Экология негіздері
№
|
Мазмұны
|
Ұйымдас-тырылған оқу іс-әрекеттің көлемі
|
1
|
Тақырыбы: «Айналамыздағы әлем – біздің үйіміз»
Мақсаты: Адам мен табиғат арасындағы мықты байланыс туралы ұғымды дамыту, адам табиғатта тіршілік ететіні туралы түсінікті қалыптастыру. Табиғатты өзінің үйі ретінде ұғынуды тәрбиелеу: оның қамын ойлау, қорғау, көмек көрсете білу. Орманда, табиғатта жүріс-тұрыстың ережелерімен таныстыру. Қоршаған өсімдіктер мен жануарлар әлеміне қызығушылықты дамыту, «болады» және «болмайды» дегенді, «қалаймын» және «қаламаймын», «жақсы» мен «жаманды»
түсіне білуді үйрету.
|
1
|
2
|
Тақырыбы: «Кім қайда тұрады?» (мекендеу ортасы)
Мақсаты: Жер бетіндегі (белгілі бір аймақта) тіршіліктің барлығы кездейсоқтық емес, заңдылық екендігі туралы білім беру (балық сусыз, аю ормансыз өмір сүрмейді, т.с.с.). Жануарларға қамқорлық қарым-қатынасын, оларға қамқор болу ықыласын тәрбиелеу. «Төлдерге үйін және анасын табуға көмектес» оқыту ойыны. Табиғатта қауіпсіз жүріс-тұрыстың қарапйым дағдыларын дамыту.
|
1
|
3
|
Тақырыбы: «Табиғи оркестр» (экологиялық-психологиялық тренинг)
Мақсаты: Балалардың сезімдік тәжірибесін кеңейту. Табиғаттың дыбыстарын есту қабілетін дамыту. Ой тұжырымдау қабілетін дамыту үшін жағдай туғызу. Балаларды өзінің сезімдерін білдіруге және табиғаттан, табиғи объекттерден алған әсері жайында әңгімелеуге үйрету. Балалардың табиғаттағы әрекеттері мен жүріс-тұрыстары дұрыс екендігіне сенімдерін күшейтетуге мүмкіндік туғызатын оң баға алу қажеттілігін қолдау.
|
1
|
4
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |