Мейіркеш мамаңДЫҒының даму тарихы


Жел шығаратын түтікшені қолданудың мейіркештік



бет117/154
Дата12.02.2024
өлшемі1.17 Mb.
#491625
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   154
Пациент күтімі технол Байболина

15.6.Жел шығаратын түтікшені қолданудың мейіркештік
технологиясы
Жел шығаратын түтікшені іштің тырсылдағаныңда (метеоризм) қолданады.
Мақсаты: ішектен газдарды шығару.
Көрсеткіші: метеоризм.
Қолданбайтын жағдайлар:

  • ішектен қан кетуінде;

  • тік ішектің түсуінде;

  • тік ішекпен, сигма ішектің қабынуында;

  • тік ішектің қатерлі ісігінде;

  • тромбоцитопенияда;

Жабдықтар: стерильденген жел шығаратын түтікше, лоток, вазелин майы, таңу материалдары, қолғаптар, перде, клеенка, үлкен дәкі, судно.
Ескерту: жел шығаратын түтікше 1 сағатқа салынады.

  1. Осы процедураға пациенттен келісімін алу.

  2. Пациентті пердемен көлегейлеу.

  3. Пациентті сол жақ қырына керуерттің шетіне қарай тізесін бүгіп жатқызу.

  4. Қолғапты кию.

  5. Жамбасының астына клеенка, үстіне үлкен дәкені салу.

  6. Орындықтың үстіне суы бар судноны қою.

  7. Түтікшені вазелин майымен жағу ( 20-30 см бойымен).

  8. Екі жамбасының арасын ашып, түтікшені 20-30 см тереңдігіне енгізу.

  9. Түтікшенің бос жағын суға салу.

  10. Қолғапты шешіп, дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа салу.

  11. Қолғапты кию.

  12. 1 сағаттан кейін түтікшені шығарып алу.

  13. Түтікшені дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа салу.

  14. Тік ішектің маңайын өңдеу және вазелин майы жағылған дәкіні салу.

  15. Клеенкамен дәкені алып қапшыққа салу.

  16. Қолғапты шешіп, дезинфекциялық ерітіндіге салып, қолын жуып құрғату.

15.7.Асқазанды жуу
Мақсаты: асқазан ішін өңеш арқылы тазалау, емдеу, диагностикалау әдісін жүргізу.
Көрсеткіштері: ішімдікпен, дәрімен, тамақпен улану, ішек түйіліп қалуында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет