11.Дәрісіз емдеу
Терінің ішінде нерв талшықтардың көп болғандықтан рефлекс арқылы қан айналысына әсер етуге болады. Нерв рецепторлары жылыменн тітіркендіргенде – қан тамырлары кеңейеді, ал суықпен тітіркенсе, тамырлары жіңішкереді. Жылы процедурлар ауырғанды басады.
Жылының әсері барлық ағзаға таралмайды, терең тіндерге әсер етеді.
Ағзаның суыққа әсері үш кезеңнен құралады.
Бірінші кезеңде тамырлар жіңішкеріп, тері бозарады, суық болады, қан ішкі мүшелерге қарай ауысып, ауырғаны басылады.
Екінші кезең бір минуттан кейін басталады, тамырлары кеңейіп, тері қызарып жазылады.
Үшінші кезеңде терісі көкшіл – қызыл болып мұздайды, тері қабаты «қаздың терісі тәрізді» болады.
Суық процедуралардын әсері дененің сыртқы қабаттарына жайылады. Дәрісіз емдеу әдісі рефлекс арқылы бүкіл ағзаға әсер етеді.
Дәрісіз емдеу процедураларына жатады: қыша, оңқа, сүлік, мұздатқыш, жылытқыш, емдеу ванналары.
11.1. Оңқа қюдағы мейіркештік стандарт
Мақсаты: ауырғанын басу, қабыну процессін тоқтату.
Көрсеткіштері: Өкпе аурулары, бұлшық ет, нерв аурулары қан қысымының көтерілуі, невралгиялар.
Жақпайтын жағдайлар: қансырау, психикалық қоздырғыштар, қатерлі ісіктер, тері аурулары, тубікулез, гипертермия, терінің жоғары сезімталдығы.
Жабдықтар: 10-20 спирт,мақта, 96%-20,0 спирт, вазелин, сіріңке, дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс, марлі дәкелер, орамал, жөргек, суы бар стақан.
Оңқа қойғанда пациенттің бөлмесі жылы болуы және техника қауіпсіздік ережелері сақталу керек.
Оңқа қоюға рұқсат етілмейтін дене бөліктері: кеудесінің алдына, жауырын сүйектерінің үстіне, омыртқа, бүйрек, жүрек тұсына, қалы бар жерлерге.
Оңқа қою процедурасы:
Пациентпен сенімділік қарым- қатынас жасаңыз;
Процедураның жүрісін түсіндіріңіз;
Оңқаның тұтастығын тексеріңіз;
Керекті жабдықтарды дайындаңыз;
Қолды жуып, құрғатыңыз;
Мақтаны корнцангқа ораңыз;
Пациентті ыңғайлап жатқызыңыз;
Шашын орамалмен жабыңыз;
Пациенттің тері қабатына вазелинді жағып, артық майды сүртіп алыңыз;
Сірінкемен мақтаны жағыңыз;
Оңқаның сол жақ қолына алып, оң жақ қолмен корнцантпен оңқаның ішін жылытыңыз;
Мақтаны сөндіріп, суға салыңыз;
Пациентті жылылап орап жатқызыңыз;
15-20мин оңқаны салыңыз;
Қолды жуып құрғатыңыз;
Бір саусағымен теріні тартып, екінші қолымен оңқаны алыңыз;
Барлық оңқаларды алып, терідегі вазелин майын сүртіңіз;
Пациентті киіндіріп, жылы көрпемен жабыңыз;
Арқасындағы оңқаның орындары кететіндігі туралы ескертіңіз;
Медициналық оңқаларды зарарсыздандырыңыз;
Қолды жуып құрғатыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |