Мектеп туралы анықтама Сыныптар саны – жиынтықтар



бет31/43
Дата22.02.2024
өлшемі0.91 Mb.
#492809
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43
Өткізілген іс-шаралар

Мерзімі

Қатысқан ата -аналар

2021-22 оқу жылы

2022-23 оқу жылы

2021-22 оқу жылы

2022-23 оқу жылы

1

Ата -аналар жиналысы



Қыркүйек

05.09.2022 ж

46

185

Қараша

10.11.2022 ж

50

360

Желтоқсан

12.01.2023 ж

156

420

Наурыз

31.03.2023ж

109

310

Мамыр

31.05.23ж

100

309

2

Қалалық іс-шара

0

0

0

15

3

Ашық есік күні

0

1. 28.12.2022
2. 25.05.2023

0

315
50

4

Наурыз мейрамы

17 наурыз

23 наурыз

10

45

5

Отбасымен кітап оқимыз -онлайн видео

Қазан

Қараша

120

250

6

Сауалнама алаңы

0

Мамыр

0

80




«Ертегі айтып беремін» -әжелер клубы

0

Сәуір

0

6 әже




Қорытынды:
- Былтырғы оқу жылына қарағанда ата-аналардың мектеп өміріне қатысу белсенділіктерінің артуы;
- Жалпымектептік ата-аналар комитеті мен қамқоршылық кеңесінің жүйелі жұмысы;
- Ата -аналардың мектеп өміріне қызығушылықтарының артуы;
Ұсыныс:
- Әлеуметтік жағдайы төмен нашар отбасы және «жайсыз» отбасыларын анықтау жұмыстарын күшейту;
- Ата -аналармен жұмыстың заманауи формаларын жүзеге асыру, дамыту
- сынып жетекшілеріне ата-аналармен тығыз, сенімдеріне кіру арқылы, қоғамдық жұмыстарға құлшындыру.
Оқушылардың сабаққа қатысу жұмысы:
Аталмыш 2022-2023, оқу жылы барысында №35 жалпы орта мектебінде оқушылардың сабаққа қатысуы қатаң түрде қадағаланды. Әр күн сайын әлеуметтік педагог пен сынып жетекшілерінің қатысуымен және кезекші әкімшілікпен сыныптар арасында сабаққа дейін рейд жүргізіледі. Рейдтің қорытындысы бойынша, егер себепсіз қалған оқушы болса, міндетті түрде сынып жетекшісі анықтап, кейін ол оқушыдан түсініктеме талап етіледі.Күнделікті сабққа кешігетін оқушыларды тіркейтін журнал ашылған. Оқушылардың сабақ босатуының негізгі себебі: денсаулық жағдайына байланысты болып жатады. Әрине олардың анықтамалары бар. Егер оқушы сабақты себепсіз 3-4 күн босатса, комиссия мүшелері тағайындалып, оқушының ата –анасымен байланысқа түсіп, акт жасалады. Комиссия мүшелері міндетті түрде мектеп психологы, әлеуметтік педагог, сынып жетекшісі және тәрбие ісінің меңгерушісінен құралады.
Сабаққа жиі кешігетін оқушылармен, ата -анасының қатысуымен әңгіме жүргізіліп, хаттама жазылады. Дегенмен былтырғы оқу жылына қарағанда, оқушылардың сабаққа қатысуы 80 пайыз түзелді. Себебі сабаққа кешігетін және көп босататын оқушылармен биылғы оқу жылында өте қарқынды жұмыс жүргізілді, қатаң қадағаланды,үнемі бақыланды. Нәтижесін мына кестеден көруге болады.



Кешіккен оқушылар

2021-2022 оқу жылы

Саны

2022-2023 оқу жылы

Саны

Қыркүйек

30

Қыркүйек

25

Қазан

28

Қазан

15

Қараша

32

Қараша

10

Желтоқсан

40

Желтоқсан

12

Ақпан

33

Ақпан

8

Наурыз

42

Наурыз

9

Сәуір

48

Сәуір

5

Мамыр

50

Мамыр

3

2

Сабақты көп босатқан оқушылар

2021-2022 оқу жылы

Саны

2022-2023 оқу жылы

Саны

Қыркүйек

58

Қыркүйек

50

Қазан

40

Қазан

42

Қараша

42

Қараша

30

Желтоқсан

60

Желтоқсан

25

Ақпан

79

Ақпан

25

Наурыз

65

Наурыз

25

Сәуір

50

Сәуір

10

Мамыр

33

Мамыр

10









Қорытынды:
-Оқушыларға қатаң талап қоймаудың нәтижесі;
-Сынып жетекшілеріне және пән мұғалімдеріне белгілі бір талап қоймаудың нәтижесі.
Ұсыныс:
-Оқушылардың сабаққа кешігу, сабақты көп босату үрдістерімен жүйелі түрде, дәйекті бір форманы қолдана отырып, нәтижеге жету
-Мектеп парламентімен жоспарлы түрде, осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізу
-Ата-аналармен осы бағытта тұрақты нәтижелі жұмыс формасын анықтау.


Оқушылардың бос уақытын қамту жұмыстары:
1.Секция жұмыстары



Секция

Жетекші

Қорытынды есеп

2021-22 оқу жылы

2022-23 оқу жылы

Респуб.

Облыс

Қала

Респуб.

Облыс

Қала

1

Волейбол

Байжырыков Д.Б.

1

1

10

1

1

10

2

Баскетбол

Жумжуманов Д.Г.

1

1

35

4

13

28

3

Футбол

Баймуса М.С.

0

0

0

0

0

0

4

Футбол

Рустемханов А.С.

0

0

0

0

0

0

5

Теннис

Бахитов Р.К.

0

0

0

0

0

0

6

Жеңіл атлетика

Маликова Ж.М.

0

0

0

0

0

0



2021-2022 оқу жылының көрсеткіші





2022-2023 оқу жылының көрсеткіші



Осы диаграммадан көрініп тұрған мәселенің қорытындысы:
-Белгілі спорт түрлерінен өте жақсы нәтиже бар, себебі, спорттың волейбол, баскетбол түрлері өте кең тараған, жақсы дамыған және осы спорт түрлеріне ең көп жарыстар өткізіледі.
-Футбол, теннис, жеңіл атлетика түрлерінен мүлдем нәтиже жоқ, өйткені, бұндай спорт түрлерінен қалалық жарыстар мүлдем жоқтың қасы десе де болады, негізгі мамандар жоқ, нәтижелі болу үшін облыстық, қалалық жарыстар жиі өткізілмейді, өткізілсе де, атүсті ұйымдстырылады.
Ұсыныс:
- Футбол, теннис, жеңіл атлетикадан мектепішілік және көршілес мектептің мұғалімдерісен бірлесіп, түрлі жарыстар ұйымдастыру;
-Осы спорт түрлерінен ақпараттармен жиі танысып, іздену, дамыту және жарыстарға қатыстыру.
Жалпы 2022-23 оқу жылының тәрбие жұмысының сараптамасын талдай отырып, мынадай қорытынды жасалынды:

  1. Туындаған мәселелер:

-Әлі де болса жетекшілердің танымдық-қызығушылықтарын дамытуға бағытталған іс-әрекет әлсіз, шараларды ұйымдастыруда жаңа әдіс-тәсілдерді аз қолданады
2. Оқу-тәрбие жұмысының әлді жақтары:
-Тәрбие жұмысы мектептің 2022-2023 оқу жылдарға арналған тәрбие берудің кешенді бағдарламасын орындау мақсатында жүйелі түрде іске асырылуда;
-Ата -аналармен жұмыс жақсы деңгейде құрылған, мектеп,оқушы, ата-ана үштік одағының бірлігі тәрбие жұмысының ең тиімді тәсілдерінің бірі болып қалыптасқан
-Сынып сағаттарының жылдық жоспары оқу білім министрлігінің концепциясымен тығыз байланысты жасалып, жүйелі түрде жүзеге асқан;
-Оқушылардың сабаққа қатысуы мен кешікпеуі жүйелі жолға қойылған, нәтижесінде бұл жұмыс өз мақсатына жеткен.
Оқу-тәрбие жұмысының әлсіз жақтары:
-Сынып жетекшілерінің бірлестігінің жұмысы әлсіз, жүйелі жұмыс жасамаған;
-Сынып жетекшілерінің тәрбиелік жарыстарға қатысу үрдісі өте төмен, сынып
жетекшілерін түрлі жарыстарға белсенді қатыстыру алгоритмі жоқ, концепциясы
жасалынбаған және қатыстыру қызығушылықтарын дамыту үшін жағдай
жасалынбаған, белгілі бір жоспары жоқ;
-Оқушылардың бос уақытын қамту жұмыстары жолға қойылмаған, белгіл бір
қадағалау, тексеру және сараптама жұмыстары әлсіз ұйымдастырылған, іс-қағаздары
толық емес.
-Мектеп парламенті мен президентінің жұмысы терең ұйымдастырылмаған.
3.Ұсыныстар:
-Сынып жетекшілер оқушылардың бойында жауапкершілік, өз міндеттерін дұрыс бағалай алу, дұрыс шешім қабылдай білу қабілеттерін дамыту;
-Ата-анамен мектеп арасындағы тәрбиелік құндылықтар жұмыстарын күшейту;
-Сабақты себепсіз босататын оқушылармен жұмысты қатаң түрде бақылау және бұл жұмысқа мектеп инспекторын, психологты қатыстыру;
- Оқушылардың сабаққа кешігіп келу үрдісінің нәтижесін 90% жолға қою
4. Келесі оқу жылын жоспарлау:

  1. «Әжелер әдебі» клубын ұйымдастыру

  2. «Әкелер әңгімесі» клубын ұйымдастыру

  3. «Фототүсіру тобы» үйірмесін ұйымдастыру

  4. Сынып жетекшілерінің тәрбие жұмысының тиімді және жүйелі болу алгоритмін құрып, қадағалау қағидаларын жүзеге асыру

  5. Сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің жұмысын дамыту, жүйелі түрде жұмыс жасау

  6. Мектеп оқушыларының қызығушылығын, қажеттілігін, икемділігін және де басқа да ерекшеліктерін зертеу мақсатында; сынып сағаттары, тренингтер, сауалнамалар, идеялар мен ұсыныстар аукционы сынды жұмыстарды ұйымдастыра отырып, олардың ұсыныстарын алдағы тәрбие жұмысын жоспарлауда негізге алу.

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
Жұмыстың мақсаты: білім беру процесіне қатысушыларды психологиялық қолдау, оқушылардың толыққанды психикалық дамуы мен олардың жеке басын қалыптастыру үшін қажетті психологиялық жағдайларды қамтамасыз ету.
Міндеттер:

  • Оқу – тәрбие процесін психологиялық – педагогикалық сүйемелдеу, баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оның табысты оқуы мен дамуы үшін әлеуметтік-психологиялық жағдайлар жасау;

  • Білім алушыларда өзін, өзінің қабілеттерін, бейімділіктерін бағалай білу, таңдау жасау (мінез-құлық, кәсіби), маңызды білім мен дағдыларды қалыптастыру;

  • Ата-ана құзыреттілігінің деңгейін арттыру, баланың дамуына оңтайлы жағдай жасауда ата-аналардың рөлін жандандыру;

  • Әр түрлі жас санаттарындағы "тәуекел тобындағы" оқушыларды анықтау және психологиялық сүйемелдеу.

  • Педагогтарға әр түрлі сұрақтар бойынша әдістемелік көмек көрсету.

Кәсіби міндеттерді шешу және психологиялық қызметтің негізгі мақсаттарына қол жеткізу үшін биылғы оқу жылында жұмыс негізгі бағыттар бойынша жүргізілді:

  1. Диагностикалық

  2. Түзету – дамыту

  3. Консультация

  4. Ағартушылық

  5. Ұйымдастырушылық – әдістемелік



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет