Мектеп жасына дейінгі балалардың таным процестерін және мектепке дайындығын анықтауға арналған әдіс-тәсілдер



бет3/30
Дата05.02.2022
өлшемі182.5 Kb.
#455130
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Керн-Йирасектің

1.3. Сөздік тест бойынша бағалау

Мына сөйлемді көшіріп жаз. «Ол ас ішті».

1 балл - өте жақсы көшірілген.

Үш сөз бір-бірімен байланысып тұруы, арақашықтығы сақталу керек.

2 балл. Егер бала анық қылып көшірсе. Әріп мөлшері және арақашықтығы саналмайды.

3 балл. Жазу кем дегенде екі бөлікке бөлінуі керек. Ең болмаса, жазылған әріптердің төртеуі түсінікті бо­луы керек. Жазу кем дегенде екі бөлікке бөлінуі керек.

4 балл. Қойылу үшін үлгімен аз дегенде екі әріп сәйкес болуы керек.

5 балл. Жазу түсініксіз жағдайда қойылады.



1.4. Берілген нүктелердің көшірмесі

Бұл тест ұзақ жүргізуді қажет етпейді және балл тест соңында беріліп отырады. Қорытынды субтест орындалғаннан кейін барып беріледі.

1 балл. Балаға келесі жағдайда қойылады. Үлгінің өте жақсы көшірмесі. Тек бір ғана нүктенің қатардан жіберілуі. Суретті кішірейтуге рұқсат етіледі, үлкейтуге болмайды.

2 балл. Нүкте саны және орналасуы үлгі бойынша тұруы керек. Үш нүктенің салынуы ұмытылса да 2 балл қойылады.

3 балл. Өзінің салынған контуры бойынша үлгіге ұқсайды. Ұзындығы мен биіктігі үлгіден 2 есе үлкен болмауы керек. Нүктелер 20-дан аспауы және 7-ден аз болмауы керек.

4 балл. Сурет өз контуры бойынша үлгіге ұқсамайды, бірақ нүктеден тұрады.

Суреттін үлкендігі және нүкте саны қажет емес.

5 балл. Түсініксіз сызулар.

Қорытынды соңғы 3 тапсырма бойынша жасалады. Қосылған ұпайлардың саны 3-6 болса, баланың мектепке дайындығы жоғары. 7-11 ұпай - баланың мектепке дайындық деңгейі орташа, 12-15 ұпай - баланың мектепке дайындық деңгейі төмен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет