Тақырыбы: «Әжеге қонаққа келу (киіз үйде)»
Мақсаты: Қазақтың үйі – киіз үйімен таныстыру. Қазір адамдар түрлі үйлерде тұрады, ал бұрын Қазақстанда адамдар жылы, ыңғайлы киіз үйлерде тұрғандары туралы түсінігінін кеңейту. Қазақ халқының салты бойынша киіз үйді жинауды көрсету.
|
1
|
3
|
Тақырыбы: «Жүреді, ұшады, жүзеді» (дидактикалық ойын).
Мақсаты: Балаларға жергілікті жағдайды есепке ала отырып, түрлі көлік құралдарын танып, атауды (автобус, трамвай, жүк көлігі, жеңіл көлік, тік ұшақ, кеме) үйрету. Автокөлік бөлшектерін (кабина, рөл, кузов, есіктер, доңғалақтары) ажырата білуін дамыту. Бағдаршамның қызыл және жасыл түсті белгілерінің мағыналарымен таныстыру. Жол бөлігін (жүру бөлігі және тротуар) ажыратып, атауды үйрету.
|
1
|
4
|
Тақырыбы: «Туған өлке» (саяхат)
Мақсаты: Балаларды тұрғылықты жерінің қала немесе кент атауымен, жақын орналасқан көшелермен, белгілі құрылыстармен (ғимараттар, ескерткіштер, фонтандар) таныстыру. Қала адамдар үшін салынғаны және балалар бала бақшаға, мектепке, ал үлкендер жұмысқа баратыны туралы түсінігін кеңейту.
|
1
|
5
|
Тақырыбы: «Сиқырлы қорапша» (дидактикалық ойын)
(Қазақстанның ұлттық ойыншықтары, орыс матрешкасы)
Мақсаты: Ойыншықтарды қарау және зерттеу, ажыратып, олардың түсін, пішінін, бөлшектерін және бөлімдерін атау, заттарды (ойыншықтар) топтастыра білуін жетілдіру. Қазақ және орыс ұлттарының ұлттық ойыншықтар мәдениетіне баулу. Ойыншықтарға деген қамқорлық қарым-қатынас дағдыларын тәрбиелеу, оларды сақтау ережелерімен таныстыруды жалғастыру.
|
1
|
6
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |