«Карусель» ойыны.
Топ мүшелері екіге бөлінеді. 1- ші топ ішкі, 2- ші топ сыртқы болып бөлініп, екі шеңбер жасайды. Жетекшінің берген белгісі бойынша ішкі топ сағат тілі бойынша қозғалады, жетекшінің белгісі бойынша олар тоқтайды да, екеуден ішкі топ пен сыртқы топ бір- біріне қарсы тұрған адамдар бірігеді. Әрбір топқа кезекпен жетекші белгілі бір рол беруі керек, олар тез арада сол ролді 2-3 минутта көрсетуі керек. Мысалы: сатушы-сатып алушы; мұғалім-оқушы; дәрігер-қаралушы; полиция-жүргізуші; әкесі-баласы; анасы-қызы. Бұл ойын әрбір адамның өзінің мінезін, көңіл күйін, қабілетін өзгерте білуіне, осы арқылы өзгелермен еркін араласу қабілетінің дамуына көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |