5.8.Мейіркештік үрдістің II кезеңі – диагностикалау немесе пациенттің проблемаларын анықтау
Пациенттің проблемаларын және осы проблемаларды тудыратын факторларын диагностикалау арқылы анықтайды. Пациенттің айқын (қазіргі уақыттағы) және потенциалдық (кейін болатын) проблемалары мейіркеш күту жоспарына енгізіледі. Әдебиеттерде бұл проблемаларды мейіркеш диагнозы деп атайды, соңдықтан бұл мейіркеш процесстің екініші кезеңі болып саналады.
Мейіркештік диагноз дегеніміз —ол мейіркештің клиникалық пікірі, мұнда анық немесе потенциалдық проблемалар беріледі, мұндай проблемалардың мейіркеш өздігімен алдын алып шеше алады.
Мейіркештік диагноз— бұл пациенттің (қазіргі, потенциалдық) мейіркештік тексерістің нәтижесінде анықталған жағдайы, мұндай жағдайларда мейіркештік кірісуді талап етеді.
Мейіркештің қызметін анықтау мақсатында мейіркеш диагноздардың жіктелуі бойынша 1973 жылы АКШ-та І-ғылыми конференция өткізілген. 1991 жылы мейіркештік диагноздардың жіктелуі бойынша 114 негізгі проблемалар берілген, оның ішіне гипертермия, стресс, әлеуметтік өзін қорғау, мазасыздық т.б. енгізілген.
Мейіркештік диагноздың дәрігерлік диагноздан мынандай айырмашылықтары бар:
Дәрігерлік диагноз бойынша ауру анықталады, ал мейіркештік диагноз ағзаның ауруға деген реакциясын білуге бағытталған.
Дәрігерлік диагноз пациент ауырғанша өзгермейді, мейіркештік диагноз әрбір сағат сайын өзгеріп отыруы мүмкін.
Дәрігерлік диагнозында дәрігер тағайындауы бойынша ем қолданады, мейіркеш диагнозыңда мейіркештің кірісуі қажет.
Дәрігерлік диагноз ағзадағы патофизиологиялық өзгерістермен байланысты болса, ал мейіркештік диагноз пациенттің өз жағдайының өзгеруіне байланысты болады.
Мейіркештік диагноз бірнеше болуы мүмкін, ал дәрігерлік тек қана біреу болады.
Қазіргі уақытта мейіркештік диагноздар ағзаның бұзылуына-байланысты 14 топқа бөлінеді:
қозғалыс (қозғалыс белсенділігінің төмендеуі)
дем (демнің қиындауы, жөтелу, тұншығу)
қан айналу (ісіктер, аритмия т.б.)
асқорыту (жұтынуының бұзылуы, кұсу, жүрегі айну, дәретінің журмеуі)
зәр жолдары (зәрдің тұрып қалуы, жиі шығуы)
гомеостаз (гипертермия, гипотермия, иммунитеттің төмендеуі)
мінезі (дәрілерді қабылдамау, әлеуметтік қорғаныш, суицид т.б.)
зеректік, түйсін сезімі (құлағының естімеуі, көзінің көрмеуі, дәм сезуінің бұзылуы)
назарлық (өз бетінше, еріксіз)
ес (гипоамнезия, амнезия, гиперамнезия)
ойлау (ақыл-есінің төмендеуі)
эмоционалдық, сезімдік өрісінің өзгеруі (қорқыныш, мазасыздық, апатия, эйфория т.б.)
гигиеналық қажеттілігінің өзгеруі (гигиеналық білімнің, дағдының аздығы, медициналық қызмет көрсетуіндегі проблемалар және т.б.)
Организмнің негізгі өмірлік процессінің өзгеруі адам өмірінде анатомо-физиологиялық, психоәлеуметтік рухани өзгерістерінің пайда болуы.
Мейіркештік диагностикада негізгі пациентпен әңгіме құру және бақылау болып табылады. Мейіркеш пациентпен қарым-қатынас жасау арқылы ол пациенттің жанұяда немесе жұмыс орнында психологиялық қысымның болу немесе болмауын анықтап отырады (өз-өзіне қанағаттанбаушылығы, ұялшақтығы және т.б.). Пациенттің жүріс-тұрысы, мимикасы, дауысы, киімі, мінезі, жағдайы туралы көп мәлімет береді.Пациент өзінің психологиялық ұстамдылығын жоғалтып, уайым, қорқыныш сезімі, шыдамсыздық, ұятшылдық, депрессия болуы мүмкін, сондықтан мейіркеш пациенттің психологиялық диагнозын білуге тиіс. Мысалы: тазарту клизмасын жасар алдыңда пациент қызара бастап ұялады немесе өзін күте алмағандықтан уайым пайда болады. Мейіркеш пациент туралы барлық мағұлматтарды дәрігерге айтып, кейін өзінің мейіркеш картасына тіркеп отырады.Психологиялық әңгіме жүргізгенде пациенттің жекелік қасиеттерін сыйлауға тырысу керек, оның проблемасын айқын қабылдап көмек көрсету керек. Осы мәселелерді шешкеннен кейін мейіркеш қандай көмек көрсетуін жоспарлауға тиісті.
Достарыңызбен бөлісу: |