ІШ құртының жұмыртқасын анықтауға
нәжісті алу
Мақсаты: нәжістегі іш құртының жұмыртқасын табу.
Қолдану көрсетілімдері: гельминтоздар түрлерін және ішек құртының түрін анықтау.
Дайындаңыз: қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнерді, судноны, қалақшаны (ағаш, шыны), этикетка жазып, контейнерге желімдеп жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы).
Іс-әрекет алгоритмі:
Зерттеуге нәжісті жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз.
Науқасқа түсіндіріңіз, зерттеу болар алдында дайындықсыз таңертең нәжісті жинауды.
Нәжіс жинау іс-әрекетін науқасқа үйретіңіз:
Науқас қолғапты шешіп, контейнерге салады, қолын жуып және құрғатуы қажет.
Контейнер ішіндегі нәжісті жылы түрінде клиникалық лабораторияға апарыңыз (30 минуттен кешіктермей).
Ескерту: құртқа қарсы дәрілерді қабылдаған күндері емді бақылау үшін зерттеуге нәжістің барлық үлесін жинайды.
Жасырынды қанды анықтауға нәжісті алу
Мақсаты: ас қорыту жолдарынан жасырынды қан ағуды айқындау.
Қолдану көрсетілімдері: асқазан-ішек жолдарындағы ойық жара, қабыну және қатерлі ісік процестері.
Дайындаңыз: қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнерді, қалақшаны (ағаш, шыны), этикетка жазып, контейнердің сыртына желімдеп, жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы).
Іс-әрекет алгоритмі:
Зерттеуге нәжісті жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз. Алда болатын анализге дейін науқас 3 күн бойы арнайы диетада болуы қажет (рационнан ет, балық, көкөністің барлық түрлері, граната, қызанақ, жұмыртқа, қызылша, құрамында темір, магний, висмут, йод, бром бар дәрілік заттар, сол сияқты карболен шығарылады).
Науқасқа түсіндіріңіз: нәжіс зерттейтін күні таңертең алынады.
Науқастан немесе жанұя мүшелерінен біліңіз, басқа да қан кету көзі болмағанын анықтаңыз (тістің қызыл етінен қан кету, қан қақыру, тік ішек айналуы, етек кір келу), болған жағдайда жалған оң нәтиже береді.
Егер де жауап дұрыс болса нәжіске қанның түспеуін болдырмайтын нұсқау беріңіз:
Нәжіс жинау алдында резеңке қолғап киіңіз.
Науқасқа түсіндіріңіз, ішті босату унитазда емес, сусыз дәрет ыдысында (суднода) болу керек.
Үлкен дәретке отырған соң нәжістің қара әртүрлі учаскесінен 5-10 г нәжісті қалақшамен алып, контейнерге салып, қақпағын жабыңыз.
Контейнерді ішіндегі нәжіспен лабораторияға жолдамасымен жіберіңіз.
Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |