4.N9-емдәм қант диабетінде қолданылады. Жалпы сипаттамсы: көміртекті және жануар майларын шектеу. Тағамда тұзды, холестиринді шектеу. Тәтті тағамдардың орнына арнайы қант айырбастаушы тағамдарды қолданады.
5.N10-емдәм жүрек ауруларында қолданылады. Жалпы сипаттамасы: диетасында жануардың майларын және жеңіл сіңетін көміртектерді шектеу. Тағамда тұздың көлемін шектеу, «С» және «В» топтағы витаминдерді, калий, магний микроэлементтерін көбейту.
6.N15-емдәм барлық ауруларға қолданылады. Жалпы сипаттамасы: физиологиялық толық нәтижелі диета. Майлардың, көміртектердің, ақуыздардың көлемі сау адамның тағамының қалпына сәйкес болуы керек.
10.2. Тамақты тарату ережелері.
Тамақты мейіркеш пен тағам таратушы таратады.
Халі нашар науқастарды мейіркеш төсегінде тамақтандырады.
Жалпы режимдегі пациенттер асханада тамақтанады.
Төсек режиміндегі пациенттерге палатасына әкеліп береді.
Тамақ таратқанда мейіркеш пен тамақ таратушының арнайы киімі болады. Қолын жақсылап жуады.
Кіші медицина қызметкері бөлімшені жуатын болса тамақты таратуға рұқсат берілмейді.
Пациенттің төсегінің жанына тамақ қалдыруға болмайды.
Тамақтандыру процедурасы:
Пациентті тамақтандыру алдында оның көзқарасына баға беріңіз;
Пациентке психологиялық жағдай келтіріп, түсіндіріңіз;
Пациентке өз пікірін, сезімін айтуға мүмкіндік беріңіз;
Тамақтануға келісімі болуы керек;
Тамақтану үшін, керек заттады дайндаңыз:
Тамақ берген кезде көмек көрсетіңіз;
Тамақтануды қауіпсіздік жағдайға келтіріңіз;
Тамақтану туралы пациенттерге, оның тағам қабылдауы туралы мәліметтерді туыстарына оқып жүргізіңіз;
Пациенттің көз қарасына баға беріңіз;
Пациентті тамақ ішкеннен кейін бақылап отырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |