Мейіркеш мамаңДЫҒының даму тарихы


Тамшы клизма жасаудың мейіркештік технологиясы



бет116/154
Дата12.02.2024
өлшемі1.17 Mb.
#491625
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   154
Пациент күтімі технол Байболина

15.5.Тамшы клизма жасаудың мейіркештік технологиясы
Кейбір ауруларда пациенттер тағамды ауызбен қабылдай алмайды. Соңдықтан тағам тік ішек арқылы енгізділеді. Тоқ ішектің төменгі бөлігіне тек қана су, натрий хлорид ерітіңдісі, глюкоза, спирт, жартылай белоктар аминоқышқылдар сіңеді. Қоректік клизманың көлемі 200-250 мл аспауы керек. Ішекті жақсы ұстау үшін тағамға 5-10 тамшы опий тұндырмасын қосады. Қоректік клизманы күніне 1-2 рет жасауға ғана рұқсат етіледі, себебі, ол тік ішекті тітіркендіреді. Егер мұндай жағдай болса, бірнеше күнге үзіліс жасау керек.
Қоректік клизманы тамшы әдісімен жасау керек, себебі мынадай артықшылықтары бар:

Мақсаты: дәріні тік ішек арқылы жіберу және сіңуін қамтамасыз ету.
Көрсеткіші: адам ағзасына көп көлемде сұйықтықтарды енгізу. Егер пациент ауызыарқала тамақ қабылдай алмаса осы әдісті қолданады. Қолданбайтын жағдайлар:

  • асқазан ішектен қан кетуінде

  • тоқ, тік ішектерінде өткір және жаралық процестер болса

  • қатерлі ісіктерде

  • тік ішектің маңайынының жарылуында.

Жабдықтар: стерильденген түтікше, лотоқ, вазелин, дәрілер, латекстік қолғап, система, штатив, клеенка, үлкен жөргек, су термометрі, 40°-50°С температурасындағы жылытқыш.
Ескерту: тамшы клизмасын тазарту клизмасынан кейін 30-40 минуттан кейін жасау керек.

  1. Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасау, мақсатымен,
    барысымен таныстыру.

  2. Дәрі бар флаконды суы бар ыдысқа салып, су термометр арқылы
    40°-42°С дейін жылыту.

  3. Системаны дайыңдап, грелкаға орап бекіту керек.

  4. Пациентті сол жақ кырына жаткызып, тізесін бүгіп ішіне тарту керек

  5. Түтікшені вазелин майымен жағып дайындау.

  6. Қолғапты кию.

  7. Пациенттің жамбасына клеенка, үлкен жөргек салу.

  8. Системаны дайындау (тамшылығы минутына 60-80 рет болуы керек)

  9. Екі жамбасының арасын ашып түтікшені 20-30 см кіргізу.

  1. Колғапты шешіп, дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыска салу.

  2. Процедура бітер алдында қолғапты киіп, бұранданы жауып,
    түтікшені шығару керек.

  3. Пациенттің тік ішегін өңдеу.

  4. Түтікше мен лотокты дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа салу.

  5. Қолгапты шешіп, дезинфекциялық еітіңдісі бар ыдыска салу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет