«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ



бет104/238
Дата05.01.2023
өлшемі1.5 Mb.
#468161
түріБағдарламасы
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   238
«мектепке дейінгі балалы ша » республикалы орталы ы мектепке д

Тақырыбы: «Қыс келді, алақай!» (табиғатқа саяхат)
Мақсаты: Балаларға қыс мезгілінің, ауа райының, адамдардың киімдерінде қарапайым табиғи өзгерістерді байқауға үйрету.
Танымдық сипатта сұрақтар қою және қоршаған табиғатқа қызығушылығын тәрбиелеу, арттыру.
Балаларды табиғат пен ауа райының бақылау нәтижелерін белгілеп отыруға үйрету.

1

10

Тақырыбы: «Табиғат бұрышының су патшалығы» (табиғат бұрышындағы балықтарды бақылау)
Мақсаты: Аквариумдағы балықтар туралы балалардың түсінігін анықтау және кеңейту, бақылай білуін дамыту, бақылауда алған әсерлерімен бөлісу. Балаларды балықтарды күтуде шамасы келетін іс-әрекетке қосу. Барлық тіршілік иелеріне қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

1

11

Тақырыбы: «Ауамен танысу» (практикалық іс-әрекет)
Мақсаты: Мектепке дейінгі кіші балалардың логикалық ойлауын дамыту. Тәжірибелік іс-әрекет арқылы балаларға келесі түсініктерді түсіндіру: ауа барлық жерде бар, ол барлығына қажет. Ол — жердегі барлық тіршілік иелерінің өмір сүру шарты.

1

12

Тақырыбы: «Қыстайтын құстар қайда тұрақтайды?»
(табиғатқа бақылау жасау)
Мақсаты: Қыстап қалатын құстар туралы түсініктерін кеңейту. Құстарды сыртқы белгілері (торғай, сауысқан) бойынша ажыратуды үйрету.
Қыстап қалатын құстарды күту (қоректендіру) тілегін тәрбиелеу.

1

13

Тақырыбы: «Гүлдерді суару» (тіршілік бұрышындағы гүлдерді күту – практикалық іс-әрекет).
Мақсаты: Балаларды өсімдіктерді күтуде шамасы келетін іс-әрекеттерге қосу (үлкен жапырақтарды сүрту, суару).
Тіршілік бұрышындағы гүлдерге деген қамқорлық қарым-қатынасын білдіре білуін дамыту. Балаларға табиғатқа деген қамқорлық қарым-қатынас нұсқаларын көрсету.

1

14



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   238




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет