулаториялық-емханалық;

  • стационарды алмастыратын;

  • стационарлық.

қалпына келтіру емін көрсету және медициналық оңалту үшін пациентті стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы жүзеге асырылады.
Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ересектер мен балаларға жіті аурулар мен жағдайлар, жарақаттар, хирургиялық араласулар кезінде, тіршілік әрекеті шектелген емделушілерге, оңалту әлеуетін ескере отырып, аурулар және (немесе) функциялары мен құрылымдарының бұзылулары бар жағдайлар кезінде, әлеуметтік мәні бар аурулар мен жекелеген нозологиялық нысандар кезінде жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет