Мектеп физика экспериментінің техникасы пәні: зертханалық ЖҰмыс №1 демонстрациялық эксперименттің жалпы әдістемесі


Демонстрациялық эксперименттің әдістемесі және қойылу техникасы мен оған қойылатын талаптар



бет3/7
Дата14.06.2022
өлшемі20.68 Kb.
#459222
1   2   3   4   5   6   7
Мектеп физика экспериментіні техникасы п ні зертханалы Ж мыс

Демонстрациялық эксперименттің әдістемесі және қойылу техникасы мен оған қойылатын талаптар
Эксперименттің физиканы оқытудағы ролін айқындап, орнын анықтау барысында біз оқу экспериментінің дидактикалық қызметі туралы сұраққа жауап бердік. Демонстрациялық тәжірибелердің қайсысын, қалай көрсету керек екенін және олардың қажетті педагогикалық әсер беретінін анықтау маңызды мәселе.
Демонстрациялық тәжірибелерді таңдап алу. Қандай да бір оқу экспериментінің қажеттілігі оқу материалын түсіндірудің қабылданған әдістемесімен анықталады. Қабылданған әдістемеге сүйене отырып оқушылардың оқу материалын түсінуі үшін, бақылауға керекті тәжірибелерді таңдап алу қажет. Демонстрациялық тәжірибелерді таңдау кезінде, барлық оқылатын құбылыстар мен олардың негізгі қолданыстарын, оқу материалын түсіндіру барысында көрсетуге ұмтылу керек. Дегенмен бұл жерде әрбір сабақтағы көрсетілімдер санына байланысты белгілі бір шаманы ұстанған жөн, яғни оларды сол құбылысқа байланысты деп шұбыртып көрсете берген де дұрыс емес, себебі оның өзі басты негізгі нәрсені есте ұстап түсінуге кедергі жасайды. Екінші жағынан, демонстрациялық тәжірибелер санының өте аз болғаны, олардың арасындағы оқу материалын сөзбен, бор арқылы түсіндіру уақытын көбейтіп, оқушылардың қызығушылығын әлсіретуі мүмкін.
Кей кезде тәжірибені қайталап көрсету де пайдалы, бірақ сол тәжірибенің басқа варианттарын оқу материалын терең түсіндіру қажеттілігі туғанда көрсеткен дұрыс болады. Тәжірибенің көптеген варианттарының ішінен, зерттелетін құбылыс пен оның қолданыстарының анық көрінетінін таңдаған жөн.
Таңдап алынған тәжірибелер, өз жиынтығында олардың белгілі бір санын ғана құрастырмай, әрбір келесі тәжірибе оның алдынғысын дамытатындай, соған сүйенетіндей логикалық тұрғыда, бір-біріне байланысқан тізбекте болуы керек. Оқушылардың сол тәжірибелердің логикалық өзара байланысын көріп түсінгені өте маңызды.


Оқушыларды тәжірибені қабылдауға дайындау. Тәжірибенің идеясы, оның барысы және алынған нәтижелері оқушыларға түсінікті болу керек. Сондықтан тәжірибені көрсету алдында, қондырғының сызбасы тақтаға сызылып, идеясы тиянақты түсіндірілуі қажет. Оқушылар тәжірибе идеясын, қондырғы құрылысын түсінгеннен кейін, оны жинастыруға болады. Бақылаулардың көрсетуінше, дайын қондырғыларды бірден демонстрациялаудың әсері аз болады.
Оқушылардың демонстрациялық қондырғылардың жинастырылуын толығымен көруі керек, өйткені, жинастырылу барысында олардың схема немесе сурет элементтерінің нақты қондырғылармен салыстырылуы, зерттелетін құбылысты терең түсінуіне мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар, мұғалімнің демонстрациялық қондырғылар мен аспаптарды жинауына байланысты қимылдарын бақылай отырып, оқушылар экспериментті үйренеді, себебі, лабораториялық жұмыстарды орындау және сабақта жауап беруге байланысты тәжірибелерді көрсету кезінде, олар мұғалімнің сол қимылдарын қайталайды.
Қондырғы жиналып болғаннан кейін, мұғалім тағы да тәжірибедегі қажетті элементке назарын аударып, тек содан соң тәжірибені көрсетеді. Тәжірибе көрсетіліп болғасын, оның нәтижелері түсіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет