Тақырыбы: «Бөлме өсімдіктерін күтеміз»
Мақсаты: Жалпақ жапырақты өсімдіктерді күту ережелерімен таныстыру (жапырақтарын сүрту, суару, жерін үгіту). Табиғаттың бөлігі ретіндегі бөлме гүлдеріне қамқорлық қатынастың үлгілерін көрсету, топтағы табиғат бұрышын жақсартуға талаптарын ынталандыру. Топтағы өсімдіктердің атауларын еске түсіру (фикус, қыныгүл, қазоты, қытай розаны). Өз бетімен іс-әрекетті орындауға, бастаған істі аяқтауға қабілетін және ынтасын тәрбиелеу.
|
1
|
5
|
Тақырыбы: «Жәндіктердің ғажайып әлемі»
Мақсаты: Балаларды жәндіктермен және олармен өзін-өзі ұстау ережелерімен таныстыру. Жер бетінде жәндіктердің атқаратын қызметі туралы түсінік беру. Жәндіктер әлеміне және оларға деген ұқыпты қатынасын дамыту.
|
1
|
6
|
Тақырыбы: «Дәрі өсімдіктер»
Мақсаты: Балаларды гүлдердің жер үстіндегі бөлігінің құрылымы туралы білімдерін бекіту (сабақ, жапырақтар, гүлдер). Дәрі өсімдіктерінің қажеттігі туралы түсінік беру (түймедақ, жолжелкен). Пікір айту қабілетін дамыту (әжелер мен аналар өсімдіктерді не үшін кептіреді). Қоршаған өсімдіктер әлеміне қызығушылықты дамыту.
|
1
|
7
|
Тақырыбы: «Ит пен мысық – біздің көршілеріміз»
Мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту. Бізбен бірге тұратын үй жануарлардың жағдайын бақылауға үйрету. Үй жануарларымен өзін ұстау ережелерімен таныстыру. Үй жануарларына адамның қандай қатынасы болу керек екенін түсінуді тәрбиелеу: тамақтандыру, шомылдыру, қорғау.
|
1
|
8
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |