Мектеп жасына дейінгі балалардың таным процестерін және мектепке дайындығын анықтауға арналған әдіс-тәсілдер



бет6/30
Дата05.02.2022
өлшемі182.5 Kb.
#455130
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Керн-Йирасектің

Диагностикалық тапсырмалар


1-тапсырма. Ұғым деңгейін анықтау

Балалардың ойлау операциялары мен ұғымдардың қандайлық деңгейде қалыптасқандығын жобалайтын диагностикалық тапсырмалар.

Мақсаты: Балалардың қалыптасу деңгейін анықтау.

Құралдар: Сөздер тобы:

а) Өрік, алма, алмұрт, шие, жаңғақ, жүзім.

Жауап: бір атаумен - жемістер.

б) Трактор, мотоцикл, машина, велосипед.

Жауап: қозғалыс құралдары.

в) Көйлек, тон, малақай, шалбар.

Жауап: киетін киімдер.




Л.С. Выготский әдісі

Балаға топтама сөздер оқылады, оқылған сөздерді бір сөзбен не деп айтуға болады деген сұраққа жауап берілуі керек.

Бағалау: Балаларда қалыптасқан түсінік деңгейін анықтау.

I деңгей: Балаларда түсінік қалыптаспаған, олар қойылған сұраққа жауап бермейді.

II деңгей: Заттардың атқаратын қызметін нұсқайды: жейді, жүреді, киеді. Балалар үлкен қызығушылықпен жауап береді.
2-тапсырма. Ойлау деңгейін анықтау

Мақсаты: Балалардың ойлау операциясының даму деңгейін анықтау.

(Е.Е. Кровцова) «Кім үлкен?"

Балаларға сұрақ қойылды: «Қоян қасқырдан үлкен бе, қасқыр аюдан үлкен бе?». Сонымен, үлкен қоян ба, аю ма, қасқыр ма?

Бағалау: Балалардың жауабын 3 топқа бөлуге бола­ды: 1-топ. Қойылған сұраққа ойланбастан аю үлкен дейді, яғни, есептің шартына емес өмір тәжірибесіне сүйенеді;

2- топ. Ә дегенде берілген есепті шеше алмай, жауап беруде олар өмір тәжірибесіне емес, есеп шартына жүгінеді. Есепті қайталағанда дұрыс жауап береді.

3- топ. Балалар есепті бір окығанда-ақ дұрыс шешеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет