Жабдықтар: 6-8 қабатты мәрлі дәке,40%спирт немесе 6 бір қалай қасық сірке қышқылды су,клеенка,целофан,мақта,бинт,қайшы.
Процедура барысы: Пацентпен сенімділік қарым-қатынас жасау,процедураның мақсатын, жүрісін түсіндіру,келісімін алу;
6-8 қабат дәкені 40% ерітіндісіне малып теріге салу.
1,5-2см асырып,оның үстіне кесілген клеенканы немесе целофон салу.
1,5-2см асырып мақтамен жабу
Компресі бинтпен бекіту.
Уақытын ( компресті 6-12 сағатқа дейін ұстайды.)
Қолды жуу.
Екі сағаттан кейін шынашақ саусағын дәкенің астына тығып жылылығын және дымқылдығын тексеру.
Компресті алып теріні жылы сумен сүртіп құрғатып,жылы орап тастау керек.
Қолды жуу керек.
11.4.Жылытқышты қолданудағы мейіркештік стандарт. Жылытқыш жазық бұлшық еттерді босатып,ішкі мүшелерге қанның толуын күшейтеді,сондықтан ауырғанын басылуына әсер етеді.
Көрсеткіштері:
Дененің әр түрлі бөліктерін жылыту үшін
Жалпы жылыну үшін
Созылмалы гастрит және колит ауруында ауырсынуды басу үшін