15.8.Кұсық болган кезде көмек көрсету
Егер пациенттің сана сезімі айқын болса:
Пациентті отырғызып, клеенкамен жабу.
Орамалды беріп, екі аяғының арасына леген қою.
Дәрігерге хабарлау.
Құсып жатқанда, пациенттің маңдайын ұстап тұру.
Құсқан сайын ауызын шайғызып отыру.
Құсықты дәрігерге көрсету.
Егер пациент әлсіз болса, немесе сана сезімі айқын емес жағдайда болса:
Пациентті қырымен жатқызу немесе басын жанына қарай бұру.
Жедел түрде дәрігер шақыру.
Жастықгы алып тастау.
Тіс протездерін (егер бар болса) алып тастау.
Клеенкамен мойынын, кеудесін жабу.
Ауызына лоток қою.
Электроотсоспен немесе резеңке баллонмен ауыздан, мұрыннан
құсықты сорып алу.
Ауызды, кұсық шыққан сайын, өндеу, күту.
Ескерту: жекелік мейіркештік постымен қамтамасыз ету.
15.9.Куыққа катетер енгізудің мейіркештік
технологиясы
Катетеризация дегеніміз - куыққа катетер енгізу. Катетерлеу емдеу және диагностикалық мақсатпен жүргізіледі және куықты жуу үшін қолданылады. Катетер қолданғанда инфекция жайылмауы үшін асептика шараларын қолдану керек. Катетерді тек қана керекті жағдайларда қолданады. Куықты екі мақсатпен жуады:
Механикалық мақсатпен (тастарды, іріңді шығару)
Эндоскопиялық тексерістер жүргізер алдында.
Әйелдерге катетер енгізудегі мейіркештің технологиясы.
Мақсаты: зәрді куықтан уақытымен шығару.
Көрсеткіштері: зәрдің өткір тұрып қалуы.
қуықты жуу және дәрілерді жіберу.
Зәр жолдарының операцияларының кейінгі кезеңдері.
Қолданбайтын жағдайлар: куықтың жарылуында.
Жабдықтар: стерильденген катетер, екі пинцет, лоток резеңке колғап, фурацилин ерітіндісі 1:5000, вазелин майы, зәрді жинайтын ыдыс, дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс, клеенка, жуу үшін қолданатын антисептикалық ерітінді.
Ескерту: катетер енгізгенде қатаң түрде асептика ережесін сақтау керек, процедураны фельдшер немесе тәжірибелі мейіркеш жасайды.
Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасау, пациентті жекелеу,
процедураның мақсатын, барысын түсіндіру, келісімін алу.
Қолғапты кию.
Пациентті шалқасына жатқызып, аяқтарын ашу (тізесі бүгілген күйде).
Жамбасының астына клеенка жөргек салу, үстіне судноны қою.
Куықты жуу үшін керекті жабдықтарды дайындау.
Пациенттің жыныс мүшелерін жуу және құрғату.
Резеңке қолғапты айырбастап катетер қолдануға керекті
жабдықтарды дайындау.
Оң жақ қолына пинцетті алып, марліленген дәкені фурацилин
ерітіндісіне малып, жоғарыдан төмен жыныс мүшелерін өңдеу керек
(тампондарды дезинфекциялық ерітіндіге салу керек).
Пинцетпен катетерді алып вазелин майын жағып, сол жақ
қолымен жыныс еріндерін ашып, оң жақ қолымен катетерді зәр
шықканша 4-6 см-ге енгізу керек.
Катетердің бос жағын зәрді жинайтын ыдысқа салу.
Пинцет, лотокты дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа салу.
Катетерді жайлап алып шығып, дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа салу.
Резеңке қолғапты дезинфекциялық ерітіндіге салу.
Қолды жуып құрғату.
Пациенке физикалық, психикалық тыныштық жағдайларын жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |