Мектеп алды оқУ Әрекеті барысында бастауыш сынып оқушыларының танымдық процесін қалыптастырудың дидактикалық негіздері



бет3/21
Дата15.04.2024
өлшемі248.14 Kb.
#498768
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Мухамбетамин Ж

Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, мектептің оқу құжаттарын (мемлекеттік стандарт, бағдарламалар, оқу жоспары, оқулықтар, әдістемелік нұсқаулар), озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу, мемлекеттік деректік құжаттарды, заңдарды зерделеу, оқушылардың жазбаша жұмыстарын талдау, әңгіме, сауалнамалар жүргізу, жүйенің мақсатқа сәйкестігін тәжірибелік эксперимент барысында тексеру, алынған деректерді математикалық өңдеу, қорытындылау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:

  • оқу әрекеті барысында оқу тапсырмаларына танымдық қызығушылықты қалыптастырудың дидактикалық негіздері айқындалды;

  • «оқу әрекеті барысындағы танымдық қызығушылық», «оқу тапсырмаларына танымдық қызығушылықты қалыптастыру», «оқу тапсырмаларын талдау және мақсатын анықтау» ұғымдарына анықтама берілді;

  • оқушылардың танымдық қызығушылығын оқу әрекеті барысында қалыптастырудың құрылымдық моделі жасалды;

  • оқу әрекеті барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру әдістемесі жасалды;

  • оқушылардың танымдық қызығушылығын оқу әрекетінде қалыптастырудың дидактикалық негіздері тәжірибелік-эксперимент арқылы тексерілді және әдістемелік ұсыныстары берілді.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

  • оқу тапсырмаларын орындауда танымдық қызығушылықты қалыптастырудың әмбебап тәсілдері, сабақ үлгілері тәжірибеге енгізілді;

  • 3-сынып оқушыларының оқу тапсырмаларына танымдық қызығушылығын қалыптастыруға арналған тапсырмалар жүйесі және әдістемесі жасалды;

  • мектеп мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың оқу әрекетіне танымдық қызығушылығын қалыптастыру» арнайы курс бағдарламасы дайындалды;

  • «Оқу тапсырмаларына танымдық қызығушылықты қалыптастырудың дидактикалық негіздері» атты оқу-әдістемелік нұсқау әзірленді.

Зерттеу жұмысының нәтижелерін әдістемелік ұсыныстар ретінде бастауыш мектеп мұғалімдері, магистранттар, сондай –ақ, бастауыш мектепке мұғалімдер дайындайтын жоғары, арнаулы орта оқу орындары және мұғалімдер білімін жетілдіру институтында пайдалана алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет