Б) Ауруханалық жағдайда: Анализдерін лабораторияға апарады.
Зәрді микрофлораға, антибиотиктердің сезімталдығына тексеру
Антибиотикерді, уросептиктерді
Жыныс органдарын жуғаннан кейін зәрдің ортаңғы бөлігін алады.
Жедел түрде лабораторияга апарылып, тексеріледі.
Зәрді диастазаға тексеру
Таза, құрғақ ыдысқа 50 мл жаңа шыққан зәрді жинап, жылы түрінде лабораторияға жеткізеді.
16.6.Нәжісті тексеру
Нәжістің қорытындысының дәл болуы пациенттің дұрыс дайындалуына, дұрыс жиналғандығына, сақталуына және лабораторияға жеткізілуіне байланысты.
Нәжістің анализіне сипаттама беруі екі түрге бөлінеді:
а/ макроскопиялық, б/ микроскопиялық.
Нәжісте бұлшық еттің талшықтары болса - креатория деп атайды; крахмал болса - амилорея; майлы кьшкылдар болса - стеаторея деп атайды.
Нәжісті 8-12 сағаттан кешіктірмеу керек, сақтау температурасы 3-5°С болуы керек. Нәжісті шыны таза құрғақ ыдысқа жинауы керек.
Сабын, жыныс органдарының бөліндісі болмауы керек.
Нәжістің жалпы, немесе копрологиялық анализге, жасырынды қанға, құртқа, бактериологиялық қарапайымдарды тексеруге бөледі.
Нәжісті копрограммаға тексеру. Дәрілер қабылдауын тоқтату: (эфедрин, прозерин, әлсіздендіретін дәрілер, висмут, темір, барий сульфат т.б.). 3 күн бұрын тексеріс алдында темірі бар тағамдарды ішпеуі керек (ет, балық). Тағамның сіңуін тексеру үшін арнайы диета қолданады.. Шмидт емдәмі 4-5 күн бұрын тағайындалады (кал 2250 ккал) немесе Певзнер емдәмі (жалпы калориясы 3250 ккал). Анализ үшінші,төртінші, бесінші күн өткеннен кейін жиналынады.
Шмидт емдәмі (қорғаулықем-дәмі):
Таңертеңгілік 0,5 л сүт немесе шай, майы бар ақ нан, шала пісірілген жұмыртка.
Екінші таңертеңгілік тағам: 0,5 л сұлы ботқасы (сүтке пісірілген).
Түскі тағам: 105 г майсыз ет, 200-250 г картоп.
Екінші түскі тағам: 0,5 л шай немесе сүт, нан, май.
Кешкі тағам: 0,5 л сут немесе суық сұлы ботқасы, ақнан майымен, 1-2 жұмыртқа.
Норма бойынша: нәжісте тағам қалдықтары болмауы керек. Үш рет тексергенде асқорыту мүшелерін жұмысын тексеруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |