Объективтік тексеру немесе ауруханаға келген пациенттің
жағдайын бағалау
Физиологиялық мәліметтер: бойы, салмағы, ісіктер (жайылдырмау).
Бет жүзінің өзгерісі: ауырсынған, домаланған, қайғылы, өзгеріссіз,
салмақты, немқұрайсыз.
Сана сезімі: есі дұрыс,есін білмейді,анық сана сезімі,ступор,сопор, кома.
Төсектегі жағдайы: белсенді, енжарлы, ыңғайлы.
Терісінің және көрінетін шырышты қабаттарының жағдайы: түсі, дымқылдығы, әртүрлі бөртпелер, қатаюлар, ісіктер, қансыраулар, терінің кызаруы, бозаруы, сарғаюы, құрғақтығы, терінің түсуі
Сүйек-бұлшық ет жүйесі: омыртқаның, буындардың қисаюы,бұлшықет жұмысының бұзылуы
Дене қызуы: норма бойынша, субфебрильді, фебрилъді.
Дем алу жүйесі: демнің көлемі, оның қасиеттері(ырғақтық, тереңдік) түріне қарай бөлінеді (сыртқы, терең дем),іштік, аралас дем, тахипное (жиі, ырғақты, сыртқы)норма бойынша минутына16-18 рет (сыртқы , ырғақты дем)
Қан қысымы: екі қолынан, гипотония, нормотония, гипертония
Тамыр соғысы: минутына соғу көлемі, ырғақтығы, толуы,толықсуы,норма бойынша минутына 60-80рет
Табиғи қызмет атқарулары: зәр шығуы (жиілігі, көлемі, зәрді ұстамау,катетер арқылы, өз бетінше, зәр жинағыш) ішектің жұмысы(өз бетінше,ретті,дәретін ұстамау колостома арқылы)
Сезім мүшелері (есту, көру, сезім түсінігі, иіс сезімі, сөйлеу)
Ес: сақталынған , бұзылған
Қорларды қолдану: линзалар, көзілдірік, есту аппараты, алып-салымалы тіс протездері
Ұйқы: күндіз ұйықтау қажеттілігі
Қозғалуға кабілеттілігі: өз бетінше, біреу арқылы және т.б.
Тамақтану, тағам қабылдау қабілеті, тәбеті, шайнауының бұзылуы, жүрегінің айнуы, құсу, қорлар.
Пациенттің психоәлеуметтік жағдайьн бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |