Мазмұндық өлшем әлемнің біртұтас бейнесін танымдық талдау тұрғыдан терең түсіну, оқу әрекетінде оң нәтижеге жетудің әдіс-тәсілдерін (әрбір тапсырманың мақсатын анықтау, оқу мақсатын қоя білу, жоспарын жасау) және оның оңтайлы жолдарын меңгеруі нәтижелерін салыстыруы, білімді танымдық қызығушылықпен меңгеруді басты бағдар деп түсінуі. Яғни әрекеттің ішінара тәсілдерін білуі жатады.
Мотивациялық өлшем ғылыми білімді меңгеруге құштарлығы, жаңашылдыққа белсенді ұмтылуы танымдық қызығушылығы мен шығармашыл дербестікке саналы талпынысы, өзінің меңгерген білімін құндылық бағдары ретінде түсінуі. өз бетімен оқу тапсырмаларын орындау тәсілдерін іздеуі.
Іс-әрекеттік өлшем жеке тұлғаның оқу әрекетінде ізденімпаздық танымы, өзінің танымдық әрекетіне рефлексивтік бағлауының болуы және өзінің білімі мен білік, дағдысы жаңа жағдайда ұтымды пайдалана білуіғ яғни, оқу тапсырмаларын шешуге көмек ретінде қарастыруға болады.
Төмендегі суретте аталған ұстанымдар мен шарттарды қамтитын оқу әрекеті барысында бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру моделі берілген.
Төмендегі суреттерде аталған ұстанымдар мен негіздерді қамтитын оқу әрекеті барысында бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру моделі және оқу тапсырмаларын орындау жолдары берілген.
Сурет 3 бойынша теориялық модельдің оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруда ықпалын тигізетін түрліше бағыттарын көруге болады. Оқу әрекетінде мұғалім мен оқушының тығыз қарым-қатынаста болады. Оқу әрекетінің мазмұны оқу тапсырмалары түрінде құрылады. Оқу әрекетінің негізгі бір бөлігі -оқу міндеті.
Оқу міндеті - бұл оқушыға проблема түрінде берілген әрекет ету, мақсатқа жетудің тәсілдерін меңгеруге қойылған мақсат. Оқу міндетін дұрыс түсінген оқушы әрекетінде елеулі өзгеріс туады, өз ісіне деген саналы көзқарасы қалыптасады. Ол еңбектің түпкі нәтижесін біледі, соған жетудің тәсілдерін меңгеруге ұмтылады. Мұндай талпынысты тудыру үшін, мақсатқа жеткізу үшін алдымен:
- қажетті еңбек тәсілін меңгеруге әкелетін тиісті практикалық жұмыс түрлері анықталуы шарт;
- оқушыға түпкі нәтиженің жемісін тануға бағыт-бағдар беретіндей міндеттерді түсіндіру қажет.
Оқу міндетінің нақты – практикалық міндеттерден айырмашылығы, оның бірінші мақсаты берілген тапсырманы шешуде оқушының жалпы тәсілдерді меңгеруі, екіншіден нәтиже – жауап алу.
Әрбір дұрыс шешім жұмыстың тәсілін қалыптастырудың нәтижесі ретінде көрінеді. Оқу еңбегінің басты мақсты да – осы. Практикалық тапсырмаларды орындау үстінде игерілген тәсілдер одан кейін жүзеге асырылатын жұмыстарда дамытылып, жетілдіріле береді. Оны сатылап жүргізетін нәрсе – сол оқу еңбегін құрайтын әртүрлі операциялар. Оның түрлері де, құрылымы да, шарттары да әр алуан болып келеді.
Мысалы, бір сөздің мағыналық - құрылымдық негізін анықтау үшін оның түбірін табуға, оларды ұқсас сөздермен салыстыруға, ортақ белгілерін іріктеуге, дыбыстың жүйесін ажыратуға, т.б. операциялар жасауға тура келеді. Осы жүргізудің де өз сатысы болады. Бұндай операциялардың дұрыс шешімін табуы соған қойылған шарттарға байланысты. Сонымен, әрекет - мотивке, оқу еңбегі - мақсатқа, операция - шартқа бағындырылып, бір-бірінен туындай келе ең түпкі әрекет нәтижесіне әкеледі. Оқуға әрекет ету және операциялар – көптеген түрлі оқу операцияларының көмегімен оқу міндеттерінің шешілуі. Бұл үшін оқушы оқу әрекетінің орындалу тәсілдерін меңгеруі тиіс және алдымен осы тәсілдерді орындауы керек.
Оқу мақсаты дегеніміз не?
Оқу мақсаты – оқушылар оқу тапсырмасын орындау кезінде жаңа тәсілдерді табады, меңгереді. Оқушының алдына оқу міндетін қою дегеніміз – бұл мәселені шешуде жаңа тәсілдер табатын ситуация жүргізу. Яғни, оқушылардың алдындағы оқу міндетін шешу үшін оқушыларға әмбебап тәсілдерді меңгерту барысында нәтижеге жетуге болады.
Оқу тапсырмалары – кез келген білім беру мекемелеріндегі оқыту процесінің құрамды бөлігі десек, оқу тапсырмаларының (жаттығу, есеп, тапсырма) түрлері бар.
Танымдық қызығушылық оқу әрекетінде үлкен роль атқарады. Оқу әрекеті оқушының қызығушылығына сүйенгенде ғана оқушының жан-жақты дамуына, нәтижеге жетуіне жағдай жасалынады. Әрекет нәтижесінде ғана оқушының қызығушылығы, қиын тапсырмаларды орындауға құштарлығы, танымдық мүмкіндігі жүзеге асады. Әмбебап тәсілдерді игеру барысында танымдық қызығушылығы қалыптасады.
Құзыреттілік – оқушылардың іс-әрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі десек, талдау мен оқу тапсырмаларының мақсатын анықтау іс-әрекеттің әмбебап тәсілдерінің тізбегіне енеді. Осы талаптар негізінде оқу тапсырмаларын орындауда талдау мен мақсатты анықтаудың әдіс-тәсілдерін пайдалану және оның тиімділігін дәлелдеуді қажет деп санадық.
Әмбебап тәсілдерге оқу тапсырмаларын орындаудағы талдау мен оқу тапсырмаларының мақсатын анықтауды жатқызуға болады. Себебі, оқу әрекетін талдау, оның мақсатын анықтау іскерлігін қалыптастыру – оқушылардың өз бетімен білім алуға дайындаудың алғы шарттарының бірі. Сондықтан үздіксіз білім беру жүйесінің барлық сатысына талдау мен мақсат қою іскерлігін қалыптастырып, оны жетілдіру өзекті мәселелердің бірі екендігі айтыс тудырмайды.
Оқушы әрекет барысында өмірге көзқарасын кеңейтеді, тұлға ретінде дамиды, субьект болып қалыптаса бастайды. Бірақ, ол - өте күрделі мәселе, өз бетімен жүзеге аспайды. Ол мұғалімнің қатысуымен жүреді және одан оқу әрекетінің табиғатын теориялық және практикалық тұрғыдан жете меңгеруді талап етеді.
Оқулық қанша жақсы болғанымен онымен жұмыс жасайтын мұғалімдер оқу әрекеті тұрғысынан оқулықпен жұмыс жасаудың жаңа тәсілдерін меңгермеген болса, оқулықтың негізгі идеясы, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мәні іске аспауы мүмкін. Сол себепті бүгінгі күні мектеп мұғалімдерінен жұмыстың жаңа тәсілдерін қолдану талап етіліп отыр. Ол үшін оқыту үрдісінде оқу әрекетінің әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, мұғалім оқушының белсенділігін арттыруға, танымдық қызығушылықтарын дамытуға жағдай жасауы қажет. Оқыту үрдісінде білім берудің тиімді жолдарын қолданбайтын мұғалім оқушыны белсенді әрекетке жетелей алмайды, оқушының қызығушылығы болмағандықтан, оқу тапсырмаларын орындауға талпыныс сезімі болмайды. Оқу әрекетін меңгермеген оқушының қызығушылығы төмен болады, оның жан-жақты дамуына, белсенділік, танымдық бағытта жұмыстануына оқу әрекеті ықпал етеді, сондықтан оны меңгеруге жағдай жасалуы тиіс. Оқушыға тапсырма берерде, сол тапсырмаға орай не біледі, нені еске түсіруі қажет екенін анықтау керек. Егер тиісті мәліметтерді және не істеуді, неге үйренетінін оқушы түгел білсе, тапсырманы орындауда қиналмайтын болады, оқушының оқу тапсырмаларын орындауға қызығушылығы артады.
Оқушының оқу әрекеті барлық рухани жүйелерінің қатысуын қажет ететін күрделі, жан-жақты үрдіс болып табылады. Ондай күйде болудың басты шарттарының бірі - белсенді ой әрекеті болуы тиіс.
Педагогика ғылымдарының соңғы зерттеулерінде кез келген әрекетті сол әрекетке сәйкес міндеттерді орындау тұрғысынан қарастырады.
Кез-келген міндетті шешуге бағытталған әрекет талдаудан басталады. Олай болса, талдау дегеніміз не ?
«Талдау – бүтінді жеке бөліктерге бөлу процесі».
Ал, педагогикалық тұрғыдан, оқу тапсырмаларын талдау дегеніміз –не белгілі, не белгісізді анықтау деп анықтама береміз.
Талдау жасау - тапсырманы дұрыс орындаудың бір шарты. Талдау – теориялық білімді игерудің негізі.
Жаттығу
Есеп
Нәтижесінде: оқушы танымдық тәжірибе жинақтайды
Сурет - 4 – Талдаудың жіктелуі
Яғни, оқу тапсырмаларын талдау – оқушы интеллектісін дамуының, танымдық қызығушылықты арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі.
Осыған сәйкес оқу міндетін орындау кезеңдерінің тізбегіне мақсат қою да енеді.
Мақсат – алда орындалатын әрекет нәтижесінің айқын бейнесі. Адамның алдына қойған мақсаты әрдайым дәлелді себептерден, яғни, түрткілерден тұрады. Әрекет барысында түрткілер мен мақсат-міндеттер өзара байланысты, бір-бірімен алмасып, өзгеріске түсіп отырады. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады. Ал, оқу тапсырмаларының мақсатын қою тапсырманың орындалуы нәтижелігіне әсер ететін бірден-бір фактор болып табылады.
Оқу тапсырмаларының мақсатын анықтауға үйретуде жеке тұлғаны қалыптастырудағы мүмкіншіліктер белгілі педагог-психолог ғалымдардың: Ш.А. Амонашвили, Г.И. Вергелес, В.В. Давыдов, Р.Г. Лемберг, С. Гальперин, С.Е. Қаңтарбай т.б. ұдайы назарында болып, зерттеуде қосқан үлестері зор.
Г.В. Репкина, Е.В. Зайкинаның пікірлері бойынша, оқу тапсырмаларының мақсатын анықтау тапсырма орындалуы барысында кездесетін қателіктерді қадағалуына, болдырмауына септігін тигізеді деп есептейді.
Ал, біздің пікірімізше, мақсат қою дегеніміз белгілі мысалмен салыстыра отырып, қатесін болдырмау, өз қорытындысын жасай білуді көрсетеді.
Оқу тапсырмаларының мақсатын қоюынан балалар үшін өзіндік қызмет құрылымы мен тапсырмаға деген сыртқы көзқарасын байқауға болады. Бара-бара көп және күнделікті жаттығулардың арқасында олар үшін мақсат қою оқу тапсырмаларының керекті элементіне айналуы мүмкін. Оқушылардың бірінші сыныптан бастап мұғалімнің басқаруымен оқу тапсырмаларының мақсатын қоюы оқу тәртібі деп есептеледі.
Оқушылардың тапсырманы орындауда, талдауда, мақсатты, қажетті ережелердің, амалдардың орындалу реттілігін анықтауы дұрыс немесе дұрыс еместігін білу, тексеру арқылы жүргізіледі.
Бастауыш сыныпта мұғалім оқушыларды терең де берік нақтылы білімдермен қаруландырып, оқу тапсырмаларын орындатуда оқушының жеке бас тұлғасын, қабілетін жан-жақты дамытып, олардың жалпы және ерекше қабілетін көрсете білуін қалыптастырады. Сондықтан да барлық мұғалімдердің барынша күшті, қабілетті, барлығын жұмысқа тарта және қызықтыра алатын педагогикалық құралы - оқу әрекеті. Оқу әрекеті барысында ұжым әрбір оқушыны тәрбиелейді, оқытады, ал әр оқушы жолдастарымен бірге оқыту, тәрбие ісіне мұғалімнің тікелей басшылығымен белсене қатысады. Сол себепті, оқу тапсырмаларын түрлендіріп, жүйелі жұмыстар жүргізу қажеттігі туындайды. Оқу тапсырмаларын орындау кезінде оқушылар барынша тапсырмаға жауап беруге, өз пікірін жүйелі, толық жеткізіп, дәлелдеуге жаттығады, өзгенің пікірін тыңдап, таразылауға үйренеді.
Ал, оқу тапсырмаларының мақсатын қоюды анықтау ісі дамымағандығы және де жеткілікті толық құрылмағандығы салдарынан оқушылардың оқу тапсырмаларын орындауда көптеген қате жіберуілеріне әкеп соғады. Осы айтылғанға сәйкес оқу тапсырмасының мақсатын анықтау құрылымы сапасының мынадай критерийлерін бөліп көрсетуге болады:
1. Мақсат қоюдағы қажеттілік.
2. Оқу тапсырмасының мақсаты болатынын мойындау.
3. Оқу тапсырмасының мақсатын анықтауды орындай білу.
4. Оқу тапсырмасының мақсатын анықтауды мұғалімнің талап етуі бойынша өздігінен талпыну, оған деген күшті сезінбеу.
Қазіргі оқыту үрдісін демократияландыру кезеңінде болашақ адамзатты тәрбиелеп, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда өзін-өзі бақылау, сын көзбен іс-әрекетіне баға беру, өз әрекетін талдап, тексеру адамның бүкіл өмірін қамтиды. Осыған орай осы қасиеттерді төменгі сыныптардан бастап қалыптастыру міндеті туындайды.
Екіншіден, оқу әрекетін талдау, мақсатты анықтау тәсілдерін меңгеру төменгі сынып оқушылары үшін өте қажетті, осы кезден басталуы керек, сондай-ақ, осы әрекет барысында оқушының жеке тұлғалық қабілеті қалыптасады және дамиды.
Үшіншіден, өзіне талап қоя біліп, талдауға зор ықпал етеді. Пікір айтып, дәлелдеп үйренеді.
Талдау – қандай болмасын әрекет жасаудағы бірінші амал-әрекеті. Бастауыш сыныпта талдау жаңа өсіп келе жатқан тұлғаға тән қасиеттерді әсіресе, ойлауға алғашқы қадам жасауға ықпал етеді. Оқу ісінде талдаудың рөлі қандай болмақшы?
Біріншіден, талдау амал ретінде тура объектілікті көздейді, кез-келген міндеттің дұрыс шешуін іздестіруде негіз болады.
Екіншіден, талдау - өзгенің және өзінің ойын, пікірін бағалауда, есептің шығаруын, жауаптарының нәтижесін бақылап, тексеруге бағыт береді, себебі кез-келген әрекет талдаудан басталады.
Үшіншіден, талдау өз пікіріңді, ойыңды ақтап шығуға, дұрыс-бұрыстығын анықтауға да негіз болады.
Талдаудың дұрыс жасалуы, онан кейінгі оқу әрекетінің құрамдас бөліктеріне ықпал етеді. Олардың арасында қиын да, көп жоспарлы байланыс бар. Егер процесс оқу әрекетінің құрылымы операцияларының қалыптасуына негізделсе, әрекеттің түпкі мақсаты нәтижелі болады. Талдау функциясы ақыл-ой әрекетінің кез-келген функциясын құрайтын элементі, оқу әрекетінде барлық функциялар оқу әрекетінің құрамды бөлігі ретінде көрінеді. Сондықтан олар біріккен жүйе негізіне қалыптасуы керек.
Талдау – процесті қажетті және жеткілікті сапалары мен қасиеттерін айқындау мақсатында ойды бөліктерге, құрамаларға немесе белгілерге бөлу, оларды салыстыру және біртіндеп зерттеуді бейнелейтін танымның логикалық тәсілі. Талдау ойлау ғылыми-диалектикалық танымның маңызды белгісі.
Мазмұнына байланысты талдау жай, құрылымдық, қызметтік, генетикалық деп бөлінеді.
Жай талдау - күрделі құбылыстарды бөліктерге бөлу; құрылымдық талдау - күрделі жүйенің көп құрамаларын, жеке жүйелерін зерттеу; қызметтік талдау – күрделі құбылыстың жеке бөліктері, құрамалары, қасиеттері арасындағы қатынастар мен тәуелділіктерді анықтау; генетикалық талдау – құбылыстармен және олардың қасиеттері арасындағы себептік байланыстарды зерттеуді қарастырады.
Көрсетілген талдау түрлері құбылысты терең тану барысында бірін-бірі толықтырады. Талдау біріктірумен (синтезбен) тығыз байланысты.
Бастауыш мектеп ойлаудың даму қарқынының шапшандылығымен, екіншіден, интеллектуалдық процестегі маңызды құрылымдық және сапалық қайта құрулардың пайда болуымен ерекшеленеді. Бұл кезеңде жетекші әрекет оқудың ықпалымен ойлаудың көрнекі іс-әрекеттік, көрнекі образдық және сөздік логикалық үш түрі де шапшаң дамиды. Талдау ойлау операцияларының бірі ретінде шапшаң дамитындығына күмән жоқ.
Әсіресе, сөздік логикалық ойлау саласында үлкен өзгерістер болып, бастауыш сатының алғашқы кезеңінде басқалармен салыстырғанда нашарлау дамуымен ерекшеленсе, соңғы кезеңінде өзінің сапасы жөнінен негізгі рөлге ие болып, ересектердің сөздік-логикалық ойлауына жуықтайды. Талдау барлық ойлау түрлеріне ортақ.
Ұғымды анықтау, себебін түсіндіру, объектілердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу – оқушының интеллектуалдық дамуының деңгейін көрсететін ой операцияларының бірі – талдау.
Оқушы ұсынылған бір тапсырманы орындап, онда оның берілген қатынасын кері қатынасқа айналдыра алмайтыны байқалса, ол оқушының оймен әрекет етудің ең төменгі деңгейін көрсетеді. Сондықтан, оқушыға бір тектес тапсырмаларды орындата отырып, оқушы берілген қатысты кері қатысқа айналдыруды талап еткен жөн. Сонда оқушыда талдау әрекеті дамыған не ең төмен деңгейде деген қорытынды шығаруға болады. Сол себепті оқушылар есепті шығара отырып сұрақтардың сыртқы ұқсастығын ғана емес, есеп шартындағы объектілер қатынасын ескеруі керек.
Мағынасы жоқ сөздермен берілген тапсырмаларды дұрыс орындай алмау – есеп шартына жоғары деңгейде талдау жасай алмаудың, оның алдындағы есептермен құрылымдық ортақтығын білмеудің нәтижесі. Тапсырманың дұрыс орындалуы талдау деңгейіне байланысты болады. Есептердің дұрыс шығарылмауы немесе оларды шығарудан бас тарту оқушыда оймен әрекет етудің нашарлығын көрсетеді, себебі ол өз пікірінің барысын және кезеңдерін жоспарлап алумен тікелей байланысты. Тапсырманы дұрыс талдау оқушының теориялық деңгейінен хабар етеді.
Сондай-ақ, талдау оқу тапсырмаларының мақсатын анықтауға негіз болады. Себебі, мақсат қою тапсырманы толық, дұрыс орындауға, берілгенін дұрыс түсінуге ықпал етеді. Себебі оқушы істеген жұмысының нәтижесін мазасыздана күтеді, ондағы жеткен жетістігіне қуанады. Балалармен жүргізілген жұмыстар өз мәнінде тексеріліп, дұрыс жүйелі жүргізілсе, оқу тапсырмаларын орындату барысында үлкен жетістіктерге қол жеткізуге болады. Ол кезде оқушылар арасында сабақ үлгермеушілер қатары азайып, білім деңгейлері жоғарылаған болар еді.
Сонда оқу тапсырмаларының мақсатын анықтау дегеніміз – нәтижеге жету жолы деп түсіндіруге болады. Оқу тапсырмасының мақсатын анықтау оқушыларға берілген тапсырмадағы сұрақтар санын, ол сұрақтардың өтілген тақырыптар бойынша және жаңа тақырып бойынша саны қанша екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Сұрақтарды анықтау арқылы нені меңгерту керек және қай тұсты жетілдіруге көңіл бөлуге болады? Сол негізде жүргізген уақытта нәтижеге жетуге болады.
Мақсат қоюдың құрылу сатысында Г.В. Репкина мен Е.В. Зайкинаның жоғары қойған критерияларын атап өтуге болады:
Бірінші саты - мақсат қоюдың болмауы.
Оқушы өзі орындайтын тапсырманың мақсатын анықтай алмайды, жұмысын бақылай алмайды, жіберілген қателіктерді ескермейді және тексермейді. Тіпті таныс тапсырмаларды орындағанда да қателіктер көп кетеді. Мұғалімнің сұрауымен немесе өзі де оқу тапсырмасының мақсатын анықтай алмауы. Оған сәйкес тапсырмадағы қателерді түзете білмеуі. Мұғалімдердің тексеруі қандай болса да, олармен келісе береді. Мұғалімдер түзеткен сол қателерді сонан кейін де бірнеше рет қайталайды. Бақылауды неліктен тек осылай неге басқаша емес болатындығын түсіндіре алмайды, өзге оқушылардың жіберген қателеріне мән бермейді.
Екінші саты- назар аударылмаған мақсат қою.
Мақсат қою ешбір мәнсіз және ешбір мойындаусыз орындала береді. Бір істі бірнеше рет орындағаны оның есінде де қалмайды. Арнайы формадағы мақсат қою оқушының орындайтын тапсырмаларының берілгеніне, мазмұнына сай емес. Оқушылар схемамен дұрыс жұмыс жасауды нашар қабылдағандықтан, ол өз шешімінен оңай бас тартады.
Үшінші саты- назар аударылған потенциялдық мақсат қою.
Оқушының мұғалімнің басшылығымен оқу тапсырмасының мақсатын анықтауы. Өзінің тапсырманы орындауы бойынша берілген шартты мойындайды, бірақ бұны әрқашан жасай бермейді әсіресе, жаңа жұмыстарды жасауда жасай алмауы мүмкін. Мақсат көздерлік іс, өзіндік секілді бақылауды оқушы тез қабылдайды, бұл бірақ мұғалімнің сұрауынан кейін болады. Бала бір мезгілде жаңа жұмыстарды шарт бойынша жасау кезінде қиналады. Егер тез қабылданған немесе бірнеше қайталанған жұмыста өз бетімен мақсатын анықтайды.
Төртінші саты – назар аударылған сатыдағы актуалдық мақсат қою.
Оқушы жұмыс жасау барысында үйренген шарты бойынша тапсырманың мақсатын сәтті анықтайды. Бұл ісінің қатесіз жасалып жатқандығын дәлелдейді. өз жұмысын дұрыс түсіндіре алады. Шарт бойынша тапсырмалар қатесіз әр түрлі тапсырманы шеше алады. Оқушы оқу тапсырмасының мақсатын анықтап және осы сатыдағы орындау істері мен оның орындалуын дайын шартты істермен көрсетеді, сөйтсе де, жаңа іс талапқа сай шарт бола алмайды. Ендеше бастауыш сынып оқушыларының өз беттерінше оқу тапсырмаларының талдау, мақсатын анықтауды зерттеу, білім беру үдерісіне енгізу заман талаптарына сай туындап отыр.
Соған орай, психология, педагогика ғылымдарының зерттеу нәтижелеріне талдау жасай отырып, оқу тапсырмаларын орындаудың әмбебап тәсілдер тізбегін былайша беруге болады:
- талдау (белгілі, белгісізді анықтау);
- оқу тапсырмаларын орындағанда неге үйренетінін анықтау (мақсат);
- тапсырманы орындауға қажетті ережелерді, заңдарды, іскерлікті еске түсіру (актуализация);
- жоспарлау (әрбір талапты орындау амалдар барысын тексеру);
- бағалау (мақсатқа жетті ме, жетпеді ме және оның сапасы).
Оқу тапсырмаларын орындаудың әмбебап тәсілдер тізбегін сызба түрінде былай көрсетуге болады:
О
Жоспарлау
Орындау
Тексеру
қу тапсыр-
м алары
|
Сурет 5 - Оқу тапсырмаларын орындаудың әмбебап тәсілдерінің өзара байланысы
Сурет 2 бойынша оқу тапсырмаларын орындау сызбада көрсетілген тәртіп бойынша жүргізілсе, нәтижеге жетуге болатындығын көруге болады. Сондай-ақ, оқушылар тапсырманың құрамы толық болған жағдайда ғана орындауға болады деген қорытындыға келуі тиіс.
Сондықтан, дұрыс алғашқы талдау жасау – тапсырманы дұрыс орындалуының бір шарты .Сонымен қатар, оқушылар дамуының негізі болып табылатын әрекет, оқу әрекеті әрбір сабақтың өзегі деп түсінуі керек.
Біз қазіргі сабақтарда оқушыларға білім дайын күйінде беріле салмауы керек дейміз. Ендеше оқушының дәл бүгінгі жаңа материалдары білмейтіндігін, оны білудің қаншалықты қажет екендігін іштей мойындату, бар жан-дүниесімен беріле ынтызарын ауғызып, қызығушылығын ояту мұғалімнен шеберлікті талап етеді. Дұрыс тандалған проблемалық жағдай, сұрақтар, әртүрлі әдіс-тәсілдер, амалдар ғана баланы жоғарыдағыдай психологиялық көңіл-күйге әкеледі. Енді ол алдына мақсат қойып, нәтижеге жетудің, проблеманы шешудің әдіс-амалдарын белгілейді, іске кіріседі. Дамытушылық сабақтарында бала осылайша өз ақыл-ой деңгейі, белсенді әрекеті арқасында репродуктивті емес өнімді нәтижеге жетеді. Әрекеттің жүру барысы мен ақыры қорытындыланып, рефлексия жасалады.
Қазіргі таңда сабақтың әрекет теориясына сәйкес ұйымдастырылуы - баланың жеке басын дамытудың басты кепілі болып табылады.
Ол үшін мұғалім мына қағидаларды есінде ұстауы қажет:
- баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген табиғи талап-тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру;
- білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы алуға жағдай жасау;
- өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру.
Сондай-ақ, мұғалім бала бойындағы жаратушылық сапалардың болатындығын мойындауы, әрі қарай дамытуы керек. Ол үшін өзі де өзгеруі, дәстүрлі оқытудың стереотиптерінен арылуы қажет. Білім арқылы баланы дамытудың жаңа стратегиясы мен тактикасын таңдай алуы керек. Өзінің философиялық ұстанымдарын қайта қарағаны дұрыс.
Оқушылардың оқу әрекеті танымдық әрекет ретінде жүзеге асады, себебі оның әрекетінің нәтижесі оны таным өрісінің жаңа шеңберіне алып келеді, ол үшін жаңа білім, білік пен дағдылардың көзі ашылады.
Оқу – оқушылардың әлеуметтік қажеттіліктері мен қабілеттерін дамытудың, ұйымдастырылған әрекеті қоғамдық әрекет құралдары, тәсілдері жөніндегі жалпы адамзаттық білімдерді меңгерудің қажетті шарты. Оқушылар берік және ықпалды білімді ұжымдық қоғамдық пайдалы әрекетте өз қабілеттерін қалыптастырумен қатар алады. Оқу тапсырмасын (есеп) орындау да осы бағытта болуы қажет.
Мұғалім оқушының орындаған тапсырмасын талдауда мына мәселелерге көңіл бөлуі қажет:
- оқушы тапсырманы орындауға бірден кірісті ме, жоқ екінші түсіндірмеден соң барып орындады ма?
- салыстыру бағытта ма немесе бірнеше бағытта жүргізілді ме?
- бөлініп алынған белгілердің саны;
- оқушы неше белгіні негізге алатынын санау;
- осы белгілерге негізделген неше топты дұрыс анықтағанын санау;
- оқушы түсіндірмесіне сандық-сапалық талдау жасау (нақты түсіндірулер саны, жалпы түсіндірулер саны, бөлген тобына сәйкес келетін түсіндірмелер саны);
- берген түсініктемесінің тапсырманы орындауына сәйкес келуінің санын анықтау.
Осындай ретте жүргізілген жұмыстардың нәтижесі, болашақта 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуде 12 жылдық мектептің талаптарына жауап бере алатын тұлғаның қалыптасуына септігін тигізері анық.
Олар: креативтік, когнитивтік және ұйымдастырушылық іскерлік. Ұсынылған когнитивтік қасиеттер арасында: «интеллектуалдық қасиеттер»: білуге құмарлық, білімділік, ұқсастықтарды таба білу, талдай білу қабілеті, яғни талдау жалғасын тауып отыр.
Қазіргі бастауыш мектептің негізгі міндетіне оқушылар үшін аса қызығушылық тудырып, өз ойын ашық айттырып, ұжым ішінде белсенділік тудыратын стратегиялар кіреді. Өз ойын ортаға салу, өз пікірін дәлелдеу, аяқтап шығу, пікір таластыру, жобалау, жүзеге асыру қасиеттері азаматтық тәрбиенің бірден-бір болмысы. Өзара пікір алысу, оны ой елегінен өткізіп сараптай білу бастауыш сынып оқушысынан басталса, ол орта, жоғары буындарда жалғасын табады. Оқу әрекетін дұрыс қалыптастыру үшін оның өзіне тән ерекшеліктері мен құрылымын, оқушының азамат деңгейіне жеткізудегі атқаратын қызметін тану керек.
Білім берудің негізгі нәтижесіне жету тұлғаның алдына қойған мақсаттарына жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарын тиімді пайдалануға дайындығынан көрінетін құзырет болып табылады. Құзырет дегеніміз білім беру жүйесіне берілетін әлеуметтік тапсырыстарды құрайтын жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында нәтижелі іс-әрекеттерге қол жеткізу үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді жаңғыртуға дайындық деп қарастырылуда.
Құзыреттілік – оқушылардың іс-әрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі болса, оқушыларды талдау және өзі орындайтын тапсырмалардың мақсатын анықтау тәсілдеріне үйрете отырып, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға ықпалы болады.
Оқу үдерісінде оқушы орындағалы отырған тапсырманың мазмұнына түсінсе, тапсырманы орындауға деген құлшынысы, қызығушылығы болса, оны орындаудың тәсілдерін еркін меңгерсе, онда оқу әрекетінің мазмұндық, операциялық, мотивациялық компоненттерінің бірлігін көруге болады. Бұл бірінші дидактикалық негіз болып табылады.
Ал, жеке пәндер арасында тапсырмаларды орындаудың бәріне ортақ тәсілдері қолданылса, пәнаралық ұласым болса, тұтастық сақталса. Бұл екінші дидактикалық негіз болып табылады.
Егер, білім беру үдерісінде оқушының пікірімен санасса, ойын ашық айтуға еркіндік берілсе, оқушы тарапынан қойылған сұрақтарға саналы жауап табылса, оқушының дамуына жағдай жасалса бұл үшінші дидактикалық негіз субьект ретінде дамытуға негіз болған болар еді.
Оқу әрекетін үздіксіз білім алуға дайындау ретінде қарастыру негізі оқушының мектепке дейінгі шақтан азамат болғанға дейінгі үздіксіз білім алуды көздейді. Яғни, бастауыш, негізгі, орта сатылардағы сабақтастыққа негізделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |