Тақырыбы: «1 саны мен цифры»
Мақсаты: Балаларға құрамында 1 және 1, 1 және одан көп заттар тобын ажыратуды, заттар санын салыстыруды, атауды, топта бір зат бойынша теңдік қалыптастыруды және тобында түрлі заттар бойынша теңсіздік орнатуды үйрету.
1 санымен таныстыру. Қимақағаздағы дұрыс есептеу нұсқасын көрсету (солдан оңға қарай). Өзіне қатысты бағдарлану (оң, сол қол).
Геометриялық пішіндерді бекітуге арналған «Не өзгерді?» дидактикалық ойыны.
|
1
|
4
|
Тақырыбы: «2 саны мен цифры»
Мақсаты: Балаларға құрамында 1 және 2, 2 және көп заттар тобын салыстыруды және теңдік пен теңсіздік орнатуды, заттар санын атауды, санмен белгілеуді үйрету. 2 санымен таныстыру.
Заттарды қалыңдығы мен биіктігі бойынша салыстыруға жаттықтыру.
Уақытты бағамдай білу: тәулік бөліктері («Бұл қашан болады?» дидактикалық ойыны).
|
1
|
5
|
Тақырыбы: «Тар - кең»
Мақсаты: Балаларға заттарды ені бойынша салыстыруды үйретуді жалғастыру. 2-ге дейін санауды бекіту, заттардың барлығын санмен сәйкестендіру. Заттардың ені бойынша ұқсастықтары мен ерекшеліктерін таба білуді бекіту
|
1
|
6
|
Тақырыбы: «3 саны мен цифры»
Мақсаты: Құрамында 2 және 2, 2 және 3 заттар бар топтарды салыстыруға, заттардың санын атауға, теңдік және теңсіздікті орнатуға үйрету, 3 санымен таныстыру.
Кеңістікте бағдарлауға арналған «Ненің қайда тұрғанын тап» дидактикалық ойыны.
|
1
|
7
|
Тақырыбы: «Өзіне қатысты кеңістікте бағдарлау»
Мақсаты: Балаларға өзіне қатысты - «солға», «оңға», «үстінде», «астында» кеңістік бағыттарын ажыруды және айтуды үйрету. Заттарды көлемі бойынша салыстыра білуін бекіту: ұқсастық және ерекшелік қасиеттерін есепке ала отырып, жуан, жіңішке белгілерін салыстыру қабілетін бекіту.
|
1
|
8
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |