Мектеп жасына дейінгі балалардың таным процестерін және мектепке дайындығын анықтауға арналған әдіс-тәсілдер



бет5/30
Дата05.02.2022
өлшемі182.5 Kb.
#455130
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Керн-Йирасектің

1.6. Топ-топқа бөлу әдістемесі

Бұл әдістеменің нұсқасы алдыңғы әдістеме сияқты 4-5 жас аралығындағы баланың ойлау қабілетінің сапасын, деңгейін білуге арналған. Бұл әдістеменің мақсаты — баланың елестету, логикалық ойлауына баға беру. Балаға суреттерді көрсетіп мына тапсырманы орындауға шақырамыз.

«Мына суреттерге жақсылап қарап, салынған фигураларды топ-топқа бөліп қой. Әр топқа бір-біріне ұқсайтын фигураларды біріктіресің. Фигуралардың атын атап және оны неге бір топқа біріктіргеніңді түсіндіріп бересің».

Тапсырманың орындалуына 3 минут уақыт беріледі.

Қорытынды: 10 балл - бала берілген фигуралардың бәрін әр топқа 2 минут аралығында бөліп қойғанда қойылады. Бұл фигуралар: үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер, ромб, қызыл фигуралар (берілген суретте қарамен боялған), көк (жолақ сызықтар), сары (торлы), үлкен және кіші фигуралар.

Ескерту: Жіктелімі жағынан бір фигура әр топқа кіруі мүмкін.

- 8-9 балл - бала берілген фигураларды 2-ден 2,5 ми­нут аралығында жинады.

- 6-7 балл -2,5-3 минут аралығында тапсырма орындалды.

- 4-5 балл - 3 минут аралығында бала тек 5-тен 7-топқа дейін фигураларды атай алады.

- 2-3 балл - бала 2-ден 3 топтың фигураларын атады.

- 0-1 балл - 3 минут ішінде бала бір-ақ топты жинақтай алды.

Даму деңгейінің бағасы:

- 10 балл - өте жоғары;

- 8-9 балл - жоғары;

- 6-7 балл - орташа;

- 4-5 балл - орташа;

- 2-3 балл - төмен;

- 0-1 балл — өте төмен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет