Мейіркеш мамаңДЫҒының даму тарихы


Тыныс алу жолдарының ауруларындағы негізгі шағымдар



бет136/154
Дата12.02.2024
өлшемі1.17 Mb.
#491625
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   154
Пациент күтімі технол Байболина

19.1. Тыныс алу жолдарының ауруларындағы негізгі шағымдар:
а/ ентігу;
б/ тұншығу;
в/ жөтел /кұрғақ, дымқыл/;
г/ ауырсыну;
д/ қансырау, қан кету;
Ентігу -демнің қызметінің бұзылуы. Демнің жиілігі, ырғақтылығы, тереңділігі бұзылады.
Демнің жиілігі: Демді санағанда пациентке білдіртпейді, Ол үшін пациентті жатқызып, тамыр соғысын санаған тәрізді болып, бір қольн ішіне салып, бір минут ішіңде демін санайды. Қалыпты жағдайда демі минутына 16-20 рет. Жаңа туған баланың демі минутына 40-45 рет.
Демнің тереңдігі: Пациент тынышталып отырғанда, ауаның шыққан және алған көлемін мейіркеш анықтайды.
Қалыпты жағдайда демнің көлемі 500мл дейін болады. Пациенттің демі сыртқы немесе терең болуы мүмкін. Қалыпты жағдайда демі ырғақты болуы тиіс. Егер демнің ырғақтылығы мен тереңдігі бұзылса ентігу пайда болады.
Ентігу 3-түрге бөлінеді:

  1. Экспираторлық - демнің шығуының қиындауы;

  2. Инспираторлық - дем алуының қиындауы;

  3. Аралас- демнің шығуы мен алуының қиындауы;

Патологиялық жағдайда демнің бұзылуы 3-түрге бөлінеді:


І.Куссмауль демі - сирек, терең, шулы, /терең комада байқалады/;
II. Биотта демі-қалыпты жағдайда дем кенеттен үзіліске ұшырайды;
Ш.Чейн -Стокс - демнің жиілігі мен тереңдігінің 5-7 демге дейін өсуі, содан кейін демнің әлсізденуі;
Асфиксия - оттегі тапшылығынан демнің тоқталуы.


19.2.Астма /демікпе/ - тұншығу
Тұншығу - ауаның жетіксіздігінен пациент демін алалмайды. Бұл жағдайда ұсақ бронхтар жиырлып демнің шығуы қиындайды. Пациент өзіне ыңғай жағдай іздеу үшін, қолдарын керуеттің шетіне тірейді. Кеудесіндегі сырылдар естіліп, беті көгеріп, дымқыл мұздай тер шыққаны білініп тұрады. Алғашқы көмек:

  1. Төсекке ыңғайлап отырғызыңыз;

  2. / қысып тұрған киімдерін шешіңіз;

  3. / бөлмені желдетіңіз;

  4. / дәрігерді шақырыңыз;

  5. оксигенотерапия жүргізіңіз;

  6. дәрігердің нұсқауын орындаңыз

  7. Қалталы ингаляторды пациентке беріңіз;

  8. Дәрігер келгенше керекті дәрілерді дайындаңыз; 2,4% - эуфиллин ертіндісін; 5% - эфедрин ертіндісін; преднизолон, гидрокортизон, жүрек гликозидттерін.

  9. Пациенттің жалпы жағдайын, шыққан қақырықтың түрін қадағалап отырыңыз;

  10. Нұсқау қағазына пациенттің демін,қан қысымын,тамыр соғысын белгілеңіз; Пациенттен жылтыр шынылы тәрізді қақырық шығып жағдайы жақсарады. Пациенттің жағдайы жақсарғаннан кейін, қалталы ингаляторды қалай қолданатынын үйретесіз;

  11. Пациентке қақырықты лабораториялық тексеріске жиналуын үйретіңіз;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет