5.9.Мейіркештік үрдістің үшінші кезеңі — пациентке қажетті көмекті жоспарлау
Мейіркештік кірісудің мақсатының түрлері және элементтері. Күту мақсаттарын екі себеп бойынша қою керек:
Жекелік мейіркештік кірісудің бағыты анықталады.
Кірісудің тиімділік дәрежесі анықталады.
Пациент жоспарлау процесіне белсенді қатынасады. Әрбір доминанттық қажеттіктер немесе мейіркеш диагноздары мейіркештік күту жоспарында жекелік мақсат ретінде жазылып отырады, ол қажет деп табылған нәтиженің алуын көздейді.
Әрбір мақсат міндетті түрде 3 компоненттен құрылады:
Орындау (етістік, іс-әрекет)
Критерий (белгі) (күні, уақыты, арақашықтығы)
Жағдай (біреу немесе бір нәрсенің көмегі арқылы)
Мақсат қоюдағы қойылатын талаптар:
Мақсаттар нақты да, жетістікке жетімді болулары керек.
Әрбір мақсаттың орындалуының,нақты мерзімін қою керек.
Пациент әрбір мақсаттың талқылануына қатысуы керек.
Мерзіміне қарай мақсаттың екі түрге бөлінеді:
1. Қысқа мерзімді, бір апта ішінде орындалуы тиіс.
2. Ұзақ мерзімді—ұзақ уақытқа созылады, кейде пациент
стационардан шыққанынан кейінде жалғаса береді.
5.10.Мейіркештік кірісудің көлемі
Мейіркештік кірісудің көлемін анықтаудағы қойылатын талаптар:
Мейіркештік кірісу түрлерін анықтау керек (тәуелді, тәуелсіз,өзара тәуелді іс-әрекеттер)
Мейіркештік кірісуді пациенттің қанағаттанбаған қажеттілік
негізіне жоспарлануы керек
Мейіркештік кірісудің 3 турі бар: тәуелді, тәуелсіз, өзара тәуелді іс-әрекеттер.
Тәуелді деп - мейіркештің дәрігер нұскауы бойынша анықталатын іс-әрекеттерін айтады.
Тәуелсіз іс - әрекеттерді—мейіркеш өзі орындайды. Мысалы: пациенттің еміне реакция беру, ауруына үйрену, көмек көрсету,жекелік гигиена шараларын орындау, ішкі ауруханалық, инфекцияның алдын-алу, пациентті үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |